ұшыратқан жауыздарға нәлет айтылады, "қараңғы түнек серпіліп, бостандық таңы ататын
күнді кереміз бе?" деген арман сезіледі. Ақындар кебінесе "кемесі тәуекелдің суға кетпес",
"алдынан үміт етіп отырмыз", "үзілмесін күдері" деген жігерге толы үмітті байлам
жасайды.
Жоғарыда айтылған қоштасу, жоқтау, жұбату жырларының түп негізі әріден
басталып, түр мен мазмұн жағынан өзара ұқсас болып отырса да, 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтерілісіне байланысты бұл жырлардың әлеуметтік мәні артып, өткірлене түсті. Бұрынғы
жырларда әлсіздік пен дерменсіздік, "жасаған иеге" жалбарыну сарыны басым болып
келсе, ал 1916 жыл поэзиясында бұл жанр жауыздық пен әділетсіздіктің иесін танып,
отаршыл патшаға қарсы күреске үндеді.
Езілген елдің ыза-кегін қозғап, аңсаған
азаттықтың тек күреспен келетінін аңғартады.
Үшінші топқа жататын: Б.Берденовтың "Он алтыншы жыл", Есқайырдың "Зарлы
заман кезінде", Т.Өмірбаевтың "Жатқан жерім казарма", М.Жаңабаевтың "Ұзақ жолға
аттандық",
Ж.Қалымбетовтың
"Қайғының
жылы
туғанда",
Ә.Аманжолов
пен
Б.Қарамолдаевтың "Еріксіз кетіп елімнен" сияқты жыр-толғаулары майдан өмірін
бейнелейді. Бұл жырлардың басым көпшілігі ең алдымен сол кездегі көтеріліс пен ел
жағдайын, жігіттердің ел-жұртымен қоштасуын сипаттап алып, содан соң ел-жұртқа
таныс емес майдан емірін суреттейді. Осы толғау-дастандарды шығарушылардың бәрі де
майдан жұмысына алынып, соғыс өмірін ез көзімен көргендер, сондықтан бұл
шығармаларда қазақ жігіттерінің жат жерде жүрген қара жұмыстағы күйі
шындықты
түрде көрсетіледі. Аталған жыр-толғаулардың ішінде Б.Берденовтың "Он алтыншы жыл"
атты дастаны майдан өмірін мол қамтуымен, соғыс көріністерін нақты суреттеуімен
құнды. Поэма он алты бөлімнен тұрады. Ақын приемға алынған жігіттердің бір айға жуық
ұзақ сапар шеккенде көрген қорлық-азаптарын, жол әсерлері мен майдан көріністерін
желілі түрде тізбелеп, күнделік тәрізді етіп өлеңге түсірген. Сондай-ақ поэманың
"Алғашқы әсер" деген тарауында қазақ жастарының ауылдаған оқ астында еріксіз тас
төсеп, жол салып жүргені, олардың соғыстағы ауыр жағдайы шынайы да шындықты
бейнеленген. Поэманың тақырыбы сонылығымен ерекшеленеді. Ақын майдандағы
жігіттердің өмірін суреттегенде соғыс техникасына байланысты
орыс тіліндегі жаңа
атауларды да, кейде тұтас сөз тізбектерін де қолданып отырады. Автор кейбір сәтте орыс
сөздерін тіпті ұйқас құрау үшін өдейі алып отырады. "Режим, жизнь, большевизм,
закондарын, погондарын" тәрізді сөздер мен сөз тіркестері соған дәлел. Б.Берденовтың
"Он алтыншы жыл" дастаны — әдебиетімізде тұңғыш сұрапыл майдан өмірін шынайы
көрсетіп, көркем суреттеген туынды болумен бірге, жанры жағынан да жаңалықтары бар,
күнделік-мемуарлық нышандары байқалатын соны шығарма.
Төртінші топқа, ел мен майдан арасындағы байланысты ашатын шығармаларға
мыналар жатады: Есқайыр ақынның толғауы, Ақбастың "Нүржанға хаты", Нұржанның
"Жауап хаты", З.Әбдірахмановтың "Окоптан хат", ел аузындағы "Ауылдан хат",
С.Бегімбетовтың "Туған елге хаты", Әлімхан мен Бөлденің хаттары. Хат үлгісіндегі
жазылған бұл жырлар қазақ жігіттерінің жалпы ел-жұртына, туған ел, өскен жеріне, ата-
ана, жан-жарларына деген ыстық сезімі мен сағыныш күйін, арман-мұңын бейнелейді.
Сөйтіп ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған поэзия үлгілері 1916 жылғы
қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының сан қырлы сипаты мен сан алуан құбылысын
терең қамтып, жан-жақты ашатын жырлар болып табылады. Бұларда июнь жарлығына
жаппай наразылық толқынының жалпы халықтық стихиялы көтеріліске ұласуы мен оның
өрлеу, даму кезеңдері, майдан өмірі сияқты ірі-ірі оқиғалары
молынан елес беріп
отырады.
1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың эпикалық түріне Иса
Дәукебаевтың "Бекболат", Әлтай Сүйіншәлиевтің "Қалаба", Белтірік ақынның "Ел жарыла
көшкенде", Қуандық Бозаевтың "Қарақойын көтерілісі", Күдері Жолдыбаевтың
"Аманкелдінің Торғайды алғаны", Сәт Есембетовтың "Құмкен соғысы", Омар Шипиннің
"Аманкелді" тәрізді жыр-дастандары жатады. Бұл шығармалардың ішінде идеялық-
көркемдік құны жағынан көрнекті саналып жүргені - "Бекболат" дастаны. Дастанда
негізінен көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі оқиға сөз болып, көтеріліс басшысы
Бекболат батырдың қолға түсіп, дарға асылуы, оның қайтпас қайсарлығы мен жау
алдында тізе бүкпеген ерлігі жырланады.
Дастанның басты кейіпкері - Бекболат Әшекеев. Ол Жайылмас болысына қарасты
4-ауылдың қазағы, 1843 жылы туған. 1916 жылғы көтеріліске оның інісі Сармамбет
Әшекеев, баласы Әбділдә Бекболатовтар да белсене қатысып, басшылық еткен.
Бекболат Әшікеев түрмеге поэмада айтылатын 70 кісімен бірге түскенмен, оның ісі
"бунттың басшысы есебінде" Верный қаласының отряд
сотында кезектен тыс қаралып,
оған 1916 жылғы 7 сентябрь күні дарға асып өлтіру жазасына кескен үкім шығарылған.
Тарихи деректерге қарағанда Бекболат басқарған көтерілісшілер тобы подполковник
Базилевский мен Малышев бастаған жазалаушы отрядпен екі рет кездесіп, арада қырғын
шайқас болған. Жігіттер қалың жылқыны жауға қарсы айдап салып, отрядтың аз ғана
солдаттарын қоршап алып, жоқ қылуға әрекеттенген.
Бекболат бір топ жолдастарымен Қарғалы болысының көтерілісшілеріне
қосылмақшы болып кейін шегінеді. Осындай қолайлы кезеңді пайдаланған қарсыластары
Күнтубаев пен Сүлейменов өздеріне тілектес 100 қаралы жігітпен Бекболаттың соңына
түседі. Ақыры опасыздық жасап, алдап, батырды жолдастарымен түгел қолға түсіреді де,
16 август күні Бекболатты Шамалғандағы Балғабек Төлегеновтың үйіне "келісім үшін
шақырылған" жазалаушы отрядқа тапсырады.
"Бекболат" поэмасы 1936 жылғы "1916" жыл атты тұңғыш жинақта алғаш рет
жарияланып, содан бері түрліше оқулықтар мен хрестоматияларда басылып келеді.
Ғалым Е.Ысмайылов: "Бертіндегі тарихи жырларда, әсіресе, 1916 жылғы
көтеріліспен байланысты жырларда, дастандарда
ылғи соғыс айтыла бермей, елдің
қоғамдық тіршілігі кебірек жырланады да, соғыс, қанды қырғын оқиға екінші планда
болып отырады", - деп көрсетеді. Осы пікір "Бекболат" поэмасына дәл келеді.
"Бекболат" поэмасының композициясын ақын күнделік іспетті етіп құрып, оны
белгілі бір заңдылықпен өрбітеді. "Июнь жарлығы", "Елдің қамдануы", "Елге әскер
шығуы", "Жайылмастың кемпірлерінің, келіндерінің жылағаны", "Жайылмастың
түрмедегілермен жолығуы", "Ұлықтардың Бекболаттан жауап сұрағаны", "Бекболаттың
жауабы", "Бекболаттың екінші сұрағы":, "Соттың жауабы мен үкімі", "Бекболат дарға бара
жатқанда", "Дар түбінде Бекболатқа төрелердің айтқаны", "Бекболаттың жауабы",
"Жайылмастың сұрағы" деген тараулар бір-бірімен тығыз байланысып жатыр. Автордың
идеялық нысанасы - әділеттік пен азаттық үшін күрескен қалың бұқараның көтеріліс
жеңіліс тапқаннан кейінгі аянышты халі мен көрген ауыр азабын, сол күрестің туын ұстап
халыққа басшы болған Бекболаттың ерлікпен қаза табуын баса жырлау екені осы
тараулардың өзінен-ақ көрініп тұр.
"Бекболат" поэмасы 1916 жылғы көтеріліске байланысты
туған сан-алуан жыр-
дастандардан өзінің көркемдік шешімін тапқан жоғары идеясымен, тартымды сюжет,
композициялық тіл ерекшеліктерінің тұтастығымен дараланып көзге түседі.
"Бекболат" поэмасына қатысты бір мәселені айтпай кетуге болмайды. Бұл - "дастан
авторы кім?" деген сұрақ төңірегіндегі әңгіме. Зерттеушілердің көбі Иса Дәукебаев
авторлығына күмән келтіреді. Өйткені Жетісу өңірінде, жалпы қазақ сахарасында Иса
Дәукебаев деген ақын еш жерде кездеспейді.
Ол туралы деректе, оның өзге шығармасы да жоқ. 1916 жыл оқиғаларын және оған
қатысты шығармаларды жете зерттеген Мұхаммедрахым Жармұхамедов академия
қолжазба қорында сақталған үлкен жыр нұсқасының аяғына "Жинаушы Жүніс" деп қол
қойылған, кімнің жыры екені айтылмаған дейді. Осы зерттеушінің пікірінше 1916 жыл
өлең-жырларын алғаш зерттеген Есмағамбет Смайлов ел арасында айтылып жүрген
авторы белгісіз дастанның түрлі нұсқаларын жинап алып, бір ақынға әндеткен болуы
керек. Ол Иса деген аттың аталуына қарағанда Иса Байзақов
емес пе екен деген пікірін
және қосып қояды. Ұлттық әдебиетімізге қосылар асыл дүниелерді сақтап қалу үшін,
оларды кеңестік талапқа сай етіп беру үшін әдебиетіміздің жанашырлары қандай айла-
тәсілдерге бармады десеңізші! Соның бір дәлелі — осы дастан. Есағаң үшін автордан
бұрын отаршылдыққа қарсы қайсарлықпен күрескен, ұлттың ұлы рухының символындай
Бекболат бейнесі қымбат еді. Сондықтан да ол осы дастанды әдебиет тарихында авторы
бар көркем шығарма ретінде қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: