ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Еңбектегі өнертану, әдебиетта-
ну, фольклортану салалары бойын-
ша осы кестедегідей терминдер
жү йесінің жасалуынан Ахаңның
ке меңгер ғалымдығы танылады.
Мұн да әдебиеттануға қатысты 327
тер мин қолданылған болса, оның
60-ы (18%) осы күнге дейін пайда-
ланылып жүр. 267-сі (80%) қазір
қолданылмайды. Терминдердің жаса-
лу жолына лингвистикалық тұрғыдан
қарағанда, 67 термин дара тұлғада,
223 термин күрделі тұлғалы (2 сөзден
7 сөзге дейін) болып келеді. Белгілі
бір сөз өнер құрылысына берілген
атау, термин сол құбылыстың адам,
қоғам өмірінің рухани-әлеуметтік
табиғатынан туындап жатқандықтан
да (атау, терминдердің мағыналары-
на құбылысты телу емес) ойға ора-
лымды, көңілге қонымды болып
шық қан. Сондықтан да «жалпы әде-
биет дегеннің болмысы мен бітімін
толғаған сөз өнерінің әліпбиі» бола
алған «А. Байтұрсыновтың «Әдебиет
танытқышы» – қазақ әдебиеттану
ғылымының үлкен көрсеткіші болу-
мен қатар, теориялық ой-жүйесіне
мықтап түрен салған, қазақтың па-
расатты толғамын, ойшылдығын
эстетикалық таным-білігінің мол-
дығын танытқан кезеңдік туынды»
[2, 275].
«Әдебиет танытқышты», жалпы
А. Байтұрсыновтың ғылыми мұра-
сын, оқып-үйрену, игеру және пайда-
лану үшін, ең алдымен, бұл еңбектегі
әр атау, ұғым-түсінік, термин және
категориялық мән-мағынаны, маз-
мұ нын түбегейлі түсініп алу керек.
Академик З. Қабдолов: «Ахаң қа-
лыптастырған әдеби теориялық тер-
миндерге мұқият жауапкершілік-
пен қараған жөн. Ахаң терминдерін
жапа-тармағай жіпке тізе бермей,
таңдау керек, сөйтіп барып талдау ке-
рек», – дей келіп, бүгінгі теориялық
деңгейден табыла қоймайтын кейбір
атауларды оп-оңай формализмге, аб-
стракционизмге, болмаса канон жа-
сап қисық қисынға, қасаң қағидаға
айналдырып алмау керектігін атап
көрсетеді [63, 8]. Алайда «Әдеттегі
дәстүр жалғастығының заңына орай
үш түрлі арнауды әрқайсысымыз
өзімізше пайымдап, қисындап, кей-
де тіпті қиыннан қиыстырып, біз де
(Жұмалиев те, Ысмайылов та, мен де)
кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ, амал
не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін
кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе
сілтеу жасауға мәжбүр болдық», –
деп З. Қабдолов айтқандай, кейінгі
жазылған еңбектерде қолданылған
теориялық терминдердің баламала-
рын былай қойғанның өзінде, алдағы
уақытта ғылыми айналымға енгізуге
сұранып тұрғандары да баршылық.
Мысалы үшін, көсемсөздің қазіргі
ғылыми термин ретінде қолданылып
кеткеніндей, «нақыл сөз», «қанатты
сөз» деп жүрген афоризмді ділмар
сөз, эссені заман хат деп А. Бай-
тұрсынов берген атаулармен атасақ,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
240
Достарыңызбен бөлісу: |