Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет91/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
дары төңірегіне топтасқан жас ақын-
жазушылардың, әдебиетші-сыншы -
лардың арасында әдеби мұ раға деген 
оң көзқарас туып, оның тарихилығы, 
халықтығы және жанр лық ерекше-
лігін терең сөз етпесе де, әдеби-та-
рихи талдау жа сауға ұмтылғандары 
аз емес. Сон дықтан «Әдебиетта ну-
дың алғашқы дәуірінде айтылған осы 
ой-пікірлерді бүгінгі эстетикалық 
биік тен қарап даттауға болмайды
қай та анықтама, тұжырымдардың 
бір ден-бірге қомақтана, нақтылана, 
мән дене түскеніне назар аударған 
жөн» деп білу керек [31, 74]. Бұл жер-
де маркстік-лениндік әдіснаманың 
ал ғашқы кездегі жетекшілік рө лін 
жоқ қа шығаруға болмайды. Фоль-
клор лық шығармаларға таптық по-
зиция тұрғысынан келгенімен, 1920 
жылдардың алғашқы жартысын-
дағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікір-
де ол сөз арасында жалпылама ай-
тылғандықтан, кейіпкердің қай тап-
тан шыққанына байланысты ба ға лау 
тым өріс алып кетпеген еді. Фоль-
клорлық мұраның көптеген үл гілері 
«бай-феодалдар табының мүд десін 
көздейді» деген секілді ба ға лаулар 
болғанымен, оларды жи нап-жариялау 
мен зерттеудің алғаш қы қадамдары 
жасалып жатты.
Әдеби мұра, оның ішінде халық 
ауыз әдебиеті туралы әртүрлі пікір-
лер мен көзқарастарды бір арнаға 
салу 1924 жылғы қазақ білімпаз-
дары бірінші құрылтайының күн 
тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі 
болды. Құрылтайда 1917-1924 жыл-
дар аралығында халық шығарма-
шылығының үлгілерін жинау, жа-
риялау жұмыстары қорытындылана 
келе, оның алдағы уақыттағы қыз-
метіне бағыт-бағдар берілді. «Ха-
лық ауыз әдебиетін қалай, қайтіп 
және кімдер жинау керек?» деген 
мәселелермен қоса, жаңа дәуірдегі 
қазақ фольклорының да шығарма-
ларын жинау, оларды басып шы ғару, 
жеке халық ақындарының өлең дер 
жинағын шығару сияқты пробле-
малық мәселелер терең сөз болды.
Құрылтайға жиналғандардың «бі-
рыңғай ағым теориясы» мен «тұр-
пайы социологизм» бағытындағы 
көзқарасты жақтаушылар болып 
екі ге бөлінуі, әдеби мұра туралы ай-
тыс-тартысты ерекше күшейте түсті. 
Мә дени мұраға ғылыми тұрғыдан 
қа рау бұрмаланып, қазақтың халық 
ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауды 
бір жүйеге салу туралы шешім тұ-
жырымдалмай қалды. Алайда құ рыл-
тайдың әдеби мұра жөніндегі көз-
қарастағы бір қателікке, яғни «халық 
ауыз әдебиеті құриды, жа ңа дәуірде 
оның дамуына ешбір мүм кіндік жоқ» 
деген пікірге қатты тойтарыс беріп
фольклордың жазба әдебиетпен қа-
наттаса отырып дами беретіндігіне, 
оны да жинап, басып шығару, халық 
шығармашылығының өкілдерін қам-
қорлыққа алу керек тігіне назар ау-
дарғанын атап өткен абзал.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


108


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет