Этнопедагогиканың зерттеу обьектiсi – халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсiлдерiне негiзделген бай тәжiрибесiнiң эмпириялық жиынтығы.6
Этнопедагогика пәнiнiң мақсаты – халықтық салт-дәстүрдi, ұлттық өнердi дәрiптейтiн, ана тiлi мен дiнiн қастерлейтiн, отанын, елiн, жерiн сүйетiн жан-жақты жетiлген, саналы, намысқой азамат тәрбиелеу.6
Әр ұстаз өз шәкірттерінің білімінің неғұрлым жоғарғы болуын, салыстыру, талдау, қорытынды жасау және ойлау қабілетінің шығармашылық тұрғыда кең болғанын армандайды.Сонымен қатар қазіргі қоғам - жастардан білікті маман болуды талап етеді. Содай-ақ қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін, әсіресе, мемлекеттік тілді жақсы білуі керек. Осы жерде біз этнопедагогикалық құзіреттілікке тоқтайық. 7.Этнопедагогикалық құзіреттілік деп біз белгілі бір білімнің жиынтығын түсінеміз, халық туралы дағдылар мен әдеттер, атап айтқанда этникалық спорт және дене шынықтыру жаттығуларының дәстүрлі түрлері туралы білім; білімалушылардың бойында отансүйгіштік, толеранттылық, әділдік, өзара сыйластық сияқты адамгершілік қасиеттерді дамытуға мүмкіндік беретін, адамды қазақ халқының құндылықтарымен таныстыруға және олардың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ал қазақ халқының мәдениеті ерекше, сирек кездесетін, төлтума. Ол салт-дәстүрде, әдет-ғұрыпта, еңбекте, дене шынықтыруда, соның ішінде этникалық ойындарда бейнеленген. Ал ғылыми әдебиеттерде этникалық ойындар әдетте этноспорт ретінде түсіндіріледі. Этноспорт (халық спорты, ұлттық спорт түрлері, дәстүрлі спорт түрлері) – дәстүрлі ойындар мен жарыстардың түрлері. Слайд 8
Ғасырлар бойы дамып келе жатқан этноұлттық дене шынықтыру рөлінің теориялық және практикалық маңызы бар. Этнопедагогиканы зерттеу базалық және арнайы пәндермен, «Педагогика», «Мәдениеттану», «Психология», «Дене шынықтыру теориясы», «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі», «Массаж», «Анатомия», «Биохимия» және т.б. пәнаралық байланыста. Сіздер осы ұғыммен келісесіздерме?
Ежелден қазақ халқының рухани-адамгершілік, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет ететін ойын-сауық, ойын және спорттың қоғамдық өмірінде маңызы зор. Халықтың дәстүрлі дене шынықтыруының этнопедагогикалық құралы болған «Күрес», садақ ату, ат жарысы және халықтық ашық ауада ойындарынсыз бірде-бір ұлттық мереке өткен жоқ, әлі де солай. Осының ішінде ұлттық спорт түрі «Күресті» алайықшы. Күреспен белсенді түрде айналысу жүйелі түрде арнайы дайындықты, үлкен дене шынықтыруды қажет етеді және ерік-жігер, батылдық, өзін-өзі ұстай білу, алғырлық, өзіне деген сенімділік сияқты қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді. Бұл жерде негіз болып тұрған: төзімділік және тәртіп. Олай болса, халықтық дене шынықтырудың озық дәстүрлері қазіргі жағдайда білімалушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қуатты құралы ретінде қызмет етуге толық негіз бар.
Соның жарқын мысалы ретінде халықтық дене шынықтыру дәстүрлері рухында тәрбиеленген аты аңызға айналған балуандар Балуан Шолақ пен Қажымұқан Мұңайтпасовты келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |