Халықтық педагогика – тәрбие тірегі


Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен басқа ақын-жазушылар шығармаларын оқытуда да халықтық педагогикаға соқпай өтуге болмас



бет4/5
Дата01.02.2024
өлшемі23.61 Kb.
#490502
1   2   3   4   5
Білім алушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогика

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен басқа ақын-жазушылар шығармаларын оқытуда да халықтық педагогикаға соқпай өтуге болмас. Оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығармашылығының элементтерін пайдалану білім алушылардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылады.
Қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесі мен мәдениеті талай халықтардың өкілдерін таң қалдырғаны тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы саяхатшылар мен зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдік этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, ұлттық наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді өмір сүргеніне қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен бейнелеу өнерінің, ауыз әдебиеті және музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таң қаларлық үлгілері туралы таңдай қаға айтып, баяндайды. Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету –ұстаз қауымының ең негізгі міндеті болып табылады.
Бүгінгі жастар ертеңгі болашақ. Сол болашағымыз халықтық педагогиканы бойын сіңірген бәсекеге қабілетті маман, әрі жеке тұлға болып қалыптасса ертеңіміз баянды болар. Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінде «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінен сабақ беремін. Әр сабақта халықтық педагогиканы кеңінен қолданамын. Тақырыпқа байланысты халықтық педагогиканы жоғарыда атап кеткен үлгілерін қолдану білім сапасын көтерумен қатар, тәрбиеге де әсер етеді.
Колледж студенттері болашақ маман иелері. Қоғамдық ортада, ұжымда өзін ұстай білуге, кәсіби этикетті сақтап, мәдениетті, әрі сыпайы қарым-қатынас жасауға, үйлесімді де, әдемі киінуге колледж қабырғасында тәрбиелейміз.
Студенттерімізді ұлттық тәрбиеге баулу тек сабақта ғана емес сынып сағатында, сыныптан тыс шараларда да жүзеге асады. «Қаржы»«Баспа өндірісі» мамандықтарында оқитын үшінші курстың топ жетекшісімін. Жоспар бойынша бекітілген сынып сағаттарын халықтық педагогикамен байланыстырып отырамын. Мысалы, «Жағымсыз әдеттерден арылуға бола ма?» сынып сағатында «Дені саудың жаны сау»«Денсаулық зор байлық» сияқты денсаулыққа, салауатты өмір салтына байланысты мақал-мәтелдерді, ақын-жазушыларымыздың өлең-жыр, шығармаларын тәрбиелік мақсатта қолданамын.«Әсемдік әлемі» сынып сағаты студенттерді әсемдікке, эстетикаға, жүріс-тұрыс мәдениетіне баулиды. Қазақ халқы әдемілікке, эстетикаға үлкен мән берген. Қолөнерден бастап, ауыз әдебиетін, ақын-жыраулар жырларын осы тақырыпқа арнаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет