ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жолын дәлелдеп береді. Сонымен
қатар, біз фольклорлық мұраны иге-
ру, зерттеу жұмыстарына байланыс-
ты алғашқыда жинау, жариялау, на-
сихаттаудан басталған мақалалардың
таза ғылыми сипатқа ие болу жолы
мен түсіндірмелік мәнде көрінген
ой-пікірдің әдеби-тарихи, әдеби-тео-
риялық тұрғыда ғылыми талдауға
дейінгі дәрежеге қалай көтерілгенін
байқаймыз. Бұлар – қазақ халқының
фольклорлық мұрасын игеру, зерт-
теу бағытындағы мақалаларда ғана
көтеріліп, тексерілген проблемалар.
Егер осыған сол дәуірдегі оқулық-
хрестоматиялардағы түсіндірмелер
мен әр жанрға байланысты шыққан
жинақтардағы алғы сөздерді, оқу-
лықтардағы талдауларды, кейбір ал-
ғашқы монографиялық сипаттағы
зерттеулерді қосатын болсақ, соғысқа
дейінгі дәуірдегі қазақ әдебиеттану
ғылымының туу кезеңіндегі зерт-
теулердің сапасы мен саны өсе түсері
анық.
1930 жылдардың басында әде-
биет пәнін оқыту мен оқулықтар
жасауға оң бағыттағы көзқарас пай-
да болды. Бұл қазақ баспасөз бетінде
Ә. Тәжібаевтың «Қазақ әдебиетін
оқыту туралы», Ө. Тұрманжановтың
«Қазақ әдебиетін оқыту туралы» атты
мақаласында көрініс берді. Авторлар
қазақ әдебиетінің оқулығын, про-
граммасын жасауды қолға алу тура-
лы проблемалық мәселелер көтере
отырып, ол үшін қазақ әдебиетінің
тарихын зерттеу қажеттігіне көңіл
аударады. Осы отызыншы жылдар-
дан бас тап қазақ әдебиетінің мек-
тептер мен оқу орындарында арнау-
лы пән бо лып оқытылуы Е. Ыс-
майылов айтқандай: «Әдебиеттану
ғылымының бірте-бірте дамуына
түрт кі болды... Қазақ әдебиетінің та-
рихын зерттеуге арналған бірқатар
еңбектер, оқулықтар, хрестоматия-
лар жарыққа шықты». Әдебиет та-
рихынан жазылған оқулықтардың
қажеттігін өзінің ұстаздық қызметі
арқылы қатты сезінген С. Сейфуллин
1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетін-
де ашық хат жариялаған болатын.
Онда маркстік-лениндік эстетика
прин циптері көрініс тауып: «Ең бек-
ші таптың совет мектебіне лайық
тарих кітабы, әдебиет тарихы әлі де
жазылып шыға алмай келеді», – деп
фольклорлық үлгілер мен ақын-жы-
раулар шығармаларын жинап жі -
беруді әдебиет сүйер қауымнан өті-
ніш жасайды. Осы хаттан соң С. Сей -
фуллин қазақ әдебиетінің тарихын
зерттеу жұмысына белсене кірісіп,
1931 жылы «Қазақстанның ескі әде-
биет нұсқалары», 1933 жылы «Ба-
тырлар жыры» жинақтарын және
бір неше ақындар шығармаларын жи-
нап бастырады. Қазақ әдебиеттану
ғылымының туу кезеңінде қазақ
әдебиетінің тарихын зерттеуді ар-
найы да айрықша көтерген С. Сей-
фуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1932)
атты оқу құралы болды. Осы оқу
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
134
Достарыңызбен бөлісу: |