АЛҒЫ СӨЗ
Адамзат игілігі үшін жан-жақты қызмет атқаратын тілді әрі таза,
әрі көркем, әрі өткір, әрі әдеби дәрежеде және халық тілінің шұрайлы
байлықтарымен сусындаған, екшеленген, белгілі бір нормада сауатты
қолдана білу – үлкен мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениетті адамның
бір қыры – тіл мәдениетінің жоғары болуы. Адамның сөйлеу
шеберлігі, жазу сауаттылығы – ұлттық мәдениеттің де көрсеткіші.
Д.Э. Розенталь сөзімен берсек, «Мәдениетті сөз – ұлттық дәстүрмен,
мағына дәлдігімен, сөздік қорының кеңдігімен, грамматикалық
сауаттылықпен, әдеби мәнерлілігімен ерекшелене алатын сөз».
Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. Демек,
сөйлеу мәдениеті дамымайынша, жоғары ақыл мәдениетіне жету
мүмкін емес, сондықтан тіл тазалығы үшін, мағына дәлдігі үшін, тіл
өткірлігі үшін жүргізілетін жұмысты мектептің бастауыш сатысынан
бастап-ақ, қазақ тілі пәнін оқытуда қолға алған жөн. Мұнда бастауыш
сынып мұғалімінің атқарар жүгі ауыр, әрі зор.
Тұңғыш елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттық сана ұлттық тілмен
қалыптасады» деп айтқанындай, ана тілі арқылы балалар тіліндегі
дүниенің тілдік бейнесін ұлттық тағылым мен тәрбиеге, ұлттық ойлауға
сай қалыптастыруынан саналы ұрпақ тәрбиелеу жүзеге асады.
Оқу-әдістемелік құралда қазақ тіліне арналған тапсырмалар
жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес жасалды. Бұл оқу-
әдістемелік құралдың мақсаты – түрлі деңгейдегі тапсырмалар
үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының ана тілін жетік,
терең
меңгеруіне,
ұлттық
танымдық
көкжиегін
кеңейтіп,
интеллектуалдық
деңгейін
көтеруге
көмектесу.
Танымдық
тапсырмалар жеңілден-күрделіге қарай бағытталған. Оқушылар
қоршаған ортаның қыр-сырын түсінеді. Жоғары сыныпта бастауышта
алған білімін дәлелдей алады.
Тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылар теориялық
білімдерін тәжірибеде тез әрі дәл қолдана алу, дағдыларына ие болады:
Біріншіден, тапсырмалар оқушының білімін нақтылайды, әрі
нығайтады.
Екіншіден,
өздігінен
жұмыс
істеуге
жаттықтырады,
коммуникативтік дағдыларын дамытады.
Үшіншіден, ұлттық менталды ойлауын, ұлттық танымын кеңейтеді.
Төртіншіден, сыни ойлауға жетелеп, шығармашылыққа баулиды.
|