ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жазу арқылы халық өміріндегі ор-
ны на көңіл аударуды, жинаудың,
ел ау зы нан жазып алу жолындағы
жұмыс тар
дың орындалу техникасын,
бел гілі бір нұсқаның көп вариантты-
лы ғының ғылымдық мәнін үнемі
ескертіп отырды. Фольклорлық мұра
жайындағы
ғылыми-зерттеушілік
көз қарастың жоғарыдағыдай дәре-
же де айтылуы қазақ әдебиеттану
ғы лымының 1920 жылдардың бас
ке зінің өзінде-ақ туа бастағанын
дәлелдеу процесіне бет алғанын аң-
ғар тады. А. Байтұрсыновтың бұл
пі кірін С. Мұқанов кейінірек жаз-
ған бір еңбегінде: «Ел әдебиеті ба-
сылуы қажет, бірақ оны басқанда
марксшілдік көзқараспен түсіндіріп
беру керек, әйтпесе бұқара өз бетімен
түсіне алмай адасады» деп маркстік-
лениндік әдіснаманың принципіне
сай нақтылай түскен болатын.
Пролеткультшылдық
нигилизм
мен «тұрпайы социологизм» әді-
сіне қарағанда «бірыңғай ағым»
тео риясының әдеби мұраны иге-
ру, зерттеудегі тиімді рөлін жоққа
шы ғаруға болмайды. Кейінде ғана
қайта орала бастаған халық ауыз әде-
биетінің көптеген үлгілері әдебиет
сүйер қауымның рухани азығына,
фольклорист ғалымдардың зерт-
теу нысанына айнала бастады. Осы
1920 жылдардағы кейбір пікірлерде
айтылып, қазақ әдебиет тарихын
зерт теуде үстемдік алған «тұрпайы
со циологизм» әдісінің әсерінен кейі-
нірек фольклорлық мұралардың
көп шілігі халыққа жат саналып, ба-
тырлар жырынын тек қана «Қамбар
батыр» жырына іш тартқан кезімізді
еске алсақ, «бірыңғай ағым теория-
сын» үнемі даттаушылыққа шүбәлана
қарамасқа болмайды.
С. Мұқанов пікірінде сол дәуір-
дегі жинау, зерттеу жұмыстарына
байланысты бірқыдыру шындық бар.
Қазақ оқығандары бастырған әдеби
мұра мен жеке ақын шығармашы-
лығына жазған ғұмырнамалық алғы
сөздер мен түсіндірмелерде фоль-
клор лық және классикалық мұраның
халықтық және тарихилық сипаты
дұрыс бағаланбаған кезі жоқ емес.
«Бірыңғай ағым» теориясына бой ұру-
шылар әдеби мұраны жинау, жария-
лау, олардан үйрену, халық қажетіне
жарату және зерттеу проблемасын
көтеріп жатқан кезде, пролеткуль-
тшылдар кең насихаттаған нигилис-
тік көзқарас пролетарлық әдебиеттің
кейбір өкілдерінен қолдау тауып,
«халық творчествосы үстем таптың,
байлар табының дәуірінде жасалған,
үстем тап идеологиясын насихаттай-
ды», «Біздің принциптеріміз байшыл-
ұлтшылдардың принциптерімен рай-
ласпақ емес, өйткені біз әдебиетті
(әдеби мұраны. – Ж. С.) еңбекшілер
тұрғысынан бағалаймыз, ал байшыл-
ұлтшылдар байлардың тұрғысынан
қарайды. Сондықтан біздің ымыраға
келуіміз мүмкін емес» деген пікірлер
жалпылама түрде айтылып, әдеби
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
106
Достарыңызбен бөлісу: |