Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет189/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
кеткен жөн. М. Әуезовтің орталау
орта мектептердің VІ класына арнал-
ған «Әдебиет-хрестоматиясы» халық 
ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап 
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 
байланысты туған жырларға дейін-
гі аралықтағы шығармаларды бер-
ген, ешбір талдау түсіндірмелер жоқ, 
таза хрестоматиялық жинақ тү рінде 
болды. Бұнда фольклорлық нұс-
қалардан соң, Крылов, Махамбет
Пуш кин, Лермонтов, Гоголь, Шев-
ченко, Абай, Некрасов, Ыбырай, Тол-
стой, Сұлтанмахмұт шығармаларына 
кең орын берілген. Бұл хрестома-
тиялар оқушы шәкірттердің білімін 
молайтуға, әдеби-эстетикалық таны-
мын көтеруде ғана болмаса, қазақ 
әдебиеттану ғылымының туып, қа-
лыптасу жолына пәлендей еңбек 
сіңірді деп айта алмаймыз. Соны-
мен қатар, бұл оқулықтардың да ғұ-
мыры ұзаққа бармады. Сталиндік 
зұлматтың «халық жауларын» әш-
керелеу науқанына орай көптеген 
оқу лықтар қолданудан шығарылып 
тасталды. Жеке ғылым саласы ре-
тіндегі кескін-келбетін енді таны-
тып келе жатқан қазақ әдебиеттану 
ғылымына әдебиет тарихын зерттеу 
мен оқулықтар жазу проблемасы тағы 
да қойылып, оларды тек маркстік-
лениндік әдіснаманың сталиндік бұ-
ралаң жолдарының талап-тілегіне 
сай орындау керек болды.
Қазақ интеллигенциясының ба-
сына екінші рет төнген осындай 
қиын-қыстау кезінде Е. Ысмайы лов 
пен Т. Ақшолақовтың 1938 жыл ғы 
құрастырған «Әдебиет хрестоматия-
сы» ғылыми-зерттеушілік си пат-
тағы оқулық-хрестоматия дәре же-
сінде көрінді. Мұнда әрбір жазушы 
жөнінде өмірбаяндық толық де-
ректер, шығармаларына әдеби-тео-
риялық, шығармашылығына әдеби-
тарихи талдаулар беріліп отырылған. 
Біздің ойымызша, осы оқулық-
хрестоматиялар өз кезеңінде үш 
бірдей үлкен міндетті абыроймен 
атқарып шықты. Біріншіден, мек-
тептерде хрестоматиялық жинақтың 
міндетін атқарса, екіншіден, оқулық, 
оқу құралының да орнына пайдала-
нылды. Ал үшіншіден, әдебиет та-
рихын зерттеу, ондағы жеке дарын-
дардың алатын орнын белгілеу мен 
дәуірге бөлу жұмысын да қоса ат-
қарды. Әдебиет туралы ғылым 
өзінің туғандығын дәлелдеп келе 
жатқан кезеңі үшін – бұл маңызды 
міндеттердің бірі. Оны біз жоғарыда 
сөз еткен М. Жолдыбаев, М. Әуезов, 
М. Қаратаевтар құрастырған, С. Сей-
фуллин мен Ө. Тұрманжановтар шы-
ғарған «Әдебиет хрестоматиялары-
нан» бір көрсек, енді Е. Ысмайылов 
пен Т. Ақшолақовтың оқулық-хрес-
томатиясынан тағы да байқар едік.
Бұл оқулық-хрестоматия ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірде маркс-
тік-лениндік әдіснаманың то лық 
үстемдік алғанын ғана емес, ұлт-
тық әдебиеттану ғылымының туған-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


207


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет