Кіріспе
Еліміз егемендік алғанан кейін бұрын-соңды
әдебиет тарихында
саясаттың салдарынан бұрмаланып келген әдебиеттің мәселелері дұрыс
шешімін таба бастады.Ұлттық әдебиетіміздің тарихында ерекше орны бар
ХХ ғасыр басындағы сөз өнеріндегі идеялық және
тақырыптық ізденістерді
жан-жақты ашып көрсетіп, оқырман қауымның таным-түсінігін онан әрі
тереңдете түсу мақсатында «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының
мәселелері» деген көмекші оқу құралын арнайы жаздық. Күрмеуі көп
мәселелердің оң шешімін табу үшін ХХ ғасыр
әдебиеті мен мәдениетінде
ерекше орны бар тұлғалы қаламгерлерді жеке-дара бөліп алып, олардың
ұстанған бағыттары мен жүріп отырған
ағым-арналарына қарай бөліп
көрсеттік. Еңбегімізде терең ғылыми және методологиялық мәні зор
зерттеулер мен монографияларды толығымен қамтып өтуге тырыстық.
Тәуелсіз және терең танымдық концепция тұрғысынан келу үшін, оқу
құралымызды жазуда басты тенденция ретінде айтулы ғалымдар С. Мұқанов,
Е. Ысмайылов, Б.
Кенжебаев, С. Қирабаев, Т. Кәкішов, Р. Нұрғали, Д.
Ысқақов, Ж. Тілепов, Р. Бердібаев, З.
Бисенғали, Ө. Әбдиманұлы, Р.
Тұрысбеков,
А.
Еспенбетов,
Қ.
Ергөбек
тағы
да
басқаларының
ұстанымдарына сүйендік.
ХХІ ғасырда тәуелсіз концепция тұрғысынан жазылған бұл оқу
құралында әдебеттің мәселелерін негізгі ғалымдар ұсынған үш бағыт: «Діни
ағартушы бағыт өкілдері», «Ағартушы-демократтық бағыт өкілдері», «Ұлт
азатшыл бағыттың өкілдері» тұрғысынан қарастырдық.
Және де аталған оқу
құралында алғаш рет халық арасынан шыққан ақын, әнші-композиторлар
өмірі мен шығармашылығы жан-жақты қамтылған.
Еңбек ұзақ жылға
ғалымдық және педагогтық ізденістердің жемісі ретінде баспасөз,
монографиялар және де жеке шығармашылықтардың жиналып, сұрыпталып,
қордалануының негізінде жасалды. Аталмыш оқу құралы жоғары оқу
орындары мен мектеп және жеке оқырмандар үшін де
бұрын соңды толық
мәлімет беріліп айтылмай келген құнды ойлардың сұрыпталып, жинақталып
берілуімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: