Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата26.02.2023
өлшемі1.37 Mb.
#470079
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
kopbaeva mr khkh gasyr basyndagy kazak debieti tarikhynyn ms

Тапсырмалар мен сұрақтар: 
1. С. Торайғыров шығармашылығына қатысты бүгінге дейінгі түрлі көзқарастардың 
болу себептері.
2. Ақынның «Айқап» журналындағы қызметі.
3. Демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларымен қызметтес болуы.
4. Тарихи өзгерістердің, төңкерістер заманының ақын санасына ықпалы.
5. Ақын лирикаларындағы ағартушылық және азатшылдық тенденциялар.
6. «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларындағы кейіпкерлер жан-дүниесіндегі 
қайшылықтар.
7. Поэмаларында кездесетін композициялық ерекшеліктер.
8. «Кім жазықты?», «Қамар Сұлу» романдарындағы тың образдар және тіл кестесі.
9. Еліміз егемендік алған уақыттан бергі С. Торайғыров шығармашылығының 
зерттелуі.
 
 
 
Ұлт-азатшыл бағыттың өкілдері
 
Ахмет Байтұрсынұлы – саңлақ санаткер, рухани көсем.
 
Лекцияда қаралатын мәселелер: 
 
1. Ахмет Байтұрсынұлының қасиетті де қасіретті ғұмыры 
2. Ұлттық баспасөз жолындағы күрес.
3. А. Байтұрсынов өміріндегі қазақ газетінің орны.
4. Қайраткердің мақалаларында тарихи шындықтың батыл бейнеленуі. 
5. Маса жинағындағы халықты ояту идеясы.
6. А. Байтұрсынұлы - ақын, ғалым һәм аудармашы.
7. Ұлт әдебиетінің жанашыры.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2004 
2. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт –азаттық идея. Алматы: Қазақ университеті, 
2007-325 б.
3. Кәкішов С. Ақан туралы ақиқат. Алматы, Қазақстан-Шапағат, 1992-112 б.
4. Байтұрсынов А шығармалары. Алматы. Жазушы. 1989-320 б.
5. Сыздықова Р. А. Байтұрсынов. Алматы. Ана тілі. 1992-448 б.
6. Қамзабекұлы Д. Руханият. Алматы. Білім 1997-272 б.
7. Кәкішев Т. Кер заманның кереғар ойлары. Алматы, Атамұра Қазақстан. 1995-168 б.
8. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы, Білім. 1995-284 б.
9. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда Алматы, Жалын. 1996-224 б.


10. Әбдиманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы: Зерттеу-эссе. –Алматы: «Арда», 2007-296 б.
Қазақ әдебиетінің алтын ғасырында ерлігі мен дарыны тең түскен бір туар 
қайраткердің бірі –Ахмет Байтұрсынұлы. Тәуелсіз қазақ танымында ұлттың рухани көсемі 
саналған күрескер тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық болымысы, ақындық өнері және 
азатшыл ғалымдық ізденісі туралы келелі еңбектер, ғылыми зерттеулер ұзақ уақыттан бері 
жүргізіліп келеді. Белгілі зерттеуші, нағыз Ахметтанушы ғалым Ө. Әбдиманұлы азатшыл 
ойдың көсемінің тұлғасын былайша бағамдайды: «Ахмет Байтұрсынұлы – тек күрескер 
тұлға ғана емес, замананың алмағайып шақтарын көркемдік танымға арқау етіп, оны 
шынайы шыншылдықпен суреттеген, сөйтіп сол арқылы ертеңгі ел тәуелсіздігіне үмітпен 
қарауға үндей білген, парасатты ойлары арқылы болашаққа жол сілтеген дарын, қарымды 
қалам иесі». 
Азатшыл рухтағы қазақ әдебиетінің көшбасшысы болған дана да дара тұлға 
Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы өзгелердікіне қарағанда өзіндік бір ерекшеліктермен 
танылады. Ғалым-ұстаздың өз қолымен жазған өмірбаянында: «Мен Торғай уезінің Тосын 
болысындағы №5 ауыл қазағының баласымын. 1886 жылдан бастап 1891 жылға дейін 2 
класты Торғай орыс-қазақ училищесінде оқыдым. 1891 жылдан 1895 жылға дейін 
Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебінде оқыдым, 1895 жылдан бастап Торғайдың әр 
жерінде, әр түрлі бастауыш училищелерде, ауылдық мектептерде істедім», -дейді. Екі 
ғасырдың тоғысында еңбек жолын бастаған Ахмет, мектеп қабырғасында бас-аяғы 6 жыл 
ғана оқығанына қарамастан, қоғам өмірінің, халықтың мұң-мұқтажының ең өзекті 
мәселелеріне терең бойлап, етене араласады. Басты мақсаты ең алдымен оқу-білімнің 
дәнін, нәрін егіп халықты ағарту болды. Осы жолда ол оқу бітірген 1895 жылдан 1907 
жылға дейін Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ұстаздық етсе 1921-1926 жылдары 
Орынборда қазақтың халық ағарту институты деп аталатын оқу орнында, 1926-28 
жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтында дәріс беріп, 1928-29 жылдары 
Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиетінің 
профессоры болып істейді.
1917 жылдың аласапыранына дейін Орынборда тұрады. 1913 жылдың 2 
ақпанында Орынборда «Қазақ» газетін шығарады. Газет 1918 жылдың 16 қыркүйегіне 
дейін шығып тұрады.
1917 жылғы ақпан революциясынан кейін елде ұлт-азаттық көтерілісі күрт белең 
алады. Халыққа шынайы бостандық іздеген қазақ интелигенциясының өкілдері әртүрлі 
партиялар мен ұйымдар құра бастады. А. Байтұрсыновтың осынау замана ағымындағы 
істерден тыс қалуы мүмкін емес еді. Сол тұста ұлттық теңдікті аңсаған өз пікірлестерімен 
бірге Ахмет «Алаш» атты партия құрып, 1917 жылдың жазынан Алашорда жетекшілерінің 
біріне айналады. Осы партияның бірінші және екінші съезінде ерекше еңбек етіп, Алаш 
партиясының программасын жасауға атсалысады. Бұл программаның жобасы алғаш 
«Қазақ» газетінің 1917 жылдың 21 қарашасындағы санында жарияланады. А. 
Байтұрсынұлының «Қазақ» газетіндегі қызметіне келер болсақ ол 1913 жылдың 2-ші 
ақпанынан 1918 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында газетті шығарып қана қоймай, 
соның белді басшы жетекшісіне айналады. Ахмет Байтұрсынов 1909 жылдан 1910 
жылдың 21 ақпанына дейін Семей қаласында абақтыда отырады. Қылмысын әйгілеген 
нақты айғақтар болмағандықтан, патша жандармериясы оны босатып, бір тәуліктің ішінде 
Семей қаласынан кетуге, 3 жыл бойы қазақ даласынан сырт жерде тұруға үкім шығарады.
Сөйтіп А. Байтұрсынов ежелден ғылыми және мәдени дәстүрі бар, қазақтың оқыған 
азаматтары шоғырланған Орынбор қаласына 1910 жылдың наурыз айында келеді де, онда 
1918 жылдың аяғына дейін тұрады. Азапқа белшеден батып жүріп, 1913 жылдың қаңтар 
айында «Қазақ» газетін шығару үшін рұқсат алады. Газеттің алғашқы санының шыққаны 
туралы құжатта былай делінген: «Қазақтың алғашқы саны 1 айдан кейін, яғни 2 ақпан күні 
жарық көрді. Басып шығарған Орынбордағы «Каримов, Хусайынов және К» 
серіктестігінің баспаханасы». Ал газеттің аты неге «Қазақ» деп аталғандығы туралы 


Ахмет: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» 
қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күш қосып, көмектесіп қызмет ету қазақ баласына 
міндет...Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік. Малша 
оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай, қарын тойғанша мәз болып, мал өлімінде 
өлмейік» дейді. Сонымен бірге қайраткер газеттің алдына қойған мақсатын, көздеген 
мұратын «Бұл газеттің мақсаты жұрт пайдасына көз болу; қазақ арасына ғылым, өнер 
жайылуына басшылық ету; басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру. Сол 
мақсаттарды орнына келтіру үшін зәкүндерді, хакімдердің бұйрық-жарлықтарын білдіріп 
тұру. Государственная Дума хәм Государственный Совет жұмыстары турасында жете 
хабар беру, ішкі хәм сыртқы хабарларды жазып тұру, қазақтың бұрынғы және бүгінгі 
жайын жазу; күнелту: сауда, кәсіп, жер-су, егін-таран, мал шаруасы жайынан кеңесу. Оқу, 
оқыту, мектеп, медресе, школа, ғылым, өнер, тіл, әдебиет турасында жөн көрсету; адам 
хәм мал дәрігерлігі жайында жазу» деп айқындап берді. Бұлайша айқындаудың басты 
себебі үкімет орындарының арнайы рұқсатымен шыққан газет солардың талап-тілегін 
орындамаса, бірден жабылып қалар еді. Өкімет орындарының түсінігі бойынша, газет 
бірінші кезекте патша үкіметі билігінің ішкі және сыртқы саясаты, қазақ халқының 
өміріне қатысты қаулы-қарарларын жұртшылыққа жеткізіп, оларға билік тұрғысынан 
түсінік беріп отыру еді. Осы мәселеге байланысты 1914 жылдың 8 қарашасында Ахмет 
Байтұрсынов газетті жетісіне екі рет шығару үшін губернатордың атына өз қолымен 
жазған арызына қосымша етіп газет бағдарламасын жібереді. 15 бөлімнен тұратын 
бағдарламаның ең алғашқы үш бөлімі бойынша газет халық арасында насихаттау үшін өз 
мойнына мына міндеттерді алады. 
1. Қазақтарға қатысты үкімет нұсқаулары мен заңдарын жариялау.
2. Мемлекеттік Дума мен Мемлекеттік Совет жұмысын жариялау.
3. Ішкі және сыртқы хабарларды басып жариялап отыру және т.б.
Үкімет орындары газеттің саяси бағытын қалт жібермей мұқият бақылап 
отырған. Газет ресми орындарға күдік туғызбау үшін алғашқы кезде бұл талаптарды 
орындауға мәжбүр болады. Осындай қиын жағдайда газеттің үздіксіз шығып тұруы 
қаражатқа байланысты еді. Ресей ішкі істер министрлігі рухани істер департаментінің 
бастығы ерекше тапсырмалар шенеунигі Тарановский Орынбор губернаторына жолдаған 
құпия хатында, «Каспий» газетінің мәліметіне сүйене отырып, өткен жылы «Қазақ» 
газетіне қазақтардың 1600 сом ақшалай жәрдем беріп, қолдағандығы туралы мәліметтің 
қаншалықты шын екендігін департаментке шұғыл хабарлауын талап еткен. Патша 
өкіметінің қатаң бақылауына қарамастан, газетке қол ұшын беріп қаржылай көмек 
көрсеткен 255 азаматтың тізімін газет өзінің №151,152,153 сандарында жариялайды. 
Солардың ішінде 429 сом қаржы берсе, ал 100 сомды бай, 2-3 сомнан шаруалар, 25-50 
тиыннан оқушылар мен студенттер берген болатын. Бұдан газетке мемлекет тарапынан 
ешқандай қаржылай көмек көрсетілмегені көрінеді. Газет оқырмандарының көбі жастар 
болатын. Олардың ішінде әсіресе елден тысқары жүрген, Ресейдің іргелі қалаларында 
оқитын қазақ студенттерінің газетке деген ықыласы ерекше еді. «Қазақ» газетіне 1 жыл 
толғанда редакцияға жан-жақты, әсіресе Ресейде оқитын қазақ студенттерінен құттықтау 
жеделхаттар ағылып келген. Мысалы «Қазақтың таң сәулесі жылға толғанын 
құттықтаймыз, хәм еңбегі болашақта жемісті болып, жұрт пайдасын көргенін тілейміз». 
Қазақ студенттері 2 ақпан. 
«Жас қазақтың толған жылын құттықтаймыз, хәм қымбат ұлтымыз қазақ жұртын 
нұрландыру жолында өмірлі болып, көп жылдар қызмет етуін тілейміз». Жас қазақтар 2 
ақпан. Перебург.
Қазақ газеті бетінде басылған қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне қатысты кейбір 
жарияланымдар ел билеушілердің озбырлығын, әділетсіздігін аямай әшкерлеген. Мұндай 
мақалалар ресми орындардың наразылығын тудырып, олар газет редакциясын үнемі 
бақылауға алып, тінтулер жүргізіп отырған. Оның редакторын бірнеше рет жауапқа 
тартып, айып салып, абақтыға да отырғызған. Осы шараларға қарамастан «Қазақ» газеті өз 


заманының инциклопедиясына айнала алған. Себебі жалғыз өзі көптеген басылымның 
міндетін қатар атқарып отырғаны анық. «Қазақ» газетінің тақырыптық ауқымы кең, 
жанры сан-салалы. Бүгінгі ұрпақ үшін ол сонысымен құнды. Мысалы, газет бетінен 
поэзия, проза, аударманың үздік үлгілерін кездестіреміз. Олар-«Туған жер», М. Жұмабаев, 
1913 жыл, №5, «Жұт», М. Дулатов, 1913 ж, №8, «Елім-ай», М. Дулатов, 1914, №52. 
Келтірілген мысалдар «Өлең-жыр» айдарымен тұрақты жарияланып тұрған. Олар 
басымның көбіне екінші болмаса үшінші бетінің төмен жағына қарай орналасқан. Себебі, 
газеттің бірінші бетінде саясат, экономика, әлеуметтік жағдайлар мен хабарлар, 
ақпараттар орын алған.
Авторлар кейде өз аттарын толық жарияласа, кейде бүркеншік атпен қатысқан. 
Мәселен, -«Ешкі тау», Н. Маркестон, тәржімеленген- «Қыр баласы». Көбінесе, «Көркем 
проза үлгілері», «Оқшау сөз» айдарымен жарық көріп отырған. Ал басылым бетіндегі 
ғылыми еңбектердің өзін бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Мысалы, медицинаға 
байланысты Е.Қасболатовтың «Чума» 1913 жыл, №8 және Ж. Тілеулиннің «Денсаулық 
жайынан» атты көлемді еңбегі 1913 жылы, №9,19,20 жарық көрген. Мұнымен қатар газет 
тек адамдардың денсаулығына ғана көңіл бөліп қоймай қазақтың ата кәсібі мал 
шаруашылығы болғандықтан мал дәрігерлік тақырыбына жазылған ғылыми еңбектер де 
жариялаған. Мысалы газеттің 1913 жылы №9 санында «Мал індеті», сол жылы №27 
санында «Сиыр малы тұқымын асылдандыру» атты еңбектер шыққан.
Сондай-ақ «Қазақ» газеті өзі шығарып тұрған жылдары қоғамдық –саяси, 
әлеуметтік –экономикалық және рухани өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, халықтың 
ұлттық сана –сезімін оятуда сан алуан жұмыстар істеді. Қалың жұртшылық көшпелі және 
жартылай көшпелі қазақ ауылы өмірінің барлық мәселелерінен осы басылым арқылы 
хабардар болған. Мәселен, көшпелі ауылды отырықшыландыру мәселелері газет бетінде 
қызу пікірталас тудырады. Мұнымен қатар, «Қазақ» газеті ақпарат тарату ұйымына 
айналып ішкі және сыртқы жаңалықтарды бұқараға хабарлап таныстырып отырады. 
Осыған байланысты Ахмет Байтұрсынов былай дейді: «Дүниеде болып жатқан істер, 
сөйлеп жатқан сөздер кімге пайдалы, кімге залалды екендігін күні бұрын біліп, пайдалы 
болса шаттанып, залалдысынан сақтандырып тұрды». Басылым бетінен статистикалық 
еңбектер, жарнамалар, әртүрлі мерзімді басылымдарға шолулар, қаражаты тапшыларға, 
мұқтаж болған оқушыларға жәрдем сұрауда жарияланып тұрды. 1918 жылы Кеңес 
үкіметінің секемшіл басшылары Алаш-Орда үкіметін құрып, кеңес үкіметіне қарсы ашық 
күреске шықпақшы деп газетті айыптап тез арада жабуды талап еткен. Бұйрық, әрине 
жедел жүзеге асырылып 1918 жылдың күз айында 265 санынан кейін «Қазақты» шығару 
амалсыз тоқтатылды. Бұл А. Байтұрсынов және алашшыл қазақ зиялыларына, кеңес 
үкіметі тарапынан жасалған бірінші ашық соққы, рухани қысым еді.
Шындығында да, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың жан аямай, бар ынтасымен 
қажырлы еңбектенулерінің жемісі-«Қазақ» газеті саяси ұлттық жас қазақ баспасөзінің 
көшбасшысы дәрежесіне көтеріліп үлгерген болатын.
Қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, қазақ әдебиеті 
тарихында тыңнан сүрлеу салған ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрында 
еткен еңбегі орасан. Ол Қазақстанда аударма кітапты алғаш бастырушылардың бірі. А. 
Байтұрсынов орыстың классик жазушысы И.А. Крылов мысалының бір тобын қазақ тіліне 
тәржімалап, «Қырық мысал» деген атпен Санкт Перебургте 1902 жылы жеке кітап етіп 
шығарған. Бұл И.А. Крыловтың шығармаларының қазақ тілінде, тіпті Орта Азияда 
тұңғыш рет кітап болып бастырылуы.
И.А. Крылов мысалдарының басқа тілдерге аударылуы сөз болғанда, алдымен 
тілімізге Ыбырай мен Абай есімдері оралады. Олардың кейін өмір сүрген ақын-
жазушылардың Крыловқа соқпай кеткендері кемде-кем. Солардың ішінде Ахмет 
Байтұрсыновтың еңбегі аса қомақты дер едік.


