Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында қолдану XX ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»



бет7/13
Дата30.04.2023
өлшемі0.56 Mb.
#473029
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
1a8a7fbd2edb5180cccc885da172a3073d6de106

«Жүз қаз» есебі.
Келеді үшып бір топ қаз
Суалып көлі болып саз.
Ескі жерге оралмақ, 
Мүны білмей жалғыз қаз.
Есенсіз бе, жүз қаз,
Деді келіп бір қаз.
Мойнын бұрып бастаушы, 
Білдірді оған былай наз.
- Топқа тағы осындай
Жетпей түр ғой қосылмай.
Оның және ширегі
Болсын жарты керегі.
Өзің жалғыз кезіккен, 
Қосыларын сезіп пе ем?!
Бәрін бірге жинайық, 
«Жүз» атауын сайлайық, 
Қанша едік баста біз?
Деп Сізді де қинайық.
Жауабы: 36 қаз.
«Туынды», «Алғашқы функция», «Интеграл» - тақырыптарын өткенде оқушыларға осы тақырыптар бірінің – бірі жалғасы екенін түсіндіре келіп, өмірде де осындай жалғасы бар «Ата - әке – бала» ұғымдармен салыстыра кетемін. Осыған байланысты жұмбақтар:
- Атадан он баламыз
Бір – бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіпте аламыз.(цифрлар)
Атасы қалғып мүлгиді
Әкесі зорға жылжиды
Ағасы – шабан, өзі жорға,
Інісі жылдам, баласы жүйрік,
Зымырап тұрған.
(жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд)
Наурыз жұмбақ
Наурызжұмбақ дегеніміз- наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғатқұбылысына, бұл айдағы амалдармен ауа-райының өзгерісіне байланысты айтылатын жұмбақ-өлең.
Атасы мен анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы.
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,елу екі қарашы .
Жауабы: Күн мен Ай, жылдағы 365 күн,12 ай, айдағы 30 күн, жылдың аяғында қосылатын 5 күн, жыл ішіндегі 52 апта.
Математика сабақтарында –саяхат сабағы түрінде өткізу кезінде , келесі тарихи оқиғадан бастауға болады.
Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп, батасын алып қайт» деп,Төле биге жұмсапты. Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем-сәуқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте дана қартқа мынадай сауалдар қойыпты.
Райымбек:
-Жер деген немене?
- Елім деген немене?
- Жер сәні деген немене?
- Ел сәні деген немене?
- Жерді не көтереді ?
- Елді кім көтереді ?
Төле би:
-Жер дегенің –тіршілік.
-Ел дегенің –қара халқың.
-Жер сәні- ұщқан құс пен жүрген аңы, аққан суы,жайқалған шалғыны, ну орманы.
- Ел сәні – өркендеп өскен ұлы мен қызы. Жер құты- қойнаудағы кені.
-Жерді су көтереді.
-Елді ер көтереді ,-деп жауап берген. Расындада , жер – елдің тұрақ мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірерордасы. Сондықтан да бабаларымыз «Жер-тіршілік, жер- қазына» деумен бірге «Жер – қазынаның басы» деп те даналық ой түйе білген.
Қазақ елінің математиканы оқыту әдіс-тәсілдерінде өлең есептерді пайдалануда кездеседі. Математика тарихын мектеп математикасында оқытудағы маңызы жөнін белгілі математик-педагог Ә.Сабалақов: « Мұғалім тек оқулық бойынша оқытып қоймай,сабақта әртүрлі оқыту материалының шығу тарихын, өмірдегі пайдасын қысқа және қызықты түрде айта білсе,сабақ мәндіөтеді, оқушылар жан-жақты білім алады және оқушылар алдында мұғалімнің беделі де артады»-депті. Осыған байланысты «Сандар әлемінде» оқушыларға арналған ғылыми-практикалық конференция өткіздім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет