Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет84/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
қатты сыналғанымен, ол кеше ғана 
ұлт тәуелсіздігі үшін бір мақсатта 
жүрген қазақ зиялыларын екі лагер-
ге жіктеп тастады да, олар идеология 
майданында бітіспес күреске шықты. 
В. И. Лениннің «Біз қай мұрадан бас 
тартамыз?», «Пролетарлық мәдениет 
туралы», «Жастар Одағының мін-
деттері» секілді еңбектерінен туын-
даған әдеби мұраға баға бергенде 
қандай таптың мүддесі тұрғысынан 
жазылғанына ерекше назар ауда-
ру қажеттігін талап еткен жаңаша 
көзқарасы мен «біз әрбір ұлттық 
мәдениеттің ішінен тек оның де-
мократиялық және социалистік эле -
менттерін ғана аламыз, оларды ал-
ғанда тек қана және сөзсіз түрде әрбір 
ұлттың буржуазиялық мәде ниетіне, 
буржуазиялық ұлтшыл ды ғына қа-
рама-қарсы қою үшін аламыз» де-
ген қате қағидасы көптеген қазақ 
зиялыларының келешек тағдырына 
шығарылған үкім болды. Бұл қате 
қағида қазақ әдебиеттану ғылымы-
на «ұлтшылдық», «ұлтшылдық-бай-
шыл дық әдебиет» деген ұғымдарды 
енгізді. Фольклор мен әдебиет та-
рихын таптық тұрғыдан зерттеу 
мәселесін күн тәртібіне қойды.
Алғашқы кезде пролет культ-
шыл дық көзқарасқа бой беріп ал ған 
Кеңес үкіметі мәдени мұра тура-
лы саясатын тез түзетіп алып, мә-
дени-әдеби қазынаны жұмысшы 
табының мүддесіне сай пайдалану 
ісін жедел қолға алды. Әдеби мұ-
раны жинап-жариялау және ғылыми 
зерттеуді маркстік-лениндік мето-
дология 
принциптері 
негізінде 
жүр гізуді қатаң талап ете бастады. 
Осы ған байланысты әдеби-тарихи, 
әдеби-теориялық бағыттағы ұлттық 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір алдын-
да аса зор мүмкіншілік пен жағдай 
туды. Ол арғы бастауларынан бастап 
ғасырларға созылған ғылыми даму 
жолын жалғастыруға ұмтылды. Бірақ, 
маркстік-лениндік методология оның 
осы талабын пайдалануға тыры сып, 
таптық идеологиядан тыс әде биет 
пен ғылым болмайтынын ұқтыру 
үшін жаңа әдіснаманы меңгеруді, сол 
бағытта зерттеу жүргізуді үнемі қа-
дағалап отырды. «Маркс солай айт-
ты екен деп өз пікірін өзгертпеген 
(А. Байтұрсынов) және өздері «ұлт-
шыл», «ұлтшыл-алашшыл» атана 
жүрсе де «ел бүгіншіл, ал менікі ер-
теңгі үшін» деген, төңкеріске дейінгі 
әдебиеттану ғылымының туа баста-
уына еңбек сіңірген әдебиетшілер 
әдеби мұраны игеру жұмыстарын 
жүргізе берді. Фольклорлық мұра-
ның көптеген үлгілері жарияланды, 
зерт теу нысанына айнала бастады. 
Пролеткультшылдық көзқарас са-
рынымен төңкерісшілдер үрке қа-
рап жүргенімен әдебиет тарихын-
да көрнекті орын алатын ақын-
жазушылар шығармалары басылып 
шықты, олар туралы зерттеушілік 
ба ғыттағы ой-пікір айтыла баста-
ды. Жаңа заман талабына сай қиын-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


101


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет