ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
кезеңдегі өресін танытатыны анық.
Бірақ мақала қазақ әдебиеттану ғы-
лымына дендеп еніп келе жатқан
маркстік-лениндік әдіснаманың қағи-
далары мен партиялық идеология-
дан да сау қалмаған. Сөзіміз дәлелді
болу үшін автордың мына бір пікірін
келтіре кетейік. «Біздің мәдениетіміз
жалпы адам баласының мәдениетінің
санаулы бір мүшесі болмақ. Жалпы
мәдениет базарына біз өзіміз жаса-
ған мәдениет бұйымымен бармақ-
пыз. Біз олардан алсақ, олар бізден де
алмақ. Интернационализмнің негі зі –
мәдениеттің сыртқы түрін (ұлт тық
кескінін) бір түсті қылу емес, ішкі
маңызын бір тілектен шығару. Қазақ
әдебиетінің сыртқы сипаты қазаққа
ұқсаса, ішкі мазмұны жалпы адам
баласының қызметіне жұмсалу ке-
рек. Сондықтан біздің әдебиет – тап
әдебиеті, еңбекші таптың әдебиеті».
ҚазАПП сыншы-әдебиетшілері қа-
зақ ақын-жазушыларын тапқа және
әр түрлі топқа бөліп, «қазақтың про-
летарлық әдебиетін тек еңбекші тап-
тан шыққандар ғана жасайды» деп,
ақын-жазушыларға
«ұлтшылдар»
жә не «жолбикелер» деген атақ тағып
жат қанда С. Садуақасовтың бұлай
жазбасқа амалы қалмаған болуы ке-
рек. Әрине заман талабы солай бол-
ды ғой деп ақтап алуға да, екі жақты
көзқараста болды деп даттап тастау
да орынсыз. Бұл ғылыми-зерттеуші-
лік ой-пікірдің 20-жылдардың соңына
қарай әрі-сәрі халде тұрғысынан ха-
бар бергендей. Ұлттық әдебиеттану
ғылымының туу процесі өте қиын да
күрделі кезеңде өткеніне бұл да бір
дәлел.
Бұл пікірталастағы Қ. Кемеңгер-
ұлы, «Екеу», С. Садуақасов және
та ғы басқаларының мақалаларында
көрінген ғылыми-зерттеушілік ой-
пікір әдебиет тарихын зерттеуді қол-
ға алу, әдеби мұраны игеру жолын-
да оны «тұрпайы социологизмді»
жақтаушылардан қорғап қалу мақ-
сатында заман ыңғайына қарай ең-
бекші тап мүддесіне орайластыра ой
айтқанымен, саясатта да, әдебиетте
де, сында да «ұлтшылдыққа» қарсы
күрес өрши түсті. Әдебиет сынын-
да солақай сыншылдық белең алып,
«тұрпайы социологизм» позиция-
сын қолдап шықты. Бұл туралы
ға лымдар Т. Кәкішев пен Д. Ыс -
қақовтың еңбектерінде егжей-тег-
жейлі айтылғандықтан тоқталып
жату артық. Ғ. Тоғжанұлының «Әде-
биет және сын мәселелері» (Қы зыл-
орда, 1929), Е. Бекенұлының «Көр-
кем әдебиет туралы кім не үшін
күреседі» (Жаңа әдебиет, 1929, №2)
және «Еңбекші қазақта» жариялан-
ған Ә. Мұсаұлының «Көркем әде-
биет мәселесіндегі айтыс туралы»
(1929, 17 сәуір), Ғ. Мүсірепұлының
«Әдебиет айтысына» (1929, 4 та мыз),
Ә. Тәжібайұлының «Әдебиеттегі
«смағұлшылдық» (1929, 2 қазан),
С. Мұқанұлының «Әдебиет тура-
лы ашық хат» (1929, 18 желтоқсан)
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
164
Достарыңызбен бөлісу: |