Халықтық педагогика – тәрбие тірегі


Қазақ халқының аса бай рухани мұраларының бірі – халық педагогикасы



бет3/5
Дата01.02.2024
өлшемі23.61 Kb.
#490502
1   2   3   4   5
Білім алушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогика

Қазақ халқының аса бай рухани мұраларының бірі – халық педагогикасы. Өкінішке орай, бұрынғы озбыр саясаттың арқасында көптеген жылдар бойы осы асыл мұраны жас ұрпақтың тәрбиесіне пайдалана алмадық. Соның нәтижесінде өзінің ана тілінен, дінінен, ата-баба салты, дәстүрлерінен кенде қалғандар санын көбейттік. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында осы кемшіліктерден арылып, жас ұрпақтарымызды ғасырлар бойы жинаған гуманистік, демократиялық, киелі салттар мен дәстүрлер рухында тәрбиелеу қазіргі басты міндет. Қазақ халқының жас ұрпақтардың тарихи тағылымын әдет-ғұрпы, салт-санасы, жоралғы кәдесі бар. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіне арналған өте құнды, өте пайдалы-өсиеттер, мақал-мәтелдер, қағидалар мен пікірлер көп. Жас ұрпақтың тарихи тағылымын қалыптастыруды географиялық ортаның оның ішінде халқымыздың байырғы жер-су атауларының шығу, қойылуы, аталу себептерін білудің үлкен тәрбиелік мәні бар.
Адам баласы дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеуді талап етеді. «Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» – дейді қазақ халқы. Жерге отырғызған жас көшетте өркен жайған жасыл ағаш болып, тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Олай болса, ұстамды, көргенді, парасатты, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі адамға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгілі, ішкі-сыртқы адамгершілік, эстетикалық саналары биік дәрежеде болуына барлығымыздың да ат салыса қатысуымыз қажет. Орыс жазушысы А.П. Чеховтың мынандай тамаша сөзі бар:
«Адам бойын дағының бәрі де, бет әлпеті де, жан дүниесі де, ақыл ойы да, киім-кешегі де әдемі болуы керек». Сол үшін де өмірдің жарқын сипатын, сұлу сымбатын, қасиетін үнемі басшылыққа ала отырып, халықтық педагогикамыздың бай мұраларын ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз өте қажет.
Халықтық педагогика – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынастарындағы ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың әдетғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, өз салтдәстүрін құрмет тұтуға баулу – ұстаздардың басты мәселесі.
Бүгін де өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті елдер қатарынан көрініп келе жатқан біз үшін ұлттық дәстүрімізді терең меңгеріп, ұлттық болмысымызды сақтап қалу өте қажет деп білемін. Сондықтан еліміздің болашағын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар үшін бұл ең басты міндет деп санап, өз сабағымда осы мәселеге баса назар аударуға тырысамын. Студенттердің санасына терең бойлату үшін күнделікті сабақта тиімді пайдаға асыра білу өте қажет. Мысалы, барлық сыныптарда халық ауыз әдебиеті тарауы беріледі, ал халық ауыз әдебиетін оқытудың өзі халықтық педагогика. Қазақ халқының тәлімдік мәні, ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Халқымыз өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан кезден қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5-6 жасынан ат құлағында ойнай бастайды, бір естігенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді,жыр-дастандарды жаттап алатын болған. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөйлеу корын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқастардың бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған. Сондықтан халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда тек оны оқытып, жаттатып, талдатып қана қоюға болмайды. Сол арқылы тәрбиелеу керек. Ата дәстүрімізді мақтан етіп, оқушы жүрегінде өзінің қазақ болып туғанына мақтаныш ететіндей сезімді оятуымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет