ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
жариялаған. Сондай-ақ, салт-сана,
әдет-ғұрып мәселелерінен мәлімет
беретін этнографиялық құны бар
«Мархаба шегри рамазан», «Китаб
қисса-и Наурыз» сияқты кітаптар
туралы да мақалалар жариялаған.
Бұл мақалалардың кейбірінде қазақ
әдебиеті жайындағы алғашқы сын
пікірлер берілсе, кейбірінде әдеби
нұсқалар, басылып шыққан кітап-
тарының мазмұны берілген.
Шығыс зерттеу ғылымында аса
құнды еңбектер қалдырған, қазақша
кітаптардың жарық көруіне белсе-
не араласып, ат салысқан Н. Ф. Ка -
тановтың қазақ елінің әдебиеті,
фоль клоры, мәдениеті саласында
жаз ған мол мақалалары бар. Нико -
лай Федорович Катановтың қазақ
библиографиясының негізі қала нуы-
на қосқан үлесі зор деп білеміз.
Қазақ елінің тарихын, этногра-
фиясын, фольклорын, мәдениетін
зерттеуші ғалым Александр Ефи-
мович Алекторов Байтоқ ақынның
Жәңгір ханның өліміне арнап шы-
ғарған өлеңін жазып алып, 1898 жы-
лы Қазан университетінің археоло-
гия, тарих, және этнография қоғамы
хабарларының жеке оттискі ретінде
жариялаған. Бөкей ордасында инс-
пекторлық қызметпен жүргенде
ел аузынан жазып алған бұл нұсқа
халықтық әдебиет нұсқасы ретінде
де, ішінде көркем сөз өрнектері мол
берілген салт өлеңдерінің нұсқасы
ретінде де көңіл аударатын шығарма
деп Н.Ф. Катанов кітапқа жазған
алғы сөзінде айтқан болатын.
А. Е. Алекторов қазақ балала-
рын оқыту жұмысымен айналыса
жүріп, бірнеше оқулықтар басты-
рып шығарды. Солардың бірі –
1891 жылы Мәскеуде В. А. Просина
типографиясында басылып шыққан
қазақ балаларына арналған алғашқы
әліппелердің бірі саналатын «К му-
дрости ступенька» деген оқулығы.
Кітапты құрастырушы «КО» деп
қол қойған. Қазақ балаларын оқыту
үшін алдымен әліппенің маңызына
тоқталған кітаптың алғы сөзінде
М. Трентьевтің, Ы. Алтынсариннің,
Г. С. Ячниктің қазақ балалары-
на арналған оқулықтары туралы
өз пікірін жазған. Осы алғы сөз де
оқытуды алдымен әліппеден бас-
таудың тиімділіг мен қазақ-орыс
мектептерінде сабақ беретін мұ-
ғалімдердің қазақ тілін жете білуі
керектігі баса айтылған. Оқулықтың
екінші басылымы 1901 жылы Қазан
университетінің баспасынан шық-
ты. Кітап сыртында құрастырушы:
А. Е. Алекторов «Русско-киргизская
азбука» деген тақырыппен басылған
қысқаша алғы сөзден кейін қазақ
әліппесі, кітап соңында қазақша-
орысша сөздік берілген. Әліппеде
қазақ балаларына үйреншікті, күн-
де көріп жүрген, әсіресе көшпелі
өмірге керекті сөздер – өсімдік, жан-
жануарлар, жыл, тәулік, күн аттары
молынан берілген.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
387
Достарыңызбен бөлісу: |