A B
O t
F C
ОА – реобаза
ОД–екі реобаза
ОС–әсердің пайда болуы
ОF–хронаксия
Тітіркендіргіштің әсері, оның күшіне ғана байланысты емес, сонымен қатар оның ұзақтығына да байланысты.
«Күш пен уақыт қисық сызығында» абцисса бойымен уақыты, ал ордината бойымен реобаза көрсетілген.
Бір реобазаға тең күш ОА жұмсап, тінді қоздыру үшін оның әсері ОС мс- ке созылуы қажет. Егер де бұл күштің әсері одан сайын ұзарса пайдасыз жұмыс. Қисық сызық абцисса білігіне жарыса (паралель) орналасады. Сондықтан ОС мс әсердің пайдалы уақыты болып есептеледі.
Ал, тітіркендіргіш күші екі есе жоғарлатылса (екі реобазаға дейін), пайдалы уақыт қысқарып кетеді. (OF мс). Тітіркендіргіш күші одан әрі жоғарлатылса, әсердің пайдалы уақытын көрсететін сызық ординат осімен жарыса (паралель) орналасады.
Қорытып айтсақ, әсердің пайдалы уақыты деп белгілі бір тінді қоздыратын бір реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОС) айтады. Ол мин, мсек есебімен белгіленеді. Тін неғұрлым қозғыш болса, әсердің пайдалыуақыты соғұрлым қысқа болады. Әсердің пайдалы уақыты кейбір тіндерде өте ұзақ болуы мүмкін.
№ 3 Тапсырма. Суретті қарап, мембраналық тыныштық потенциалының мәнін анықтайтын негізгі факторларды жазыңыз.
- Мембрананың сыртқы беті оң, ішкі беті теріс зарядтты болуы
- Na+ иондары мембрана арқылы тез өтеді, ал К+ катионы баяу өтеді
- Тыныштық күйде жасуша ішінде калий ионы көбірек, ал жасушаның сыртында натрий, кальций, хлор иондары көбірек болады
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№4 Тапсырма. Төменде көрсетілген сызба нұсқадан әрекет потенциалының кезеңдерін белгілеп көрсету. Кестені толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |