Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет324/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
тұжырымды және В. И. Лениннің екі 
түрлі мәдениет туралы қағидасын 
басшылыққа алғанымен, «дүние тану 
мен көркем шығармашылықтың ара 
қатынасы, қазақ әдебиетінде реализм 
дәстүрінің қалыптасу жолдары дүние 
тану мен көркем творчествоның ара 
қатынасы, қазақ әдебиетінде реа-
лизм дәстүрінің қалыптасу жолда-
ры, қазақ әдебиетінің ғылымдық та-
рихын жасау жолдары, жанрлардың 
өсіп-өркендеуі, ұлт әдебиеттерінің 
байланысы және өзара ықпал жа-
сау процестері, аса көрнекті ақын
жазушылар туралы монографиялық 
еңбектер жазу, бүгінгі әдебиеттің 
творчестволық мәселелерін зерттеу-
дегі әдебиет сынының рөлі, қазақ 
әдебиеті мен фольклорының үлгілері 
мен деректерін жинап-зерттеу» се-
кілді әдебиеттану ғылымының ал-
дында тұрған міндеттер теңірегінде 
ой қозғады [1, 24]. Бүгінгі күн 
тұрғысынан қарағанда баяндаманың 
ең жаңашыл жері - қазақ әдебиетінің 
ғылыми тарихын жасау мәселесін 
сөз етуіне орай ұлттық әдебиеттану 
ғылымының өткен жолына баға 
берілуі дер едік. Ғалым «Қазақ 
әдебиеттану ғылымының тарихы-
на көз жіберсек, оның негізінен екі 
кезеңді бастан кешіргенін байқауға 
болады. Бірінші – үйрену, идеялық, 
творчестволық принциптерді игеру 
кезеңі. Бұл революцияның алғашқы 
кезеңінен соғысқа дейінгі дәуірді 
қамтиды. Екіншісі – соғыстан ке-
йінгі дәуір, яғни қалыптасып даму 
дә уірі», – деп көрсетеді [1, 35]. Бұл – 
біз ғылыми қарастырып отырған та-
қырып туралы бірінші айтылған пікір. 
Алғашқы кезеңінде фольклор мен 
әдебиет тарихының материалдарын 
жинау-жариялау процесін өткергені
оны зерттеуде айтыс-тартысқа да 
баруға тура келгені, оқулықтар жа-
сау тәжірибесін бастан кешіргені, 
ол жолда маркстік-лениндік тео-
риямен қарулана отырып, зерттеу 
жұмысында іс-тәжірибе жинақтауда 
ұлтшылдық-буржуазияшылдық 
көзқарастарға соққы беру арқылы 
жүзеге асқанын дәлелдеу мақсатында 
айтылғанымен, ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің ізденістері мен іркілістері 
тұңғыш рет сын таразысына түсті. 
Әсіресе осы ұлтшыл-буржуазия-
шыл көзқарастың зиянды әсерін 
ашу Е. Ысмайыловқа «Тұрпайы со-
циологизм» мен «бірыңғай ағым» 
теорияларының қазақ әдебиет та-
нуында орын алуын кеңірек сөз 
етуге мүмкіндік берген. Конферен-
цияда партияның көрегендік саяса-
ты арқасында деп табылғанымен, 
ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-
пікір «тұрпайы социологизмнің» бет-
пердесін ашуға қол жеткізді. Өйткені, 
партия мен кеңестік идеология өз 
қаулы-қарарлары мен нұсқауларын-
да «тұрпайы социологизмді» қазақ 
халқының ұлттық мүддесіне қарсы 
шеберлікпен пайдаланып отырға-
ны даусыз шындық. КазАПП-тың 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


345


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет