ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
дағы қазақ әдебиетінің шындығы
мен дамуы жайында дұрыс еңбек
С. Мұқановтың 1932 жылғы кітабы-
нан кейін жазылған жоқ, зерттеу ісі
жүргізілген жоқ». Қазақ әдебиеті нің
осы дәуірін зерттеушілер олар дың
«ұлтшылдығын»,
шығармала рын-
да ескілікті көксейтіндігі, төңкеріс
туғызған жаңа заманды түсінбеге-
нін, соған лайық шығармалар бере
алмағанын бірінен соң бірі қайталап
айтып, оларға С. Мұқанов берген
бағаны да айта алмады. Ал зерттеуді
енді ғана қолға алып, олардың әде-
биет тарихында алатын орнын бел-
гілеуге кірісіп жатқандарға бұл кітап
негізгі табан тірер тірек болып, «та-
рихи деректердің көзі болып қала
берері даусыз». С. Мұқановтың осы
ақын-жазушыларға заман ағымымен,
«ұлтшыл-алашордашыларға» қарсы
күрестің ықпалымен және «сола-
қайлықпен айтылған пікірлерін әри-
не түзету керек». Бұл жолда оқулық
авторын орынсыз кінәлай бермей,
қазақ әдебиеттану ғылымы ғылыми-
зерттеу әдіснамасының әлі меңгере
қоймаған, қазақ әдебиетінің тари-
хын зерттеу мен дәуірге бөлу әлі
бір жүйеге түспеген, жеке ақын-жа-
зушының халықтығы мен таптық
сипатын ашу басты мақсат болған
отызыншы жылдардың талап-ті-
легімен қараған дұрыс болады. Қа-
зақ әдебиеттану ғылымында бұл
оқу лықты әр түрлі ғылыми аспектіде
қа растырған Е. Бекенов, Т. Нұртазин,
Т. Кәкішев, Р. Бердібаевтар жеке да-
рындарды бағалаудағы кемшілік те-
рін ғылыми тұрғыда талдай келіп,
алғашқы монографиялық зерттеу деп
бағалайды.
Қорыта айтқанда, С. Мұқанов-
тың «XX ғасырдағы қазақ әдебие ті»
оқулығы ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің әдебиет тарихын тексеруде
тереңдей түсуіне әсер еткен, қазақ
әдебиеттану ғылымында әдебиет
та рихын дәуірге бөліп зерттеудегі
ізденісті жалғастырған, XX ғасыр
ба сындағы әдебиеттің көрнекті да-
рындарының шығармашылығын тек-
серуді қолға алу қажеттігін көрсетіп
берген, мектептерде әдебиет пәнін
тарихи курс ретінде жүргізілуіне бас-
тама салған еңбек деген тұжырымға
келеміз.
С. Мұқановтың осы бастамасын
жалғастырып, қазақ әдебиетін оқы-
туды әдебиеттің тарихи курсы жоба-
сына жақындату талабымен көрін-
ген, әдебиет тарихын дәуірге бөлудің
жаңа да тиімді жобаларын ұсынған
оқулықтар жазылып шыға бастады.
Солардың бірі – І. Жансүгіров пен
Ғ. Мүсірепов құрастырып шығар-
ған «Көркем әдебиет жинағы» атты
хрестоматия. Бұл жинақта қазақ
әде биетінің тарихи курсына тән ғы-
лыми-зерттеушілік сипат та, ақын-
жазушылар өмірбаяны мен шығар-
маларын талдау жұмыстары да
жоқ. 1914-1933 жылдар арасындағы
ақын-жазушылардың көркем шығар-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
194
Достарыңызбен бөлісу: |