«Қырық мысал» кітабында И.А. Крыловтан аударылған дүниелермен бірге орыс 
әдебиетінде мысал жанрын қалыптастырушылардың (А.П. Сумароков, В.И. Майковпен 
бірге) бірі И.И. Хемницердің «Ат пен есек» шығармасы да бар.
Бұлардың бәрі өте сауатты, қазақ оқырмандарының ұғымына лайықталып 
аударылған. Мысалдың оқиғаға құрылып жазылатыны белгілі. Оны үлкен де, кіші де тез 
есте сақтап қалады. Жазба дүниелердің өте аз кезінде А. Байтұрсыновтың мысал жанрын 
таңдап алуы тегін болмаса керек. Ол аударған мысалдардың тәржіма екені тіпті 
сезілмейді, төл шығармадай оқылады.
«Қырық мысалға» енген біраз туындылар орыс мысалшыларының ізімен, 
идеясымен жазылған Ахаңның өз өлеңдері болып табылады. Бірақ осының ара-жігін 
ажырату мәселесіне ешкім көңіл бөлмей келеді.
Кітаптың алғашқы бетінде ақын оқырмандарға:
«Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат ағза деген, жоққа сабыр, 
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым»- дер үш шумақ өлең арнайды.
Ахаң әдеби шығармаларының ішінде мысал жанрын таңдап алуының үлкен мәні 
бар. Мысал жанры жөнінде ол 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет тыңайтқыш» атты 
кітабында жазады. Мұнда ол мысал жанры жөнінде келелі пікірлер айтады. Оның қазақ 
топырағындағы жайына, шығу тарихына да тоқталды.
Сатирада күрделі жанр болып саналатын мысал-қазақ халқына да жат емес. 
Мысалдар арқылы тұспалдап, ой-түйін, өткір мәселелерді айтуға болады. Мысал жанры 
да тәрбие құралы. Ол адамдарға ғибрат айтады, дұрыс бағыт бағдар береді, жақсылыққа 
шақырады.
Ахаңның «Қырық мысалындағы» қайсы бір туындыны алмаңыз, соңғы 
шумақтары алдыңғы жолдардан шығатын ой түйін, ақыл-насихат болып келеді және ол 
қазақтың қарапайым сөз тіркестерімен, өрнекті тілімен, мақал-мәтелдерімен жеткізіледі. 
Мәселен, «Өгіз бен бақа» атты мысалда шалқар көлге келіп су ішіп тұрған өгізді 
қызғанған көл бақа өгіздей болам деп су іше-іше жарылып өледі.
«Әуелде құдай өлшеп берген дене, 
Қаншама зорланғанмен артылмапты,
Нақыл сөз: «әлін білмеген әлек» деген
Осындай әуре болған жаннан қапты», -деп ғибрат айтады.
«Қасқыр мен тырна» деген мысалда сүйекке қақалып өлейін деп жатқан 
қасқырды тырна құтқарып қалады. Неше күннен бері дәм татпаған қасқыр тырнаның 
өзіне жасаған жақсылығын лезде ұмытып, оған тап береді. «Бастан құлақ садаға» деп, 
бишара тырна бас сауғалап тұра қашады.
«Қайырды қарап істе адамына, 
Қарайлас өзіңменен шамалыға, 
Қасқырдай қара жүрек залымдардың,
Жүрмеңдер түсіп кетіп тамағына», -деп түйіндейді ақын мысалын.
А. Байтұрсыновтың И.А. Крыловтан аударған және соның ізімен жазылған 
өлеңдерін оқыған сайын жан дүниеңіз байи түседі.
И.А. Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалының оқиғасын әрбір мектеп оқушысы 
жақсы біледі. Ахаңның аударған мысалының басқа ақындардан бір артықшылығы-
ірімшігінен айрылған қарғаны аңқау қазаққа теңейді.
«Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып, 
Далада кең сахара көшіп-қонып.
Алдаған залымдардың тіліне еріп,
Жүрмесек жарар еді мазақ болып», -деп мысал соңына өз жанынан екі шумақ 
өлең қосады. Мұнысы жарасымын тауып-ақ тұр. Бұл жолдар қазіргі кезде де мәнін 
жоймасы хақ. Ақаң мысалының түйіні-қазіргі кезде жекешелендіру саясатында кең байтақ 


даласындағы байлығынан, алдындағы барынан айырылып отырған аңғал қазақтарды көз 
алдыңызға елестетеді.
«Иттің достығы» деген мысалда Мойнақ пен Төрткөз деген төбеттер мәңгі бақи 
тату тәтті дос болып жүреміз деп пәтуаласып, ақыр аяғында ас үйден лақтырылған 
омыртқаға таласып, ырылдасып, бір-біріне тіс батырғаны суреттеледі.
«Иттерге таласса да жарасады,
Әйтпесе ит әдетінен адасады,
Дос болған адамдарға қарап тұрсақ,
Биікпен тең деп болмас аласаны.
Сүйектей арасына нәрсе түссе, 
Иттерден олар артық таласады», -деп кейбір адамның дүние үшін тіпті иттен де 
бетер мінез көрсететіндігін әжуа етеді.
А. Байтұрсыновтың екінші бір кітабы- «Маса» деп аталады. Бұл жинақта ақын 
қазақ өміріндегі надандықты, қараңғылықты, шаруаға қырсыздықты, енжарлықты, 
марғаулықты сынап-мінейді. Сынай отырып оқуға, білімге, жақсылыққа үндейді. Сойқы 
тілмен қанша түйресе де кез-келген өлеңінде өз халқына деген сүйіспеншілік сезімі, 
жанашарлық жан дауысы сезіліп тұрады.
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса 
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша 
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса? 
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса»-сергектікті, қозғалыс күйді, 
серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «Үстінде 
ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет 
етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі. 
«Масаның» негізгі идеялық қазығы- жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани 
көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын 
өлеңдері жалпы, сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес екені белгілі. Ақын өз 
өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып, дамытқан өрісті ойды, қалып 
алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше 
жалғастырушы ретінде көрінеді.
Бір сөзбен айтатын болсақ, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы-көп 
ғасырлы қазақ поэзиясының дәстүрлерін, демократтық- ағартушылық әдебиет үлгілерін 
жаңа тарихи жағдайда дамытып, жалғастырған идеялық- көркемдік деңгейі жоғары 
туындылар.
«Малшы мен маса» мысалын да қалың ұйқыға кеткен малшыны қара жылан 
шағайын деп келе жатқанда, оны маса сақтандыру мақсатымен шағып ұйқысынан оятпақ 
болады. Бірақ малшы масаны ұрып өлтіреді. Сонда ғана малшы өзіне жақындап қалған 
жыланды көріп, істеген ісіне опық жейді. Ахаң мысалдың соңында:
«Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле делік аңдып баққан. 
Пәленің түрін көрген мен-Сарымса,
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан», -дейді.
Ахаңның өзін масаға теңеп, осындай сыншыл да шыншыл өлеңімен ұйқыдағы 
халықты оятпақшы болған ойы түсінікті. Ол кезде отаршылдықтың тақсіретін тартқан, 
басында бостандығы жоқ қазақтың жайы «еспесі жоқ қалтылдақ қайық» іспетті еді.
«Қырық мысал», «Маса» жинақтарында тамаша эпитеттер соны теңеулер, сәтті 
шендестірулер, жеңіл ирония, ойлы күлкі, ащы сарказм баршылық. Әсіресе, қазақ мақал-


мәтелдерін ретін тауып, орнымен қолданғанына риза боласыз. Мәселен, «Әлін білмеген 
әлек», «Ұялған тек тұрмас», «Не ексең, соны орасың», «Аузыңды құрғақ қасық босқа 
қажар», «Халық айтса, қалып айтпайды», «Жазмыштан озмыш озбас» сияқты мақал-
мәтелдер әрбір мысалдың айтар ойына әр беріп ажар-көркін келтіріп тұр. 
Сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі А. Байтұрсыновтың мысал жанрындағы 
еңбегін терең зерттеу-алдағы күннің міндеті.
«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаңның салған әдебиеттегі 
орны- «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ 
даласына істеген еңбегі, өнер, білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты-біз ұмытсақ та 
тарих ұмытпайтын істер болатын», -деп жазды М. Әуезов.
Иә, ұлы ұстаздың еліне жасаған Алатаудай еңбегін енді халық та, тарих та 
ұмытпайды.
А. Байтұрсынұлы өлеңдеріндегі ағартушылық сипаттың өзіне дейінгі ақындардан 
өзгелеу бір астарлы сыры да осы. Ақын өнер, білімді «таза күйінде» уағыздап қоймайды. 
Ол оны халықтың санасы оянып, өзгенің езгісіндегі тұрмысының себеп-салдарына көз 
жіберіп, бостандыққа ұмтылудың нұрлы сәулесі деп санайды. Бостандық ұғымы бұрынғы 
поэзияда басты ой нысанасы етілмесе, Ахмет өлеңдерінде ол негізгі тақырып, 
«темірқазық» іспеттес. Абай, Ыбырай туған халқының тағдырына күйзеліп, озық кеткен 
өзге халықтармен иық теңестіруді «тіл ұстартып, өнер шашпақтан» іздесе, Ахмет оны 
бостандық үшін күреспен байланыстырады. Оның өзіне дейінгі саңлақ ақындардан бір 
қадам ілгері басқандығы да, поэзиясының салмақтылығы мен құдіреті де осында. 
Ақынның «Досыма хат», «Жиған-терген», «Анама хат», «Жауға түскен жан сөзі», «Жауап 
хаттан» т.б. өлеңдерінің тегеурінді қуаты осы бір ұқтырар ой аңғарында жатыр. 
Ахметтің жинақтарына енбей қалған кейбір өлеңдері бүркеншік есіммен «Қазақ» 
газетінде жарияланған. Ал «Қазақта» көбіне ел мұңын жоқтаған азатшыл поэзияның ғана 
орын тапқаны шындық. Мәселен, газеттің екінші санында жарияланған «Көшбасшы» 
өлеңінен –ақ осы бір талап айқын сезіледі. «Зарыққанда қылған бата» деп аталатын 
өлеңнің шымыр шумақты өткір сөздері «жүрекке дөп, ойға жөн». Көңілдегі мұңды оятып, 
ұмтылысқа, қимылға шақырғандай:
Сөйлесін! Жүйрік болса інжу тізіп, 
Жосықсыз бас ауыртпай босқа езіп.
Құйса екені қысқасынан түсіндіріп,
Ретті, төрт аяғы түгел келіп.
*** 
Көсем бол тура жолға бастап кетсін,
Қалмасын кейінгілер соңына еріп.
Бай болса, малын қисын жұрты үшін,
Аямай керегіне тұрсын беріп.
*** 
Қайдағы аламанға ас дегенде,
Осқырып жоламайтын не бар жеріп? 
Шығарып бір жерден сөз, бір жеңнен қол,
Ықпасын! Бүгежектеп, тұрсын берік.
Өлең сөздері «Қазақ» мақсатымен үндес шығып, көкейдегі көп ойға қозғау 
салады. Өлең авторы белгісіз, қол қойылмаған. Бірақ Ахмет қолтаңбасы байқалады. 
Ахметтің бұдан да кейін де бүркеншік есіммен бірнеше өлеңдер жариялағанын еске алсақ, 
«Қазақтағы» өлең-жырдың бастауында өзі тұрғандығына күмәндануға болмайды. 
Сонымен қатар ел тарихының ірі өзгерістері кезеңдерінде өлеңмен үн қатып, ойын 
білдіріп отырған. Ахаңның бүркеншік есімдері жөнінде зерттеуші Бейсембай Байғалиев 


«Ақынның «А.Б»-дан басқа «Арғын», «Байқаушы», «А» деген бүркеншік есімдері болған» 
деген пікір айтады. Ахаңның «Қазақ» газетінде «Байқаушы» есімінен үш өлеңі жарық 
көрген: «Дағдарыс» атты өлеңі /1915, №116/ бірінші дүниежүзілік соғыс алапатын арқау 
етсе, «Қоян» /1915,№163 қазақ жұртын қатты қыста қамсыз қалмауға шақырады, «Туған 
тілім» (1916, №167) ана тілдің асыл қасиетін жырлауды мақсат тұтқан. Алғашқы өлеңінде 
қантөгіске қарсылығы көрініс табады.
Баяғы «Абыл-Қабыл» түс келіп тұр.
Өтірік үкі тағып, тұмар байлап,
Қосқанмен алдында қай шын келіп тұр.
Ақын жалған намыс, жалған ұранмен өркениетті деген Еуропа елдерінің бір-
бірімен қырқысуын, халық басына әкелген зор қасіретін өткір сынайды:
Жер жүзі қызыл қанға боялып тұр,
Ес кетіп, ескі намыс оянып тұр.
Үлгілі Европа ұлттарынан,
Үлгі ал деп айтуға ауыз ұялып тұр.
«Туған тілім» өлеңінде «Кені бай, кемелі мол туған тілін» бар мүмкіндігі енді 
ашылып, түрленіп келе жатыр деп жырлайды. Сонымен бірге тіл ұстартуға үйренудің, оны
өркендетудің бағытында айқындай кетеді:
Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа, 
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа. 
Жау болсаң, есігім бос, ен деп ұлтқа.
Ел болсаң, есігім бос, ен деп ұлтқа.
Балықтай жүзіп адам, құс боп ұшқан,
Түндігің ашулы тұр күн батыстан.
Ғылым мен кереметтің кенін тапқан, 
Нұр кірер білім-өнер мол жақ тұстан, - 
деуімен батыстық өркениеттен үйренуді, солар салған ғылым-білімді игеруді көздегені 
аңғарылады. Саналы ғұмырында тіл тазалығы жолында күрескен Ахаң қазақ тілінің 
өзгелермен араласып, шұбарланып кетпеуін қатты қадағалағаны белгілі. Міне, осы өлеңде 
сол бір өзіндік бағытынан айнымаған Ахаңды тағы танимыз.
Кемсініп кең ордамды адасқандар, 
Тіліме жау боп найза қадаспаңдар! 
Бір айттым, екі айттым, бұл-үшінші,
Жорта бер, жолың алыс, адассаңдар,
Мен болман болдырамын «татар» десең,
Мен жатпан «бір бөлмеңде» жатар десең! 
Өтпеймін тамағыңнан жұтам десең,
Жолым бір, қолып міне «қатар» десең.
1916 жылдың аласапыранды тұсында елдің «қызыл қанға боялмауын» тілеген 
Ахмет қарулы көтеріліске қарсы болып, саяси жолмен, келісіммен шешілудің жолында 
жүрді. Әрине, Ахмет бастаған топтың бұл бәрекетінің дұрыс-бұрыстығына уақыт таразы. 
Қалай болғанда да Ахаңның елге жамандық ойламағаны белгілі. Біздің бұл ойымызды 
оның сол бір тұтас «Қазақта» Қазақ Алшабай оғлы деген бүркеншік есіммен жарияланған 
«Обалы кімге?» өлеңі дәлелдей түседі. Онда Ахмет өзінің ұстанған көзқарасының 
дұрыстығын, елді дүрліктіргенмен пайда жоқтығын айтып, қырылған елдің обалы кімге 
деген өткір сұрақ қояды. 
Шошыды қой,
Ойламай ой, 


Жел беруші молдықпен, 
Ақырынан қорқамын,
Болама деп үлкен той. 
Бұлт шықты түрленіп,
Күннен –күнге зорланып,
Бұршақ жауса түбінде 
Қашар жер жоқ ұрланып.
Дос көріп қалды, 
Зор әбілет басты, 
Кім арқалап көтерер, 
Төгілген мұнша көп жасты? 
1923 жылы А. Байтұрсынұлының елу жылдық мерейтойына арналған 
мақаласында қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезов: «...Ахаңның майданға алғаш жыры 
шығып, әдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері бәріміздің есімізде. Ахаңның 
бұрынғы айтқан сөзін қазақ даласы әлі ұмытқан жоқ. Өлеңдегі белгілі сарын әлі ескірген 
жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып, арқаның қоңыр желімен бірге өсіп, 
шалқып жатыр», -деп оның поэзиясындағы буырқанған бұлқыныстың, рухы мәңгі өлмес 
азаматтық идеяны жалау еткен өлең жолдарының тот баспас асылдығын танытқан еді.
«Маса» жинағына енген өлеңдерден, әсіресе, кейінгі басылымдарына енген 
өлеңдерінен күресшіл рух, 1905-1907 жылдардағы революциялық толқулардан қанағаттан 
тасқын күштің серпілісі ұшқын шашады. Ақын өлеңдеріндегі төңкерісшілдік сарын өлең 
жолдарындағы ішкі тегеурінінен, ширыққан шымыр ойлар арқылы білінеді:
Байқасақ, жезде,
Бауыздар кезде,
Үн шығу бар емес пе?! 
Үндемей өлсек,
Сүйекпен көмсек,
Кейінгілер демес пе?!
Лақ құрлы бақырмау,
Өлген екен апырма-ай!
Ал 
Ахмет 
Байтұрсынұлы-қазақ 
әдебиетіндегі 
ұлт-азатшыл 
әдебиетті 
бастаушылардың бірі. Қай әдебиеттің тарихында болмасын ағартушылар, ағартушы-
демократтар, ұлт-азатшылдар кезеңі және олардың ірі-ірі өкілдері болған. Бұл сипат қазақ 
әдебиеті тарихына да тән болса, онда ұлт-азатшылдық кезең сөзсіз Ахметтен басталары 
анық. Ендеше Сәкен Сейфуллиннің тарихи шындықты айтқан пікірі, яғни «қорлыққа 
шыдап, күйікке көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын 
жақтаған патша заманында жалғыз Ахмет еді» (77) дегені көп нәрсені айқын аңғартып
түнекте жанған шамшырақтай тарих тереңіне жетелейді.
Әрине, А. Байтұрсынұлының саяси-революциялық қызметі туралы әңгіме өз 
алдына. Біз оған журналистік-публицистикалық қызметін қарастырған сәтте кеңірек 
тоқталатын боламыз. Біздің қазір көңіл аударарымыз оның қайраткерлік-азаматтық 
тұлғасын, ақындық-азаматтық тұлғасының бір мысқал да кем еместігі. Азаматтық 
поэзиясынан оның өмірлік өзгерістерге белсенді қатынасы көрініс беріп, қоғамдық 
қайраткерлігін айқындай түседі. Поэзияның саяси-әлеуметтік мәнін арттыра түсуге, 
жетілдіруге тырысуы содан. Әсіресе, «Қа... қаласында», «Жұртыма», «Ақын ініме», 
«Жауап хаттан» тәрізді өлеңдері оның қоғамдық-қайраткерлік бағдарламасын мейлінше 
аша түседі. Оларда жеке басқа қатысты күйініш-сүйініштен, қасірет-қайғыдан гөрі халық 
қамын жеген азаматтық поэзиясының халықтық сипаты басым жатады.
Революциялық күрес жолындағы бағыты саралана түскен кезде «Анама хат» 
деген өлеңін шығарды. Ол 1909 жылы жазылды (3) «Анама хат»-ақынның жүрек түкпірін 


жарып шыққан, жан дүниесін терең аша түсетін сыршылдыққа толы, сезімге бай өлең. Ол 
ана алдында өзінің жан сырын, ата ұлынан халық ұлына көтерілуді
Көздеген мақсатын жайып салады:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам... 
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай, не бетіммен көрге барам?! 
Ұстанған бағытынан айнымайтындығын, адамдық арды аттап кете алмайтынын, 
мақсатқа жету жолында өмірдің күйкі тірлігі түкке тұрмайтынын өршіл леппен жеткізеді:
Тайпалған талай жорға, талау тұлпар,
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне. 
Солардан жаным-тәнім ардақты емес, 
Орынсыз күйзелейін мен несіне?! 
Ахметтің лирикалық кейіпкері дерексіз бейне емес, керісінше азаттық 
қозғалысының қайтпас күрескері- ақынның өз бейнесі. Жаңа заман тудырған 
төңкерісшілдік санамен қаруланған, күрескерлік борышын жете түсінген күрескер 
азаматтың образын сомдайды.
Ақын тудырған жаңа бейнеден өмірде өзі үшін емес, өзгелердің бақыты үшін 
күресуге бел байлағандық, шын берілгендік байқалады. Сондықтан да Ахмет өлеңдерінде 
құрғақ ділмәрсу, мағынасыз ұраншыл айқай аз, тіпті жат. Әр сөз өз орнын тауып, 
салмақтана түседі. Сонымен бірге ақын нақты адамды, оның сезім-күйін жырлай отыра 
қазақ қоғамының ең бір ділгір мәнді мәселелерін көтеріп, жалқыдан жалпыға бұрылады.
А. 
Байтұрсынұлы 
творчествосындағы 
ұлт-азатшыл 
бағыт 
оның 
саяси 
бостандыққа жетуді аңсауынан, қазақ халқын орыс патшасы езгісінен азат етіп, 
отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ ұлтының өзін-өзі басқаруына қол жеткізу арманынан, 
бар даусымен үн қосуынан көрінеді.
Қазағым-елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып (71,30 б).
Ахметтің осы «Жиған-терген» өлеңі түгелдей «масаның» соңғы басылымында 
1922 жылы жарияланды. Бернияз Күлеев айтуына қарағанда, төңкерістен бұрынғы 
«масаларда» соңғы шумақ цензура рұқсат етпегендіктен берілмей келген. Өйткені мұнда 
халық басына төнген ең күшті қауіп анық та айқын көрсетілген.
Ахмет өлеңдерінде осынау ғаріп күйге түсудің себебі іздестіріліп, арғы негізіне 
ой жүгіртілді.
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын құйса жылжи беру 
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік... 
Ақын отаршылдықтың кесір-кесапаты ауыз бірліктің жоқтығынан деген ойға 
бекіп, ел тұтқасын ұстағандар халық намысын сатып, басқаға бодан еткеніне қабырғасы 
қайысады.
Қараймын кейін, 
Орысқа шейін.
Хан бағыпты қазақты.
Баға алмай жөндеп, 
Басқаға көн деп, 
Артқан жұртқа, азапты.


Бас адамдар халықты, 
Сатып, сыйлар алыпты. 
Өткен замандағы ел ағаларының жіберген қателіктеріне өкіне отырып, ақын өмір 
ағысының бір орнында тұрып қалмасын сезеді. Тарихта жаңғыру мен жаңару болып 
жататындығын, өткендердің қателігін қайталамай, жаңа жолға бастап, жаңа заманға қарай 
көш түзеу қажеттігін ескертеді. 
Жолдар бар өзге,
Жоба бар сөзге,
Жүрекке дөп, ойға жөн.
Өз өмірін күреске арнаған ақын отаршылдықтың шынжыр-бұғауын тас-талқан 
етер қуатты күнді аңсап, тезірек жетуін асыға күтеді:
Қашан жанып шамшырақ,
Сәуле беріп жарқырап,
Болар жарық төрт тарап?! 
Қашан маған іздеген. 
Күліп жылы жүзбенен, 
Болар серік бақ қарап. 
Ақын үшін бақыт ұғымы, бақыт ұғымы революция ұғымына пара-пар. Ақынның 
лирикалық кейіпкері бақытты күнді аңсаушы ғана емес, сол күннің тезірек жетуіне 
себепкер болуға ұмтылады. Елдің бетке ұстар замататарын бірлікке шақырып, күреске 
үндеген Ахмет өлеңдері бостандықты, азаттықты аңсаған әлемнің алдыңғы қатарлы 
прогресшіл үнімен ұштасып жатады.
Мен бұқтым-жаттым, 
Сен бұқтың-жаттың,
Кім істемек қызмет?! 
Ауызбен айтып,
Істерге қайтып,
Жоламасақ не міндет?- деп халқының көкейкесті арманын жырлауда ештеңеден 
тайсалмайтындығын, ақ жол нұсқаудан шаршамайтынын айтады.
Ахмет өлеңдері тек күрес құралы ғана емес, оның өлеңдері -әрі әлеуемттік 
мәселені көтерген, өмірдің өзінен ойып алған суреттер мен сын-сарынға толы, көркемдік 
деңгейі жоғары мәнді сөз жиынтығы. Оның өлеңдері-ақынның жан айқайы. Сондықтан да 
Ахмет өлеңдері ішкі сезім, ой-пікірге толы.
Жүрегіңнің жарасын 
Көрсет жұртқа, қарасын, - 
деп жылаған ақын жиған-түйген ой-пікірін, ашу-ызасын, үзілмес үмітін, жүретін тербеген 
сан сезімді өлең өрнегіне түсіре отырып, туған халқымен сырласқандай болады. Жаныға 
да жарыла сөйлейді, тебірене-толғана сөйлейді. Қараңғы қазақ елін, қайран жұртын 
аятқысы келген. Өз қарекетін уаны төгер «қара шұбар жыланның» сырын сезініп, 
малшыны оятқысы келген эмаса әрекетіндей сезініп, ащы да болса ашық шындықты 
айтқысы келді.
Сөйтіп ол 1911 жылы Орынборда төл өлеңдер жинағын қалың ұйқыда жатқан 
қаперсіз халқын ояту үшін «Маса» қылып ұшырады.
Түсіне қарап 
Ішінен түңілме 
Күшіне қарап 
Ісінен түңілме, - деп басталған «Маса» өлеңдер жинағы осылай дүниеге келеді.
Ойды жинақтай келе, сауаты, саңылауы жоқ қазақтың халқын жау еңсесін басып, 
қара бұлт қаптап, түнше түнеріп тұрғанда, кеудесінің бар күшін аямай, жанын құрбан 
қылып, жарыққа қарай өрге сүйреген сүйікті ұстаз, қажымайтын қаһарман-Ахмет 
Байтұрсынов артына елеулі мұра қалдырып, әдебиетке өз үлесін қосқан.


