Халықтық педагогика – тәрбие тірегі


Халықтық педагогиканы қазақ тілі және әдебиет пәнінің әр сабағында жүйелі түрде кіргізіп оқытуға болады



бет2/5
Дата01.02.2024
өлшемі23.61 Kb.
#490502
1   2   3   4   5
Білім алушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогика

Халықтық педагогиканы қазақ тілі және әдебиет пәнінің әр сабағында жүйелі түрде кіргізіп оқытуға болады. Табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсінуге, эстетикалық талғамын дамытуға халықтық педагогиканың тәжірибесі өте бай. Баланы сергек сезімді, еңбексүйгіш азамат етіп тәрбиелеу ісін, оның жас ерекшелігін ескере отырып жүргізген жөн. «Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бестен асқан соң, досыңдай бағала», – деген халық мәтелі баланы беске дейін еркін тәрбиелеудің, он беске дейін көмекшің деп қарауы, он бестен асқан соң, ақылшың деп санауды меңзейді. Ал, бұл ғылыми педагогикадағы баламен еркін сөйлесу, тең азамат санау, ашық сырласудың тәрбиелік мәнін қоштайтын ашық пікірлесу. Халық педагогикасында тәрбиелеу ісін баланың жас ерекшелігіне сай жүргізумен бірге, жеке бас ерекшелігін ескере отырып жүргізу қажет, барлық адамның мінез-құлқы, қабілеті бірдей емес. Олай болса, бала мінезін жете түсініп, өзгешелігін еске ала білу керек. Баланың тәрбиесі туған өскен ортаға, атаанаға, үлкендерге, олардың үлгісіне байланысты.
«Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге» – деу арқылы халқымыз ата-ананың, үлкендердің жас ұрпақ тәрбиелеудегі орнын көрсеткен. Қазақ халқы ұстаған қағидасын, түйген философиялық ойын жан-жақты қарастырып бір ауыз сөзге сыйғызып бере білген.
«Адамға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата-анадан, ұстазынан, құрбы-құрдасынан» – деп ойшыл Абай атамызда өте дұрыс айтқан. Осы пікірді халық педагогикасында: «Ұстазына қарай шәкірті»«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»«Аға-жаға, ұстаз-пана», – деген мақал-мәтелдер арқылы құптайды. Бірақ құрғақ өсиет, құнсыз уағыз арқылы емес, жеке бастың үлгісімен, тапқыр тәсілімен тәрбиелеу орынды. Халық педагогикасында мынау – ақыл-ой тетігі, мынау – эстетикалық тәрбие құралы дейтін жекеленген тәрбие құралы жоқ. Кез-келген тәрбие құралына талдау жасасақ, ақыл-ой, дене, еңбек, адамгершілік тәрбиелері іштей сабақтасып, араласып жатқанын көреміз. Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілдік, мейірімділік, иман жүзділік қасиеттердің бәрі де ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайды. Ар тазалығы өзгеге қиянат жасамауға, шыншыл болуға баулайды. Ұлттық табиғатымызға сай келмейтін педагогикадан гөрі халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасының негізгі мақсаты – өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты өнер-білім меңгеруге, еңбек етуге, ауыл-аймақтың, өз Отанның ар-намысын қорғауға, адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылады. «Болашақ бүгіннен басталады» демекші, сол болашақтың адамдары қай жағаның болса да тамаша адам болуы тиіс. Олар әр жақты келісті адам болуы керек. Ол тек еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған, ақылды болып қана қоймай, сонымен бірге тәрбиелі, көркем де әсем болуы қажет. Қазақ халқы әсемшіл халық, рухани мәдениет жасауды басты міндеттердің бірі деп санайтын халық. Сол үшін де өмірдің жарқын сипатын, сұлу-сипатын, моральдік қасиетін үнемі басшылыққа алу керек. Кез келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшелігі болатын секілді, қазақ халқының да сан ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі қалыптасқан. Жас ұрпаққа ізгі тәрбиелерді қалыптастыруда ғұлама ғалымдар, шешендер мен билер, ақын-жыраулар, сал-серілердің өзіндік сара жолдарының болғаны, олардың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлерін, өнегелі істері бүгінгі ұрпақтың рухани, мәдени жетілуіне саналы, білімді де мәдениетті тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетіндігі даусыз. Бүгінгі адамның өмірі мен әрекетінде ұлттық эстетика тәрбие ар-намыссыз тіршілік етуге болмайтындығы шындық. Сондықтан жас ұрпақтың тәрбиесі ұлттық-халықтық педагогиканың қажеттігін туғызып, дамыту және қалыптастыру әлеуметтік сұранысқа айналуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет