Хаттамасы №___
«Даму мектеп-лицейі»
8 «Ә» сыныбы
Күні:
Жалпы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Күн тәртібі:
«Оқымысты оқушы» тәрбие сағаты.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша 8 «Ә» сынып жетекшісі Ф. Әбдірахман өтілетін тәрбие іс-жоспарымен таныстырып өтті.
ҚР –ның Мемлекеттік рәміздері оның құрылу тарихын,мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;
Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін қалыптастыру. жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ ол мұндай дәрежеге оп - оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата – бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр - қайрат көрсетті. Ұлан байтақ жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап, болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттілігін қалпына келтіре алды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды. Рәміздер – бұл адамдар топтары үшін ерекше мән - мағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер.
Шешім:
Болашақ жастардың қолында.
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Г.Мухтарова
Хатшысы: Ф.Әбдірахман
Достарыңызбен бөлісу: |