Осы тақырыпты
өткенді халқымыздың ұллтың киіз үйі туралы айтып кету керек. Оқушыларға :
Киіз үйі пішіне қандай денелерден турады? (цилиндр, қиық конус)
Киіз үйдың бөліктерінде қандай геометриялық фигуралар кездеседі?(параллелограмм, шеңбер, төртбұрыштар, сынық, кесінді)
Халқымыздың бала тәрбиесінде атам заманнан жинаған мол тәжірибесі бар. Оны ең жақсы қасиеттермен байытып, ұл қыздарының бойына сіңіру, ұлттық тәрбие беруді саралап, ұлттық тәлім тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамыту және оны ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру көзделеді.Осыны ескеріп математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі
өмір тәжірибесінен, салт дәстүрлерінен, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерінен көрініс бере отырып оқытқан тиімді. Математика сабақтарында халық педагогикасының тағы бір элементті ол-
ұлттық ойындар . Мысалы , 6-сыныпта «Жақшаны ашу.» тақырыбын өткенде . Сыныпты екі топқа бөлу. (оқушылар сапқа тұрып , санау жүргізеді, бірақ әдеттегідей «бір», «екі»-нің орнына «ай», «күн»-деп бөлінуге болады). Сәйкесінше топтардын аттары «Ай» және «Күн» болады.
І.Үй жұмысын тексергенде оқушыларға дайындалған сұрақтарына
жауап алып ғана қоймай «Арқан тарту» ойыны ретінде ұйымдастыруға болады. Ойын ережесі:
1.Тақтада лента(«арқан») тартылып тұрады, ортасында қозғалатын зат болады (мысалы: гүл, көбелек т.с.с)
2.Әр топ кезекпен жауап береді.Егер жауаптары дұрыс болса , онда жаңағы затты өз топтарына қарай тарттады.
3.Соңында зат қай топ жағында болады сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
- Өрнекті ықшамдау дегеніміз не?
-Таңбалар ережесін айтып беріңіз.
-Қандай қосылғыштарты ұқсас деп атаймыз?
-Ұқсас қосылғыштардың айырмашылығы неде?
-«Ұқсас қосылғыштарды анықтау» дегенді қалай түсінесің?
-Жақшаларды ашу ережесін айтып беріңіздер.
-Өрнекті ықшамдауда қандай заңдарды қолданамыз?
- Коэффициент дегеніміз не?
Сабақтың келесі кезеңінде: ІІ.Есептер шығару оқушылармен
«Қыз қуу» ойыннын өткіземіз.
Ойын ережесі:
1.Тақтаға теңдеулерді шығару үшін әр топтан бір кыз , бір ұл шығады.
2.Егер
қыз жылдам және дұрыс шығарса, онда ол ұлды қамшымен
сабалайды.
3. Егер ұл жылдам және дұрыс шығарса , онда ол қызға жылы лебіз айтады.
4.Ойында кім аз қамшы «жеген» топ жеңіске жетеді.
«Ай» тобы
|
«Күн» тобы
|
1) а+(-3b+2a)
2) 4a+12-6a-11
|
1)b+(-7m+2n)
2)-8x+5a+3x+5,2a
|
3 )-x-(-3p-2y)
4)5m-3m-5
|
3)-y-(-5n-3x)
4)6n-4n-3
|
5)10x-4+4x+6x+2x
6) (b-9)-(13-2d)
|
5)12a-4+4a+16a+2a
6) (c-8)-(12-10d)
|
7)(x-5)-(7-x)+(9+x)
8) 2k-2,6f+4,5k+2f
|
7)(y-4)-(8-y)+(6+y)
8) 3k-2,8m+6,5m+4k
|
Келесі ойын
«Орамал тастамақ»
Ойын ережесі:
Бір топтан бір оқушы келесі топтағы оқушыға орамал тастайды және сұрақ қояды
Орамал алған оқушы сұраққа жауап береді . Егер бере алмаса , өз тобындағы балалардың біреуі жауап беру керек.
Жауап берген оқушы қарсылас топтағы оқушыға орамал тастайды. Осылай жалғаса береді.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен ұштастыруына мүмкіндік туғызады. Ойын есептеріоқушының ой-өрісін, ізденімпаздығын дамытуға арналған логикалық есептер қарастырылған. Логикалық есептер оқушының тереңнен ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.
Математика сабағында тағы басқа ұлттық ойындарды өткізуге болады. Мен өз тәжірибемде қолданатын ойындар, олар
«Құнды сәукеле». Ойын шартты бойынша оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. А-деңгейі –күміспен көмкерілген, В-деңгейі –алтынмен
безендірілген, С-деңгейі – жоғары бөлігі гауһар тастармен жарқыраған.
А-деңгейі «Күміс»
|
В-деңгейі «Алтын»
|
С-деңгейі «Гауһар»
|
5-(3+x)
-x+(x+2,7)
(a-b)+(c-d)
|
12-(15+x)
-2x-(-4x+3,9)
-2+(3,1-x)
a-(b-c)+(m-n)-(x+y)
|
-(a-b)+(c-d)
(x+y)-(a+b)
(c-d)+(-x+y)
-(m-n)-(-2m+3n-12,9)
-a-(-b-c)+(m-n)-(-x+y)
|
Сабақты бекіту кезінде
«Ақ сүйек» ойынын өткізуге болады.
Ережесі : әр топқа адасқан 3-5 математикалық ұғымдар беріледі. Сосын сол ұғымға тиісті ережесін немесе қасиеттерін айту керек. Мысалы :