ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жалпы тұрмысы жеке реализмді
көтермейді. Ал реализм мен сенти-
ментализмнен қол үзуге болмай ды»,
– деп жазғанынан ешқандай тың ой
байқалмайды. Онымен қоса мақа-
лада тапшылдық көзқарастың айрық-
ша даңғазалануынан туған «про-
летариат әдебиетін тек жұмысшы
та бынан шыққандар жасайды» де -
ген көзқарастың ықпалы анық се зі-
леді. Содан да болар, «Тікен» әде-
би-теориялық ой-пікірдің осы са ла-
дағы соны ізденістері сипатын таны-
татын жаңаша ой айта алмаған. Ал
«Ақжолда» жарияланған Малай Құ-
тымның «Әдебиет туралы» (№ 570),
«С. Я» деген автордың «Жастар-
ды тәрбиелеудің құралы – әдебиет»
(№ 570), «Пошанның» «Әдебиет
мәселесі туралы» (№ 574) деген
мақалалары соны бағыттағы елең
еткізерліктей жаңа ұсыныстар жасай
алмағанымен, «Тікенге» қарағанда
жоғарыдағы еңбектердегі көзқарас-
ты қолдайтындықтарын анық бай-
қатты. Соның нәтижесінде ұлттық
әдеби-теориялық ой-пікірде қазақ
әдебиетінің ендігі даму жолы роман-
тизм болуға тиісті деген теориялық
түсінік қалыптаса бастады.
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс-
тер арқылы қазақ әдебиетінің қан-
дай дәуірдегі өркендеу кезеңінде
екенін анықтаудың осылайша айрық-
ша сөз болуы әдеби-теориялық ой-
пікірдің жаңа қадамдар жасауына
әсер етті. Ол жеке ақын-жазушылар
шығармашылығын әдеби ағымдар
мен әдістердің белгілеріне сай зерттеу
арқылы өнерпаздық тұлғасына баға
беру жолындағы ізденістердің көріне
бастауы еді. «Пошанның» «Әде биет
мәселесі туралы», Ж. Аймауытов-
тың «Мағжанның ақындығы» атты
мақалалары бұл бағыттағы алғашқы
еңбектер еді. Бірақ, ол әрі қарай өріс
тауып өркендеп кете алмады. Оған
біріншіден, төңкерісшіл-тапшыл қа-
ламгерлер мен сыншылардың әдеби
ағым мен көркемдік әдіс мәселесін
теориялық тұрғыдан сөз етуден гө-
рі, ұлтшылдықты әшкерелеуге көп
назар аударып кетуі кері әсер ет-
се, екіншіден, әдебиетті жаңа дә-
уір идеологиясының белсенді құ-
ралы ретінде пайдалануды қатты
қада ғалап отырған партия, оның
көркем өнер туралы саясаты ара-
ласты. Сол кездің білгір сыншысы
ретінде танылған және өлкелік пар-
тия комитетінде баспасөз бөлімінің
меңгерушісі болып қызмет істеген
Ә.Байдилдин қазақ баспасөзіне шолу
жасай келіп: «Газет-журналдарымыз-
да партия тілегіне, жұмыскер табы
мен ел бұқарасының керегіне жа-
рамды-жарамсыз әдебиет жұрнақ та-
ры талғаусыз басылып келеді. Кей-
бір газеттеріміз (мәселен «Ақжол»)
ұлт шылдар
мен
жолбикелердің
ың ғайына көшіп, кей кезде жолы-
нан жаңылды. Көркемдік, әдемілік
жаулығын бүркенген зиянды әде-
биет жұрнақтарын дәріптеді. Ба-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
232
Достарыңызбен бөлісу: |