ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
социологиялық талдаудан өткізіп,
фольклористикалық жүйелі клас-
сификация жасады, көптеген соны
ой, тың пікірлер айтты, параса-
ты мол фольклорист ғалым екенін
ай қындады.
Қазақ
әдебиеттану
ғылы мының туу және қалыптасу
процесіне Сәкеннің қосқан үлесі зор
дегенде осы жайлар айрықша еске
алынары өзінен-өзі түсінікті», – деп
жазады атақты сәкентанушы ғалым
Т. Кәкішев. Біздіңше, бұдан артты-
рып айту мүмкін емес.
1930 жылдардағы фольклорта-
ну саласындағы зерттеу жұмыстары
туралы ойымызды түйіндесек, сөз
етілген еңбектер мен мақалалардан
ұлттық әдебиеттану ғылымы келе-
шек даму жолына қажетті негізгі
тек серетін нысаналары мен пробле-
маларын нақты шешіп алғанын
байқаймыз. ХХ ғасырдың бас кезінде
әдеби мұраны жинау, жариялауды на-
сихаттаудан басталған әдеби-тарихи,
әдеби-теориялық бағыттағы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір толыса келіп,
ғылыми мақалалар мен зерттеулерге
ұласты. Олар қазақ фольклорының
өзекті мәселелері жайында жазылуға
тиісті болашақ ғылыми еңбектер мен
монографияларға жол басшы бол-
ды. Қазақ фольклористика ғылымы
оңаша отау болып, жеке шаңырақ
көтерді. Бұл қазақ әдебиеттану ғы-
лы мы өзінің туғандығын нақты дә-
лелдеген кезеңінде әдеби мұраны
иге ру проблемасын біршама оңтайлы
ше шіп алғанына айқын дәлел.
2.2. Әдебиет тарихының 1920-1930 жылдардағы зерттелуі
ХХ ғасыр басындағы ұлт әдебие-
тін ғылыми тұрғыда тану мен дәуірге
бөлуде алғашқы қадам жасаған әде-
би-тарихи ой-пікір төңкерістен кейін-
гі жылдарда жалғаса түсіп, әдебиет
туралы ұлттық ғылымның туу дәуірі-
не тән күрделі мәселелерге арала са
бастады. «Әрбір халықтың әдеби-
көркем мұрасында оның бүкіл тари-
хы мен жан-дүниесі, дүниетанымы
жатады. Сондықтан келешек ұрпақ
үшін ол рухани өмір тәжірибесінің
мәңгі тірі бастаулары болып санала-
ды. Бұл шындық Қазан төңкерісінен
кейін-ақ бірден өзіне жол сала бас-
тады», – деп жазылғанындай, өз
бағыт-бағдарын танып қалған әде-
би-тарихи ой-пікір төңкерістен соң
әр түрлі сипаттағы концепциялар
мен көзқарастарға кездесті. Олар
әде биет тарихын классикалық мұ-
раны жаңаша тануға ұмтылған әр
қилы әдістерге сүйенген теориялар
еді. Оның басты себебі, әдебиет-
тану ғылымы 1920 жылдардың бас
кезінің өзінде-ақ классикаға, яғни
өткен дәуірдегі өмір сүрген ақын-
жазушылар шығармашылығына, ерек -
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
142
Достарыңызбен бөлісу: |