Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет75/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Қазақ әдебиеттану ғылымының 
туу дәуірінде қол жеткізе алған табы-
старын саралаған уақытта, оның өз 
қадамын нық баса алғанын дәлелдей 
түсетін тағы бір жайттарға назар 
аударған абзал. Ол – осы ғылымның 
қосалқы салалары болып табыла-
тын библиография мен текстоло-
гиясына қатысты мәселелердің де 
нақты көтеріле бастауы. Ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір осы екі сала 
бойынша алғашқы барлауларының 
жиынтығы болып табылатын кейбір 
нәтижелерін ұсынып та үлгерді. 
Егер бұл барлауларды тарамдата 
баяндасақ, библиографияның тұң-
ғыш қадамы ХІХ ғасырдың соңына 
қа рай көрініс берген екен. Оның нақ-
тылы себебі де жоқ емес. Ол ұлттық 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде фи-
ло логиялық және биографизм мек-
тептерінің белгілері молырақ орын 
алуының әсерінен еді. Қазақ дала-
сын зерттеген орыс ғалымдарының 
көпшілігі орыс әдебиеттануындағы 
осы мектептердің ықпалында бола-
тын. Проффессор Ә. Нарымбетовтің: 
«Революцияға дейінгі көрсеткіштер 
комплексті сипатта болды. Қазақ 
әдебиетіне тікелей арналған көрсеткіш 
бола қойған жоқ. Қазақ әдебиетіне 
байланысты библиографиялық де-
ректер экономика, статистика, этно-
графия, шаруашылық, тарих жайлы 
материалдардың ішінде жүр ді», –
деп атап көрсеткеніндей, олардың 
көрсеткіштері жалпылама сипатта 
құрастырылды [25, 9]. Қазақ әде-
биеті туралы библиографиялық мағ-
лұматтар мен деректер көбірек кез-
десетіндері де бар. Атап айтсақ, 
З. М. Пенкинаның «Закаспийский 
край. Систематический сборник би-
блиографических указаний книг и 
статей» (Спб., 1888), А. Н. Хару-
зиннің «Библиографический указа-
тель статей, касающихся этногра-
фии киргизов и каракиргизов 1734-
1800 гг.» (Этнообозрение, 1891, 
№2), «Киргизы Букеевской орды» 
(1889), Е. А. Алекторовтың «Указа-
тель книг, журнальных и газетных 
статей и заметок о киргизах» де-
ген атпен «Оренбургский листок» 
газетіне 1892-1893 жылдары, «Тур-
гайская газетада» 1895 жылы, Қазан 
университеті «Хабаршысының» 1900 
жылғы 16-томында жарияланған 
көрсеткіштері, Д. К. Зелининнің 
1913 жылғы Санкт-Петербургтен 
шыққан библиографиялық көрсет-
кіштері бұл сала бойынша жүр гізі-
лер жұмыстардың ізашары болды. 
Бұлардың қатарында ұлт зиялы-
ларының өкілдері болмағаны мен, 
орыс ғалымдарының қазақ әдебиеті 
мен фольклоры туралы материал-
дарды библиографиялық тұрғыда 
жү йелеуге ұмтылыс жасауы, келе-
шекте жүзеге асар үлкен істің баста-
масы еді. Қазақ библиографиясының 
білгір мамандарының бірі Ә. Нарым-
бетов оны дұрыс бағалай отырға-
нымен, төңкеріске дейін осы орыс 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет