Хамзина Дамира 710 воп


Лабораториялық зерттеулер



бет2/3
Дата07.02.2023
өлшемі22.28 Kb.
#469219
1   2   3
кейс 3 Хамзина Дамира

Лабораториялық зерттеулер:


Жалпы қан анализі: гемоглобин 120 г/л ,эритроциттер 4,9х1012 /л, лейкоциты 4,3х109 /л, сегментоядролы таяқшалар 76% ,лимфоциттер 21%, моноциттер 3%, ЭТЖ 10 мм/сағ
Жалпы зәр анализі :түсі сабан сары,С/қышқыл реакциясы,ақуыз жоқ,тығыздығы 1018,микроскопиялық зерттеуде,жазық эпителий 0-1 в көру аймағында
Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 54,6 г/л, мочевина 6,3 ммоль/л креатинин 72,5 мкмоль/л,глюкоза 4,8 ммоль/л, фибриноген 4,0 г/л,жалпы холестерин 9,6 ммоль\л.Қорытындысы: жалпы холестериннің жоғарлауы


Сұрақтар:
1. Болжамды диагнозды тұжырымдаңыз және негіздеңіз.
2. Қажетті қосымша зерттеулерді атаңыз
3. Осы аурумен дифференциальды диагностика жасаңыз
4. Осы науқасқа қатысты өз тактикаңызды анықтаңыз, емдеу принциптерін айтыңыз.


Жауаптары:
1.Болжамды диагноз:ИБС. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақты брадисистолалық форма, ІІ сатыдағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі. АГ II дәрежелі,дигиталисті интоксикация.
Диагнозды негіздеу:

  • Шағымдар негізінде: жүрек айнуына, тәбеттің болмауына, бір рет құсуға, жүректің тоқтап қалуына, аздап физикалық жүктеме кезінде ентігуге, аяқтың ісінуіне шағымданады

  • Ауру анамнезі негізінде: 30 жыл бойы гипертониямен ауырады, екі рет миокард инфарктісі болды, содан кейін жүрек жеткіліксіздігінің белгілері пайда болды. Науқас күнде аспиринді 100 мг, периндоприлді 4 мг, дигоксин 0,25 мг және аптасына екі рет 40 мг фуросемид қабылдайды. Артериальды қысымы 160\100 мм.сын.бағ. дейін көтеріледі

  • ЭКГ негізінде: фибрилляциясы 48-56 рет минутына, қарыншалық экстрасистолалар 4 рет 1 мин ішінде, QT-нің 0,52 с дейін ұзаруы, ST-нің 1 мм-ге төмендеуі және барлық сымдарында тегістелген Т, сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері бар

2. Қажетті қосымша зерттеулер:

  • Аш қарынға глюкозаны тексеру

  • Қандағы калий мөлшерін тексеру

  • Гипофиз бен қалқанша безінің гормондарына тексері

  • Липидті спектр(ЛПНП,ЛПВП,триглицериттер)

  • Транслокальды ЭхоКГ

3. Дифференциальды диагностиканың негізгі әдісі ЭКГ-да жүрекшелер толқындарымен, синусты емес ритммен анықтау болып табылады, осыған байланысты дифференциалды диагноз ЭКГ деректеріне сүйене отырып жүргізіледі: жүрекшелер тахикардиясы, жүрекшелер дірілі, жиі жүрекшелік эктопия, антриовентрикулды түйін арқылы қос антеградтық өткізу. Жүрекше тахикардиясы мен жүрекшелер діріл кезінде жүрекшелердің ұзартылған циклі ≥200 мс жиі кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет