жай қара сөз түрінде баяндалғаны мәлім. Оның "өзіндік стилін, тіл кестесін, үлгі-өрнегін"
Шәкәрім қажының Мағауия Абайұлының, М. Әуезовтін сол есімді шығармаларынын
бітім-болмысынан іздестірді.
Шәкәрім қажы "Боранның" бастапқы калпын сақтауға тырысқан. Бірақ,
"Дубровскийге"қарағанда мұнда еркіндік басымдау. Жоғарыда салыстыру барысында
нақты айтып өткеніміздей, кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігін әртүрлі
қақтығыс-
тартыстың әлеуметтік, психологиялық негізін айқындайтын детальдардың талайы
орынсыз қысқартуға ұшыраған. Шағындалған, жинақталған эпизодтар да баршылық. Бұл
жайттар бәрінен бұрын шығарманың сыршылдық, көркемдік сипатына көлеңке түсірген.
Әлгіндей
өзгертулер, әріне тәржімашының мүмкіндігіне шалғай келгендіктен емес,
біріншіден, оған поэзияның табиғаты -майда-шүйдеге көңіл аудармай, тек өмірдегі ең
елеулі мәселелерді ғана теріп алуды талап ететіндігі "кінәлі",
екіншіден, ақын кейбір
жағдаяттарды қазақ оқырмандарына қажеті шамалы деп ұйғарып, жай қалдыра салған ба
дейміз. Ондай шешімнің артық-кемі бір кезде байқалмаса, аударманың қазіргі биік
өнерлік деңгейге шырқаған шағында назарға ілікпеуі мүмкін емес. Асылы,
бағаның өз
лайығына сақ әділ белгіленуі қашанда ақылға сыйымды, жарастықты құбылыс. Қалай
десек те Шәкәрім қажының білікі де талантты аудармашы екеніне еш күман жоқ.Оның
басты дәлелі- Пушкин,Толстой шығармаларының ол
жасаған қазақша нұсқалары,
әсіресе, «Дубровскийдің» тәржімасы.
Ғұлама ақын ғұмырнамасының бүгінгі таңдағы зерттелу деңгейі қандай?
Ақын алғаш рет саяси "жылымықта", 1958 жылы, ақталды да "Қазақ әдебиетінде"
өлеңдері мен шығармашылығы туралы мақала жарияланды. Амал қанша саяси ахуал
қабағы тағы өзгеріп акын есімі қайта жабылды. Жиырма жыл өткенде, яғни 1978 жылы
"Поэты Казахстана" атты кітапта жазушы Мұхтар Мағауин ақынның өмірі мен
творчествосы туралы мақаласын жариялаған еді. Алайда
жалғыз карлығаш көктем
әкелмейді. Шәкәрім мұрасының халқымен қайта қауышуы бұдан соң да ұзақ он жылға
созылды.
Ақыры 1988 жылы (бақсақ ақын өмірінде "8" санымен аяқталатын үнемі өзгерісті
жыл) Шәкәрім шығармалары жинағының екі кітабы бір уақытта басылып шықты.
Біріншісі - "Жазушы" баспасынан шыққан көлемі 560 беттік " Шәкәрім шығармалары"
атты кітап. Онда Шәкәрімнің өмірі мен өнері жайлы Әбділда Тәжібаев пен Шәмшиябану
Сәтбаеваның "Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)" деген мақаласы берілді. Шәкәрімнің
өлеңдері мен поэмалары топтастырылған "Жалын" баспасынан шыққан көлемі 254 беттік
"Жолсыз жаза атты екінші кітапта Мұхтар Мағауиннің "Абайдың інісі" деген Шәкәрімнің
өмірі жайлы мақаласы жарияланды. Осы жылдың 15 сәуірінде жұртшылық "Қазақ
әдебиеті" газеті бетінен Қайым Мұқаметхановтың "Шәкәрім"
атты еңбегін оқып, ақын
ғұмырнамасына қаныға түсті. Ал, бұлардан төрт жыл кейін яғни 1992 жылғы "Жұлдыз"
журналының N11 санында Шәкәрімұлы Ахаттың "Менің әкем, халық ұлы — Шәкерім"
атты көлемді естелігі жарық көрген болатын.
Міне, Шәкәрім ғұмырнамасы жазылуының қысқаша тармағы осы. Аталған
еңбектерде де өзекті мақсат - ұмытылған Шәкәрімді туған халқымен қайта қауыштыру
болды. Екіншіден, олар кешегі кеңестік саяси көзқарас дәуірінде жазылды.
Сондықтан
Шәкәрімнің қазақтың ақыл-ойы мен философиясына қосқан үлесі, ақынның толысу,
кемелену кезеңдерін саты-сатылап анықтау сияқты мәнді тақырыптарға тұсау салынды.
Ал, бұларсыз көп мәселелердің бетін ашу, мысалы, туындыларының жазылу уақытын
шатастырмай дұрыс анықтау қиын, бәлки мүмкін емес.
Сонымен, Шәкәрімтану ғылымы жетер өрісіне жетті деуге әлі ертерек. Ал оның бір
саласы – қажының өмір тарихын зерделеп зерттеу аяқталмаған ғылымдық жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: