ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
қалыптасқан, көркем әдіс ретінде
әдебиет процесінде әдеби жүзеге
асқан социалистік реализм прин-
ципі» екені қағидаға айнала бастады.
Нәтижесінде көркем әдебиет пар-
тиялық істің бір бөлшегіне, саясат
пен идеологияның сойыл соғар бел-
сенді құралы болу қасиетіне ие бола
бастады да, сын мен әдебиеттану
жаңа эстетика мен теорияның қасаң
қағидасының құрсауына түсті. Та-
биғи даму заңдылығынан айыры-
лып, белгілі бір қалыптығы ойлау
жүйесінен шыға алмайтын күйге ду-
шар болды.
Қазақ әдебиеттану ғылымында
социалистік реализмді алғаш сөз ет-
кен осы мақалалардың және кейін
сөз болатын қазақ фольклорын, қа-
зақ әдебиетінің тарихын, теория-
лық мәселелерін ғылыми қарастыр-
ған әдебиетші-ғалымдар еңбектері-
нің ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге
қосқан үлесін бағалағанда, біздің
мақсатымыз бұрынғыдай не бірыңғай
даттау немесе мақтау болмауы ке-
рек. Себебі, маркстік-лениндік әдіс-
наманы, социалистік реализмді ту-
дырған олар емес, социалистік қоғам,
олар заман талабына сай еңбек етті.
Сондықтан басты нысанаға ұлттық
әдебиеттану ғылымының туу, қа-
лыптасу жолындағы ізденістеріне
қосқан үлесі мен кері әсерін әділ
бағалау керек. Социалистік реализм
әдісімен жазылған көркем шы ғар-
малар болғанын, маркстік-лениндік
әдіснаманың әдебиеттің халық ты-
ғы, таптығы, партиялығы деген қа-
ғи даларының ғылыми-зерттеу ең-
бек терде орын алғанын дәуір та-
лаптарына сай туындағанын есте
ұстай отырып, тарихи шындық
тұрғысынан сараламасақ, бәрін
жоқ қа шығаратын нигилизмге жол
беріп аламыз. Ендігі жерде негізгі
мақсат – кеңес дәуірдегідей «ақсақты
тыңдай, өтірікті шындай» қылмай,
кемшіліктер мен жетістіктерге та-
рихи шындық тұрғысынан келу ке-
рек. Көркемдік дамудың тарихи са-
бақтастығына орай өркендеуге тиіс ті
көркем әдебиеттің идеология құ-
ралына айналуына себепкер болған
социалистік реализмнің принциптері
сол әдебиет туралы ғылымды да
танымдық сипаттағы дәстүрлі жо-
лынан бұрып жіберді. Әдеби да-
мудың заңдылығынан тыс, ойдан
шығарылған бұл әдісті кеңестік иде-
ология мен партиялық басшылық
қажетті жерінде өз мүддесіне сай
өзгеріп отыруына мол мүмкіндік
алды. Ол ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірге де әсер етпей қалмады. Қазақ
әдебиеттану ғылымының тарихында
тұрпайы социологизм теориясына
ұрынудың көп болуы, тіпті «ұлтшыл-
алашордашылар» атанғандар шығар-
ма шылығына байланысты бертінге
дейін келуінің басты себебі де осы-
дан болар.
Міне, осылайша «түрі ұлттық,
мазмұны социалистік әдебиет» жа-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
253
Достарыңызбен бөлісу: |