2. PhD докторантураға түсушілерге дайындық деңгейіне міндеттеме
Докторантураға азаматтарды қабылдау реті жоғарғы оқудан кейінгі білім берудің профессиональды оқу программаларын іске асыратын білім беру ұйымының қабылдаудың Типтік ережелерімен бекітіледі. PhD докторантурада білім меңгергісі келген тұлғалардың білім деңгейі 6D0608000-Экология, 6D073100- Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
Докторантура бағдарламасын оқитындар үшін келесідей курстарды оқу міндетті болып табылады:
«6D060800 – Экология» мамандығы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасы оқу бағдарламасының негізінде құрылды: Қоршаған ортаны қорғау және биологиялық алуантүрлілікті сақтау; Табиғатты пайдаланудың экологиялық-экономикалық негіздері; Биологиялық және шикізат ресурстарын тиімді пайдаланудың жаңа технологиялары.
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Қоршаған ортаны қорғау және биологиялық алуантүрлілікті сақтау» пәні
Ағзалардың қауымдастықтағы өзара қарым-қатынасы. Өзара қарым-қатынастардың негізгі түрлеріне мысал келтіру. Қауымдастықтың трофикалық құрылымы. Экожүйенің өнімділігі, өнімділік түрлері. Экологиялық пирамидалар және оның түрлері.
Жануарлар, өсімдіктер әлемі және олардың экологиялық жағдайы. Қазақстанның фаунасын, орман экожүйесін, флорасын және су өсімдіктерінің инвентаризациясы (түгендеуі). Қазіргі жағдайын бағалау және биоалуантүрлілікті сақтау жолдары.
Биоалуантүрлілікті сақтау, сақтаудың басымдықтары. Агроэкожүйелер және in situ жағдайындағы экожүйенің агроалуантүрлілігін сақтау. Жергілікті жабайы жануарлар түрін және мәдени өсімдіктер түрін сақтау.
Су және жағалау экожүйелері. Экологиялық жағдайы. Балқаш және Алакөл көлдерінің биоресурсын тиімді пайдалану, биоалуантүрлілігін сақтау және олардын шөлге айналудың алдын алудағы маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |