ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
әдебиет тарихы мен теориясын
зерттеуде әдебиеттің таптығы мен
ха лықтығы қағидаларына сәй кес
келмейді деп тапқан зерттеу ең-
бек тердің бәрін қамтыды және бір-
бірімен байланыстылықта алып тал-
қандап отырды. Оған дәлел – 1950
жылы 26 желтоқсанда «Правда»
газетінде жарияланған Т. Шойын-
баев, Х. Айдарова, А. Якунин се-
кілді тарихшылардың «За марк-
систко-ленинское освещение во-
просов истории Казахстана» деп
аталатын мақаласынан туған сыңар-
жақ көзқарастың өріс алуы. Осы
мақалаға сай КП(б)П Орталық ко-
митеті қаулы қабылдап, жан-жақты
талқылау ұйымдастырды. «Кенеса-
ры – халықтың қас жауы» деген ат-
пен «Әдебиет және искусство» (1951,
№5) журналында жарияланған осы
талқылау қорытындысынан кейін
мерзімді баспасөз бетінде Кенесары-
Наурызбай туралы тарихи жырлар-
дың халыққа жат екендігін дәлелдеу
басталды. «Әдебиет және искусство»
өзінің осы жылғы №6 санын тарих
пен әдебиеттанудағы қаулы көрсеткен
саяси қателіктерді түзету жұмыста-
ры на арнады. М. Ақыжановтың
«Қазақ стан тарихындағы буржуа-
зияшыл-ұлтшылдыққа қарсы» ма қа-
ласында тарих ғылымындағы хан-
дық, феодалдық дәуірді дәріптеуді
талқандаса, Т. Нұртазин «Кенесары-
ның зұлымдығын әшкерелейтін по-
эма» мақаласында М. Сералиннің
«Топ жарған» шығармасын тілге
тиек ете отырып, Кенесарының
еңбекші тапқа, халыққа жат тұлға
екенін түсіндірді. Бұндай әсіре тап-
шыл сорақылықты «Социалистік
Қазақстан» партиялық баспасөз
ретінде саяси тұрғыдан негіздей
түсіп, қазақ әдебиеттануындағы Кене-
сарыға байланысты зерттеулердегі
«ұлтшылдыққа» қарсы күрес ашты.
Мысалы, Ж. Жұмаханов «Тарихи
қаулының бес жылдығы» (14 тамыз)
мақаласында республика партия
ұйымы 1947 жылғы және одан кейін-
гі қаулыларында әдебиетші-ғалым-
дар әдебиет тарихын ұлтшылдық
тұрғыдан баяндап келгенін, ескі ауыз
әдебиетін сын көзімен қарау мін-
деттелгеніне тоқтала келе, «Алай-
да, Е. Ысмайылов, Х. Жұмалиев,
М. Әуезов, Б. Кенжебаев және
басқалары бұл қаулыдан сабақ ала
білмеді. Олар өткен заманда ұлт-
шылдықты жырлаған, қазақ хал қын
өзінің досы ұлы орыс халқына қар-
сы күреске шақырған реакцияшыл
ақындар мен жыршыларды мадақтап,
оларға оқу кітаптарынан орын бер-
ді. Е. Ысмайылов пен Х. Жұмалиев
өзінің кітаптары мен мақалаларын-
да қазақ халқының қас дұшпандары
Кенесары мен Наурызбайды жер-
көкке сиғызбай дәріптеумен болды»,
– деп жазады. Сол сияқты рес пуб-
ликалық партияның үгіт және на-
сихат бөлімінің бастығы И. Храм -
ковтың «Қазақстан әдебиеті жо -
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
309
Достарыңызбен бөлісу: |