ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
• ұлт әдебиетінің ғылыми тари хын
жасау, оны дәуірге бөлу, әр кезең-
нің тарихи және қоғамдық сипатын
лениндік екі түрлі мәдениет туралы
қағидаға сай анықтау;
• шығармашылық мұрасы маркс-
тік-лениндік әдіснама талаптары-
на қайшы келмейтін Жанкісі, Шал,
Үмбетай, Ақылбай, Мағауия, Біржан
сал, Ақан сері секілді дарындарды
зерттеу, әдебиет тарихындағы орнын
белгілеу;
• қазақ баспасөзінің туу және қа-
лыптасу тарихын тексеру, олардың
ағартушылық бағыттағы ой-пікірге
қосқан үлесіне баға беру;
• қазақ прозасы мен поэзиясының
өсу, өркендеу жолын ғылыми сара-
лау;
• қазақ әдебиетінің орыс және
басқа халықтар әдебиетімен байла-
нысын тексеру.
Өкінішке орай, бұл айтылған
жаңаша сипаттағы проблемалардың
барлығы да маркстік-лениндік әдіс-
нама қағидаларына сай қарасты-
ры луы керек болды. Әділін айтсақ,
бүкіл кеңестік әдебиеттануға негіз
болып отырған осы секілді өзекті де
келелі мәселелердің қойылуына кон-
ференцияны ұйымдастырудың ар-
қасында ғана қол жетті. Ол да болса
қазақ халқының ұлттық мүддесіне
байланысты айтылар барлық ой-
көзқарасты тұншықтырумен келген
заманның талабына сай бір қадам
болса да алға басу еді. Тәуелсіздік
алғанға дейінгі кезеңде, осы конфе-
ренция туралы айтылған пікірлердің
денінде оның «қазақ әдебиеттану
ғылымының кең арнада дамуына
мүмкіндік тудырғаны» ерекше атала-
ды. Бұны түгелдей жоққа шығаруға
да, немесе қоштауға да болмайды. Біз
конференцияның жоғарыда көрсеткен
кемшіліктері мен жетістіктері тура-
лы тұжырымымызға сүйене отырып
бағаласақ, онда қазақ әдебиеттану
ғылымы «бір адым алға, екі адым
артқа» басты десек, аса қателессе
қоймаймыз. Қалай дегенмен де бұл
конференцияның әдебиет туралы
ұлттық ғылымның қалыптасу кезеңі
үшін айтарлықтай орны болғаны та-
рихи шындық. Онда Е. Ысмайылов
баяндамасында айтылған: «Қазақ
әдебиеттану ғылымының тарихы-
на көз жіберсек, оның негізінен екі
кезеңді бастан кешіргенін байқауға
болады. Біріншісі – үйрену, идеялық
творчестволық принциптерді игеру
кезеңі. Бұл революцияның алғашқы
кезеңінен соғысқа дейінгі дәуірді
қамтиды. Екіншісі – соғыстан кейінгі
дәуір, яғни қалыптасып, даму дәуірі»
деген пікіріндегі екінші кезеңінің
толық аяқталып қалғаны дәлелденді.
Оны М. Әуезов өз қорытынды
сөзінде: «Ал, міне, бүгін «Қазақ
әдебиеті тарихы» деген келелі, ұзақ
сөрелі әдебиеттану ғылымы туғанын
көреміз. Сан алуан зерттеу, моногра-
фиялар жалпы әдебиет тарихымен
қоса сол жаңа ғылымның қатарын
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
352
Достарыңызбен бөлісу: |