ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
сақтықтарды осы 1939-1941 жыл да-
ры жазылған мақалалардың көбін-
де кездесетінін ескеретін болсақ,
С. Мұқановтың алғы сөз ретінде жа-
зылған бұл мақаласы эпикалық жыр-
лардың жанрлық тарихи сипаттары
мен әдебиеттегі орнын белгілеуде
фоль клорлық мұраны жариялау, зерт-
теу жолында фольклористика ғылы-
мына өзіндік үлесін қосты.
Батырлар жырының туу не гіз-
дерін, халықтың тарихына қарым-
қатынасын терең зерттеп бірнеше
еңбектер жазған Ә. Марғұланның
«Халық жырын туғызған мотив-
тер» атты мақаласы соны пікірлер
көтеруімен құнды. Халық шы ғар-
машылығының, оның ішінде ертегі,
жырлардың бостан-босқа туа сал-
майтынын, халықтың тұрмыс-тір-
шілігінде ерекше орны бар әдеп-
ғұрып, салт-сана белгілері мен тари-
хи оқиғаларына қатысты мотивтердің
әсері, эстетикалық рөлі болғанын
ғылыми дәлелдейді. Бұл мотивтерді
халықтық әлеуметтік өмірмен тығыз
байланыста қарай келіп, олардың
бірнешеуін атап көрсетеді. Автор не-
гізгі мотивтер деп: а) бейбіт тұр мыс,
еркін өмірді аңсау, ә) әдет-ғұрып,
салт-сана жолын ұстау (тұрмыс-салт
жырларын туғызатын мотивтер. –
Ж. С.), б) төрт түлік мал, в) ел қорға-
ны ерлерді сүю, мадақтау, г) ел бас-
шысы, ақылшы қарияларды құрмет-
теу, ғ) ер анасы әйелді ардақтау,
д) ғашықтық, сүйіспеншілікті дә-
ріптеу, е) өлеңге, өнерге деген құш-
тарлық және тағы басқаларды атап,
халық поэзиясының әр түрінің шы-
ғуының негізгі себептерін ашады.
Бұл мотивтердің халық поэзиясын
жанрлық табиғатына сай зерттеу
жүргізуде әр шығарманың халықтық
сипатын ашудағы маңызын нақты
көрсетеді. Сол сияқты жыр мен
ертегінің сюжеттік ұқсастығы олар-
ды айтушыға, жырлаушыға байла-
нысты болғанын, батырлық ерте-
гіні жыршы-жырау эпостық жырға
қалай айналдырса, эпостық жырды
ертегішілер ертегіге солай өзгертіп
жібере алатынын нақты мысалдар-
мен дәлелдей келіп, «кейбір жыр
түрі уақыт өте келе ұмытылып, қара
сөзбен айтылатын ертегіге айналуы
мүмкін», – деген пікір білдіреді.
Ғылыми зерттеу мақалалардың
негізгі нысанасына айналған ауыз
әдебиетінің бір көлемді саласы – ер-
тегілер. Е. Ысмайыловтың, Б. Кен-
жебаевтың т.б. мақалаларында ерте-
гілер халық шығармашылығының
аса бай мұрасы ретінде қаралып,
жанрлық сипаты мен тақырыптық-
идеялық, мазмұндық жағынан бір-
неше түрлерге жіктеледі. Әр түрін
бір-бірінен салыстыра отырып ерек-
шеліктерін, халық өмірінің айнасы
болғанын, яғни халықтың арман ті-
легі, қиялы, тұрмыс-салты, әлеу мет-
тік-эстетикалық көзқарасы се зі ле тіні
жүйелі баяндалады. Е. Ис ма йылов
қазақ ертегілерінің шы ғу себептерін
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
131
Достарыңызбен бөлісу: |