214
ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
алу – кейінгі ғылыми зерттеулердің
бәріне негізгі өзек, басты арна болды
да, уақыт озған сайын осы ғылымның
қалыптасу, өсу, өркендеу жолына бай-
ланысты толысып отырылды. Соны-
мен қатар, әдебиет тарихын жүйелеу
үлкен ғалымдық парасаттылықты,
сыни-эстетикалық
таным-білікті та-
лап ететінін ескеретін болсақ, соғыс-
қа дейінгі дәуірдегі оқулық жазу мен
әдебиет тарихын жасауда ұлттық
әдебиеттану ғылымының ғалым-
зерт теуші, сыншы, әдебиетші кадрла-
ры жасақтала бастады. Қорыта кел-
генде, ғасырымыздың ұлы жазушысы
М. Әуезовтің «әдебиеттану жүйесі
бізде орта мектепте оқу құралын жа-
саудан туды» деген пікірінің асқан
білімдарлықпен айтылғанына куә бо-
ламыз.
Достарыңызбен бөлісу: