Тоқтар Әубәкіров ғұмырнама
Тоқтар Әубәкіров 27.07.1946 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы 1-Май ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, 1998 жылы техника ғылымдарының докторы, 1997 жылы профессор,1990 жылы Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшы, 1992 жылы авиция генерал-мойор, 1988 жылы Кеңес Одағының Батыры, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы,1995 жылы ҚазақстанРеспублмкасының ұшқыш-ғарышкері. 1962-65 жылдары Теміртау құйма-механикалық зауытында токарь болды, 1964 жылы есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды.1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыш тар училищесін бітірген.1969-75 жылдары Кеңес Одағы әскери-әуе күштерінің Қиыр Шығыс әскери округінде ұшқыш,звено командирі, эксадрилья командирінің орынбасары.1976 жылы Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін , 1979 жылы Мәскеу авиация институтын бітірген. 1976-92 жылдары Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы. Әубәкіров
1998 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.
1989 жылы бірінші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасы «МиГ 29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай –ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, солжылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі Жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреті алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. .1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды.Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы күштердің әскери даярлығын жетілдіуге , әскери-патрииоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992-93 жылдары Қазақстан Республиекасы Қорғаныс министрлігінің 1-орынбасары, 1993-94 жылдарыҚазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттінің бас директоры, Ғылым және жаңа технонлогия министрінің орынбасары, 1994-95 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті кеңесшісі.
Шешім:
Білімді ұрпақ ел келешігі. Бәйгеге түсіп өз бағыңды сына.
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Г.Мухтарова
Хатшысы: Ф.Әбдірахман
Достарыңызбен бөлісу: |