Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Үйде қызмет көрсететін ұйымның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары



бет9/10
Дата13.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#131368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Үйде қызмет көрсететін ұйымның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары

10. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде қызмет көрсету ұйымына жіберуді қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

11. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызмет көрсететін ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.

12. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын үйде қызмет көрсету ұйымына қызмет алушыларды қабылдау үйде қызмет көрсету ұйымына уәкілетті орган ұсынатын мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші (осы стандартқа 1-қосымша);

2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешімі;

3) уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде);

4) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғылықты жерінен анықтама;

6) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін – талап етілмейді);

7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап етілмейді);

8) зейнеткерлік жастағы адам үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

13. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.

14. Жазбаша өтінішті және осы стандарттың 13-тармағында көзделген басқа да құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады және тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін (осы стандартқа 2-қосымша) жасайды.

Тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.

15. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және соларға теңестірілген адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бірінші кезекті тәртіппен көрсетіледі.

16. Қызмет көрсетілетін қызмет алушыларды әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант тіркеу журналына (осы стандартқа 3-қосымша) тіркейді.

17. Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар, мүгедектер мен қарттар жеке адам ретінде есептеледі.

18. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының жасы мен денсаулығының жай-күйі, оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы және басқа да объективті факторлар ескеріледі.



4. Балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан

адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметке жеке қажеттілігін

айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу
19. Арнаулы әлеуметтік қызметке қызмет алушылардың қажеттілігін (түрлері мен көлемін) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер және басқа да үйде қызмет көрсету мамандары (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы мамандары) (осы стандартқа 4-қосымша) айқындайды.

20. Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың қажеттілігін бағалау негізінде әрбір балаға, ТҚА бұзылған бала мен он сегіз жастан асқан адамға бір жыл мерзімге жеке жоспар (бұдан әрі – жеке жоспар) (осы стандартқа 5-қосымша) әзірлейді.

21. Жеке жоспар бала, ТҚА бұзылған бала мен он сегіз жастан асқан адам үйде қызмет көрсету ұйымына есепке қабылдаған күннен бастап оны үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары тексергеннен кейін он жұмыс күні ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлейді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырады және үйде қызмет көрсету субъектісінің басшысы бекітеді.

22. Жеке жоспарда көрсетілген оңалту іс-шараларын үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары жеке жоспарда белгіленген мерзімде іске асырады.

23. Балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жай-күйіндегі өзгерістер тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) үйде қызмет көрсету ұйымының мамандарымен тексеру жүргізуге жатады.

24. Жүргізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары жеке жоспардың орындалуы (мониторингі) жөніндегі журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі –журнал/электрондық картотека) көрсетеді, ол әрбір балаға, ТҚА бұзылған бала мен он сегіз жастан адамға жеке-жеке толтырылады (осы стандартқа 6-қосымша).

25. Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажет болғанда балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жеке жоспарларын түзетеді.

26. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

27. Үйде қызмет көрсету ұйымы мамандарының жұмыс сапасын:

1) жеке даму деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар;

2) білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалар;

3) өзін өзі күту дағдылары қалыптасқан ТҚА бұзылған балалар санының өткен жылмен салыстырғанда көбеюі бойынша үйде қызмет көрсету ұйымы немесе уәкілетті органның басшысы бағалайды.

28. Жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін үйде қызмет көрсету ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарт жасау негізінде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.

29. Үйде қызмет көрсету ұйымының әрбір маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.

Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп отырады.

30. Үйде қызмет көрсету ұйымының әкімшілігі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттерінің сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.



5. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары

31. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:

1) денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;

2) қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне жеке қызмет көрсетушінің және гигиеналық-санитарлық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;

3) қарттар мен мүгедектер үшін қосымша:

үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру;

хат жазу және оқуда көмек көрсету;

ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беру;

ас әзірлеуге көмектесу;

пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу;

киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келу;

кір жууға көмектесу;

тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу;

тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу;

жерлеу қызметін ұйымдастыруға көмектесу (қайтыс болған қызмет алушының туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде) жатады.

32. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) бақылау, төсек режиміндегі және денсаулығының жағдайы бойынша өзін өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);

2) үйден тыс бір елді мекен шегінде, оның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау объектілеріне және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне барарда ілесіп жүру қызмет алушылардың жүріп-тұруы кезінде сақтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

3) пеш жағуға, ағаш, көмір және су тасуға жәрдемдесу орталықтан жылытылмайтын және (немесе) сумен жабдықталмаған тұрғын үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге көрсетіледі.

Бір келгенде 30 кг дейін ағаш пен көмір әкелінеді және 30 литрге дейін су тасылып, күл шығарылады.

4) ыстық тамақ, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізу, ас әзірлеуге көмектесу, киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды қайтып әкелу, іш киімдерді және төсек-орындарды жууға көмектесу, тұрғын жайларды жөндеуді және жинауды ұйымдастыруға жәрдемдесу, тұрғын үй және коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу клиенттерге қалыпты өмір сүру жағдайын жасау мақсатында осы проблемаларды шешу үшін олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін толық және уақытында қанаттандыруды қамтамасыз етеді;

5) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған қарттардың және мүгедектердің туыстары немесе олардың оны жерлеумен айналысуға құлқы болмаған кезде) қайтыс болған қызмет алушының діни нанымы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

33. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтерге:

1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);

2) дәрігерге дейін көмек көрсету;

3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;

4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;

5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

7) қызмет алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;

8) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;

9) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;

10) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;

11) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер);

12) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;

13) үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарында дейін қызмет алушыларға ілесіп жүру;

14) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау;

15) мүгедектер мен қарттарға санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);

16) оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу;

17) отбасы мүшелеріне үй жағдайында жүргізілетін оңалту іс-шараларының негіздерін үйрету жатады.

34. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақытылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;

3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақытылы болуға тиіс және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;

4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және басқа да проблемалар) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;

5) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеуді қоса алғанда, организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысында белгіленген тәртіппен айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;

6) дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;

7) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру жүйелі емдеуді бастағанға дейін қызмет алушылардың қажеттілігін қамтамасыз етеді;

8) протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;

9) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;

10) үйге дәрігер шақыру және қызмет алушыны денсаулық сақтау ұйымына апару қызметі уақытылы көрсетіледі, және де қызмет алушылардың жүріп-тұруы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

11) отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту жүргізілетін үшін медициналық күтім негіздерін үйрету отбасы мүшелеріне қызмет алушыға өздігінше медициналық күтім көрсетуге бағытталған білімнің қажетті көлемін қамтамасыз етеді;

12) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау қызмет алушыларды жүйелі бақылау негізінде қызмет алушылардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды уақытылы анықтауды қамтамасыз етеді және сол сәтте қажетті әлеуметтік-медициналық көмек көрсетеді;

13) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жояды;

14) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтірмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;

15) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы аурулардың уақытылы алдын алуына және ауруларды жоюға мүмкіндік береді;

16) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруге жәрдемдесуі қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етеді.

35. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:

1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;

2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);

3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;

4) психологиялық консультация беру;

5) шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) көмек;

6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;

7) қызмет алушыларға және бірге тұратын отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету;

8) қолайлы психологиялық климат қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету жатады.

36. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) психологиялық консультация беру жанжалдың алдын алу және жою үшін қызмет алушыға ішкі ресурстарын ашу, тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау, оған ішкі ресурстарды ашуға, жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;

2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігін арттыруды және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;

3) қызмет алушының психологиялық диагностикасы үйде қызмет көрсету ұйымның басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.

Психодиагностика қызмет алушының мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін оның психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшелігін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;

4) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;

5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі байқау негізінде психикалық қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызмет алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын басқа да жағдайларды уақытында анықтауды әрі оларға сол кезде қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

6) психологиялық алдын алу жұмыстары мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімін және оларды өзін түзеу және өзінің проблемаларын шешуде пайдалану ықыласын қалыптастыруға, әрбір жас кезеңінде жеке басын психикалық дамыту үшін жағдайлар жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзушылықтарды уақытында алдын алуға мүмкіндік береді;

7) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарға күтім көрсететін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету отбасында қызмет алушылардың денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталуға тиіс.

37. Үйде қызмет көрсету жағдайында балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:

1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;

2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;

3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;

4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі дағдыларының негіздеріне үйрету;

5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;

6) балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне консультация беру;

7) кәсіптік білім алуына жәрдемдесу;

8) ата-аналарына және отбасы мүшелеріне оларды үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету;

9) отбасы мүшелеріне балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға қажетті өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету жатады.

38. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

2) балаларда, ТҚА бұзылған балаларда, он сегіз жастан асқан адамдарда өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық көмек көрсету олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесі, білім деңгейі, физикалық және психикалық жай-күйі ескеріліп жүзеге асырылады;

3) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижесінде қызмет алушылар тамақ пісіру, киім жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді;

4) отбасы мүшелерін қызмет алушыларда қажетті өмірлік дағдыларды оңалту және қалыптастыру негіздеріне үйрету отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту іс-шараларын көрсетуге бағытталған білімдердің қажетті көлемін қамтамасыз етеді.

Отбасы мүшелерін үйрету кезінде балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың жеке ерекшеліктері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің осы рәсімдерге дайындық дәрежесі ескеріледі;

5) отбасы мүшелеріне балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және олардың арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдайлар жасау мәселелері жөнінде консультация беру тәрбиелік жұмыстар мен оқытудың табысты және нәтижелі жүргізілуіне мүмкіндік береді;

6) кәсіптік білім алуға жәрдемдесу ТҚА бұзылған балалардың жеке физикалық және ақыл-ой қабілетін, олардың таңдаған кәсіптері бойынша жұмыс істеуге ықыласын ескере отырып жүзеге асырылады.

39. Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:

1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;

2) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру;

3) мүгедектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жатады.

40. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен жалғастырылады;

2) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне үйдегі еңбекті ұйымдастыру мәселесі жөнінде консультация беру қызмет алушыларға өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде көмегін тигізеді;

3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу кезінде қызмет алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабілеттері, оның таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі ескеріледі.

41. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:

1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;

2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) тарту жатады.

42. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу медициналық-әлеуметтік ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша өткізіледі;

2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағытталады;

3) қызмет алушыларды концерттердің бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге қатыстыру қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді;

4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру ұжымның қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік береді.

43. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;

2) қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады.

44. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушыларға жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу қызмет алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақытылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

2) өзін өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек көрсетеді.

45. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:

1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;

2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;

3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;

4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;

5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;

6) қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;

7) қамқоршы және қорғаншы органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қамқоршылыққа, патронатқа, қорғаншылыққа алуға жәрдемдесу;

8) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға, сондай-ақ стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;

9) кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының, оның ішінде ТҚА бұзылған балалардың тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу;

10) қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәні бар басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу;

11) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін заңгерлік көмегін алуға жәрдемдесу жатады.

46. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіреді;

2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар және басқа да мәселелер) жөнінде консультация беру олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініштер, арыздар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті көмек көрсетеді;

3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негізделеді;

4) құжаттарды (жеке басын куәландыру, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді алуға, бала асырап алуға және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды отбасылық тәрбиелеудің басқа нысандары, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін және т.б.) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету қызмет алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;

5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызмет алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді;

6) отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің құқын қорғау және кінәлілерді жазалау мақсатында сот процесіне қатысуға негізделеді.

7) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберу үшін балаларын, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларын тәрбиелеуден жалтарған ата-анаға ресімделген ұсынымдарда барлық қажетті материалдар болады және ата-аналарды жауапкершілікке тартумен, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелерді одан әрі тәжірибеде шешу үшін негіздеме болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет