ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
негізінен айтыс ұлы ақынның әдеби
мектебі мен шәкірттері төңірегінде
өтті. М. Сильченко да маркстік-
лениндік ілім тұрғысынан қарау
керектігін сөз етіп, ақын тұлғасының
қалыптасуына қазақ фольклоры мен
орыс әдебиетінің ықпалына қарай ой-
ыса берді. С. Мұқанов өз сөзін әріден
бастап, 1920 жылдардағы «ұлтшыл-
алашордашылардың» абайтанудағы
еңбектеріне тоқтала келе, «Қоңыр»
деген автор (М. Әуезов) «Қазақ
әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты ма-
қаласында «А. Байтұрсынов, М. Ду -
латовтан бастап Абай шәкірт тері»
деген тізімге 10 ақын-жазу шыны
тіркеді. Олардың жетеуі революцияға
қарсы болып қазақ халқының тари-
хында қара тақтаға жазылғандығын»
атап көрсетті [81]. М. Әуезовтің
1934 жылғы «Абайдың ақындық
айналасы» мақаласында Мағауия,
Ақылбай, Көкбай, Шәкәрім ғана бол-
са, Ә.Жиреншин кітабы мен Қ. Мұ қа-
метқанов диссертациясында 25-
30-ға жеткенін сынап өтті. Баянда-
машы Шәкәрім, Нарманбет, Турағұл,
Кәкітай, Мүқа, Әубәкірлерді ақын
шәкірттері деген тізімнен шыға-
рып тастау керектігін айтып, әде-
биеттің таптығы мен ұлтшылдық
бұр малаушылыққа қарсы күрес ауа-
нында талдау жасады. Соның салда-
рынан Ақылбай, Мағауия, Көк бай,
Әріп, Әсет, Машһүр Жүсіп, Сұлтан-
махмұт, С. Дөнентаев – барлығы сегіз
ақынды ғана қалдырды. Әйтсе де С.
Мұқановтың: «Бейсенбай, Имам-
базар, Махмуд, Әлмағанбет, Мүр-
сейіт, Мұхаметжан, Самарбай секілді
адамдардың Абай шәкірттері де-
ген тізімге неге кіргізілгенін түсіне
алмадық» деген пікірінің жаны
да жоқ емес еді. Айтыста абайта-
ну саласындағы саяси қате болып
табылған ғылыми негізсіз қатаң
айыптаулардың соққысына ұшыра-
ған М. Әуезов Абай ақындығының
алғашқы кезеңі туралы «тұрпайы
социологизмге» сүйенген теріс көз-
қарасқа дәлелді де дәйекті түрде
тойтарыс беріп, ақынды «керітарт-
па шығысшыл», «түрікшіл-ұлтшыл»
деген секілді оспадар бағалаулардан
қорғап қалды. Шынын айтқанда, ай-
тыста қазақ әдебиеттану ғылымын да
абайтану саласындағы жетіс тік тер
мен ізденістер туралы тарихи тұр-
ғыдан таразылап өткен тек М. Әуе-
зов болды. Басқаларында қайткен
күнде де өзгелер байқамаған қателік
іздеп табу, сол арқылы өзінің ұлтшыл
емес екенін дәлелдеуге деген ұмты-
лыс басым болғаны байқалады. Өз
өмірін Абай мұрасын зерттеуге арнап
өткен М. Әуезов маркстік-лениндік
тұрғыдан сыналған «қателіктерге»
амалсыздықтан келісе отырып, оны
«жою» жолында алда тұрған мін-
деттерді де белгілеуге мәжбүр бол-
ды. Бұл абайтануда жаңашыл бағыт
болып табылатын Абайдың әдеби
мектебі мен шәкірттері туралы соны
ізденістерді жоққа шығарды да, ұзақ
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
307
Достарыңызбен бөлісу: |