Ахмет Байтұрсынов- қазақтың әдеби тіліне негіз салушы, қазақты «ән» деп 
бастап оқытып, надандықбпен күрескен бірінші ұстаз, оқу ісіне жазуға жаңалық кіргізген 
дана реформалар, патшашыл үкіметтің зұлым саясатымен қажымай күресіп, қарсы пікірін 
таратқан қаһармен, қазақ халқының атақты ақыны, қай жағынан болса да қазақ халқының 
көсемі.
Жоғарыда 
айтылған 
пікірлерді 
жинақтап, 
пысықтай 
отырып, 
Ахмет 
Байтұрсыновтың ақындық мұрасы жайында мынадай екі ерекшелікті атап айтуға болады.
Біріншіден Ахмет Байтұрсынов –ағартушы, ғалым, қоғамдық- саяси қайраткер 
ретінде қандай ірі тұлға болса, ақындық өнерде де қайталанбас орны бар, туған 
әдебиетімізде тұтас бір дәуірді бейнелейтін кесек бітімді дарын иесі. Өз өмірін туған 
халқының бостандығы мен бақыты жолындағы күреске түгелдей бағыштаған ең алдым ен 
осы жолда қару етіп пайдаланады. Бұл тұрғыдан алғанда, оның есімі өзінің алдында ғана 
өткен ұлы Абай дәстүрінің ең бірінші мирасқорларының қатарында аталуға лайық.
Екіншіден, Ахмет Байтұрсынов өзінің ақындық мұрасы арқылы ХХ ғасырдың бас 
кезіндегі қазақ әдебиетіне халық мүддесінің жоқшысы бола алатын саяси күрескер 
бейнесін әкелді. Өзінің барлық әрекетін туған елінің мұң-мұқтажымен ажырамастай 
тұтастықта деп түсінген ақын шабытты жырларында дәл сондай жанкешті күрескердің 
бедерлі, беделді тұлғасын жасады.
Бұл екі ерекшеліктің екеуі де туған әдебиетте кейіннен кең өріс алып, өркен 
жайған жемісті нышандар.
Сондықтан оларды әрі қарай жан-жақты зерттеп, ғылыми тұрғыдан терең 
байыптау-әдебиеттің таяу болашақтағы абыройлы міндеті.
Ахметтей саңлақ елдің ұрпағы болашақта ақын салған сара жолдың ізбасарлы 
екені даусыз.
Ұлылыққа тән бар қасиетті бойына ұялатқан асыл арыс екі ғасыр тоғысындағы 
алма-ғайып заманда елінің елдігі, туған халқының теңдігі үшін отаршылдыққа қасқайып 
қарсы тұрған қажырды қайратымен ұрпақ жадында мәңгі қалары сөзсіз.
Иә, Ахметтей адамзаттық ойдың алыбын енді танып, кемел ілімінің кеніне енді 
ғана кенеліп жатырмыз. Әйтсе де, бүгінде бұл тұрғыда біраз ізденістер жасалғанын атап 
өткен жөн. Ахметтануға кешегі Міржақып, Елдес, Телжан, Сәкен, Мұхтар, Смағұлдар 
салған сара жолды бүгінгі Р. Сыздықова, Ж. Ысмағұлов, Р. Нұрғали, С. Дәуітов, А. 
Ісмақова сынды көрнекті ғалымдар ахметтанудың даңғылына айналдырып, кеңейте 
түсуде.
Көрнекті тарихшы ғалымдар К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, Қ. 
Атабаевтар Байтұрсынұлының ұлы тұлғасын қоғамдық-саяси қайраткерлік, ұлт күрескері 
тұрғысынан жан-жақты ашса, әр саладағы жас ғалымдар түрлі ғылым саласы бойынша 
зерттеп, ізденіс ауқымын ұлғайтты. Бү Момынова «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси 
лексика (1994), Т. Қасенов «Мысал жанрының стилі мен тілі (Ахмет Байтұрсынұлы, 
«Қырық мысал») (1994), А. Қыдыршаев «А. Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» 
(1995), А. Машканова «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ жазуының реформаторы» (1996), Қ. 
Сақов «Қазақ» газетіндегі ұлттық –саяси мәселелердің жазылуы» (1998), Р. Үсембаева 
«Ахмет Байтұрсынұлы мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке 
тәрбиелеу» (1999), Б. Иманбекова «Ахмет Байтұрсынұлының тәлімдік ой-пікірлерін 
педагогикалық колледждердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары» (2000), И. 
Ыбырайжанов «Ахмет Байтұрсынұлының білім жайлы педагогикалық мұралары» (2001), 
Ж. 
Байтелесова 
«Қоғамдық 
сананы 
қалыптастырудағы 
Ахмет 
Байтұрсынұлы 
публицистикасының ролі» (2002), К. Ашекеева «Ахмет Байтұрсынұлының философиялық 
көзқарастары» (2003), Г. Ерназарова «Қазақ публицистика тілінің дамуындағы А. 
Байтұрсынұлы кезеңі» (2004), Қ. Ибраймов «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі 
терминология және стилистика мәселелері» (2005), А. Байтұрсынұлы музейінің қазіргі 
директоры Р. Имаханбетова «Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы 


(мұрағат деректері негізінде)» (2006) деген тақырыптарда кандидаттық диссертациялар 
қорғады.
«Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» атты 2 томдық оқу құралының (2002) Ахмет 
Байтұрсынұлы туралы үлкен тарауын жазып, «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті» 
атты жоғары оқу орындарына арналған оқулығымыздың (2002) бір тарауын Ахаңа 
арнадық. «Алаштың азатшыл әдебиеті» (2007) атты монографиялық зерттеуімізде ХХ 
ғасыр бас кезіндегі әдебиетте ұлт-азаттық идеяның негізін қалаған А. Байтұрсынұлы 
екендігін дәлелдеп, арнайы бөлім жаздық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет