Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет255/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
талап етілді. Алғашқыда ақын жә-
не сыншы ретінде ғана танылған 
Е. Ысмайыловтың қазақ әдебиетінің 
тарихы мен теориясын зерттеуші 
болып ауыр жүкті арқалауы – үлкен 
ерліктің белгісі десе де болады. Автор 
осы дәуірді, яғни қазақ әдебиетінің 
ең бір өркен жайған тұсын, бұрын 
ғылыми тұрғыда терең сөз бола 
қоймаған көрнекті ақын-жазушылар 
есімдері арқылы жаңаша жаңғыртуы 
осыны дәлелдейді. Сөз еткен ақын-
жазушыларға социологиялық арқауы 
ба сым талдау жасай отырғаны мен, 
әділ бағалауға ұмтылған С. Мұ -
қанов бұл дәуірді маркстік-ле-
нин дік әдіснаманың талабына сай 
«ұлтшылдық дәуірдің әдебиеті» деп 
ата ған болатын. Оқу құралдарында 
зерттеу нысанасына түсіп отырған 
ақын-жазушылар мұрасынан Абай 
мен Ыбырайдың шығармашылығы 
ғана дау туғызбайтын. Бұрын-
ғы зерттеушілерге біршама қарас-
тырылғанымен, «алашордашыларға 
бүйрегі бұрған» Сұлтанмахмұттың 
өзі де дұрыс бағалана қоймаған бо-
латын. Оқу құралындағы шығар-
машылығы ғылыми тұрғыда алғаш 
рет тексеріліп отырылған Ш. Бөкеев, 
Н. Орманбетұлы, М. Ж. Көпеев, 
С. Көбеев, Ғ. Қарашев, С. Дөнентаев 
секілді ақын-жазушылар мұрасы 
туралы бірді-екілі мақала ғана бол-
маса, олар ғылыми зерттеушілік ой-
пікірдің зерттеу нысанасынан тыс 
қалған еді. 
Автор оқу құралында тарихи са-
лыстырмалық әдісті басшылыққа 
ала отырып, ақын-жазушылардың 
өмірбаяндық деректерін молынан 
келтіру арқылы сол дәуірдің тарихи 
шындығын ашады. Әсіресе, отар-
шылдық саясаттың зорлық-зом бы-
лығын әшкерелеудегі әр дарынның 
өзіндік ерекшелігі мен ағартушылық, 
гуманистік идеяларды жырлауы ту-
ралы тың тұжырымдар білдіреді. 
Ал көркем шығармаларын талдау 
барысында олардың халықшыл-
дық көзқарасын дәлелдеудегі ой-
пікірі таптық сипатқа негізделмеген. 
«Алайда XX ғасыр басындағы 
әдебиет өкілдерінің дүниетанымдық 
көзқарасындағы қайшылықтар да 
болды», – деп ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің сол кездегі деңгейіне сай 
талап-тілек те ескерусіз қалмаған. 
Автор ол қайшылықтар ақын-жа-
зушылардың өз шығармаларында 
халықты бостандық, теңдік үшін 
күрестің жолын көрсете алмауы 
мен революцияны бірден түсініп 
кете алмаулары деп көрсетеді. Осы 
сипаттағы пікірлер кездескенімен, 
оқу құралының басты жаңалығы –
маркстік-лениндік әдіснаманың ең -
бекші тап әдебиеті және үстем тап 
әдебиет деп бөліп тастаған тап-
тың көзқарасынан аулақ болуы. Ол 
зерттеліп отырылған ақын-жазу-
шылардың өнерпаздық тұлғасын бар 
мүмкіндігінше тарихи шындыққа 
сай бағалауға негізгі себеп болған. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


275


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет