ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
оған той өлеңдері деген анықтама
беріп, жар-жар, той бастар, беташар
деп бөліп талдайды. Х. Досмұхамедов
фольклорлық үлгінің қай түрін сөз
етсе де оның тәрбиелік мәніне де
ерекше көңіл аударып отырған. Мы-
салы, «Бала тілінің дамуы мен жеке
адамның қалыптасуы мәселелеріне
халық балалар әдебиетін зерттеудің
көптеген мағлұмат беретіні сөзсіз,
сондықтан да қазақ педогогтері бұған
дұрыстап көңіл аударулары қажет».
Сонымен қатар, келтірілген мы-
салдардың В. Радлов пен Ә. Ди ваев
орысшаға аударған үлгісі мен қазақ
тіліндегі нұсқасы қатар берілген.
Автордың ғылыми-зерттеу, бағалау
сипатындағы көптеген пікірлері де
көңіл аударарлық. Мысалы, мақтау
өлеңдердің айтылуы бұрын халық
үшін жасаған қызметі мен ерлікке
байланысты айтылатынына, осы түр-
дің шығуына сол себеп болғанына
тоқтала келіп: «Мақтау жырлары
бұрынғы кезде тек шын мәнінде ең-
бегі сіңген, лайықты адамдарға ба-
ғышталса, ал кейін мақтаушыға сый-
сияпат беру дәстүрі бұндай одалар-
дың мәнін түсіріп, сый, лауазым,
қошамет алу үшін небір жалған сөз-
дер айтылып отырды. Бұл құбылыс-
ты өткен ғасырдың 1970 жылда-
рында Абай тұңғыш байқап, өзінің
өлең сөзімен аяусыз әшкереледі», –
деп жазады. Автор осы тараудағы
өзі мазмұндап шыққан қазақ ауыз
әдебиеті үлгілерін бір жүйеге салу
мақсатымен, келесі тарауды «Қазақ
халық әдебиетінің классификация-
сы» деп атап, толық кестесін берген.
Х. Досмұхамедовтің бұл фольклор -
лық жанрларды жіктеуінде М. Әуе-
зов тің «Әдебиет тарихы» еңбегінде
жасаған классификациясындағы жү-
йелілік жоқ. Алайда, автор халық
ауыз әдебиетінің барлық үлгілерінің
түрін қамтыған және көптеген жік-
теулер мен атаулар қазіргі қазақ
фольклористика ғылымындағы клас-
сификацияда кездеспейді. Сол себеп-
тен Х. Досмұхамедов жіктеген үлгіні
түпнұсқасында (очерк орыс тілінде
басылған) түгел беруді дұрыс көрдік.
ІІІ. Қазақ халық әдебиетінің клас-
сификациясы.
1. Эпос (жыр) а) батырлық; б) та-
рихи; в) хайуанаттар.
2. Ертегі.
3. Мақал-мәтел.
4. Жұмбақ.
5. Ырым сөз.
6. Жаңылтпаш.
7. Наным-сенім.
8. Әпсана.
9. Он екі жылдық жыл есебі – мү-
шел (жыл мезгілі, ай, апта күндері,
олардың шығуы мен мәні туралы
әңгімелер).
10. Перілік хикаялар (Жалмауыз
кемпір, жезтырнақ, марту, қара, ал-
басты, обыр, үбе, жын, пері).
11. Космогониялық әңгімелер (ас-
пан шырақтары, күн күркіреу, найза-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
119
Достарыңызбен бөлісу: |