ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
секілді мақалаларында әдебиет та-
рихын ғылыми тұрғыда тануды сөз
еткен әдебиетшілердің көзқарасы
«ескілікті көксеу, абайшылдық ты,
ахметшілдікті тудырғысы келу, «ұлт-
шылдық-байшылдық» пиғыл» болып
түсіндірілді. Бұл ғылыми-зерт теу-
шілік ой-пікірдің әдебиет тарихын
зерттеуге деген ұмтылысына, әдебиет
туралы ғылымның туу процесіне
белгілі бір дәрежеде тұсау салды.
Осындай сипаттағы мақалаларды
пар тия саясаты мен идеология қол-
дап-қолпаштап қана қоймай, кейде
ушықтырып отырды. Осыдан соң
іле-шала «ұлтшыл-алашшыл» атал-
ған қазақ оқығандарының басына
сталиндік зұлмат төнді де, әдебиет
тарихын зерттеу ісі саябыр тарта бас-
тады.
Алайда, әдебиет тарихын зерттеу
проблемасын көтерген мақалалар
жоғарыда сөз еткендермен шектеліп
қалмайды. Олардағы классикалық
мұраны игерудегі көзқарасты қуат-
таған басқа да мақалалар шыққан бо-
латын. Оларда классиктердің әдеби
дамудағы дәстүрдің ықпалы, әсіресе
Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт, Ма-
хамбет творчествосының жаңа дә-
уір әдебиетінің дамуына әсері тура-
лы дұрыс қорытынды жасай білді.
Бұл мақала авторлары пролетар-
лық әдебиеттің болашағына сенім-
сіздікпен қарап, көптеген ақын-жа -
зушыларды ұлтшыл, жолбике сана-
ғандықтан және ғылыми-зерттеу-
шілік ой-пікірі жағынан өрелі биікке
көтеріле алмағанымен, классикалық
мұраға жаңашылдықпен қарауды на-
сихаттап отырды. Мысалы, Ы. Мұс-
тамбаев «Абай қазақ үшін Пушкин-
мен пара-пар. Оның өлеңдері – зор
мағыналы тарихи уақиға. Біздің ен-
шімізде қалған ескірмейтін мұра», –
деп бағаласа, Ғ. Тоғжанов әдеби-
мәдени мұра жөніндегі сол кездегі
әдебиеттану ғылымында талап етіл-
ген маркстік-лениндік қағиданы тү-
сіндіріп, ауыз әдебиеті үлгілерін де,
классик ақын-жазушылардың шы-
ғармаларын да, орыс әдебиетінің
ықпалын да жаңа әдебиеттің қажетіне
жарата білуге үндеді.
Қорыта келгенде, жиырмасын-
шы жылдарда қазақ әдебиетінің
клас сикалық асыл мұрасын тарихи
тұрғыда сөз етуге ұмтылған мақа-
лалар осы кезеңдегі әдеби-тео рия-
лық, әдеби-тарихи негізде тексеру
бағытындағы ғылыми-зерттеушілік
және сыншылдық ой-пікірдің жүйе-
лі түрде айтылуын қалыптастыр-
ды. Сол арқылы қазақ әдебиеттану
ғылымының тууына, әдеби сынның
қалыптасуына ықпал жасады. Со-
нымен қатар, ғылыми-зерттеушілік
сипатымен ғана емес, нигилистік
көзқарас пен тұрпайы социоло-
гизм теориясына қарсы полемика-
лы өткір пікірі мен талдауларында
әде биет туралы ғылымның жалпы
методологиялық мәселелерін де кө-
тере білді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
165
Достарыңызбен бөлісу: |