Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет321/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
ақын кім?» (28.11.1958), Ғылым 
академиясының «Хабаршысын дағы» 
З. Ахметовтың «Шәңгерей ақын» 
(№3,1959), А. Нұрқатовтың «Ақан 
сері» (№1,1959), Х. Сүйіншәлиевтің 
«Дулат ақын» (№3,1959), Қ. Жұ-
малиевтің 
«Ш. 
Жарылғасұлы» 
(№10,1959), «Халық мұғалімі» жур-
налындағы Қ. Мұқаметхановтың 
«М. А. Құнанбаев» (№1,1957), Т. Әб-
дірахмановтың «Б. Өтетілеуовтің 
әде би мұрасы жайында» (№9,1959) 
секілді мақалаларынан көруге бо-
лады. Заман талабына сай маркстік-
лениндік әдіснама басшылыққа 
алынғанымен, бұл мақалалардың 
50-жылдардың басында «реакци-
яшыл, керітартпа» деп табылған 
ақындар мұрасын зерттеуді қайта 
көтеруі құптарлық құбылыс еді. 
Бас ты мақсаттары «сын көзімен қа-
рап қайшылықтарын ашу» арқылы 
әдебиет тарихынан орын алып 
қалуына қол жеткізу еді. Ол жол-
да артық-кем айтылып, бүгінгі 
күн тұрғысынан қарағанда тарихи 
шындықтан алыс жатқан тұжы рым-
дар да жасалды. Мысалы, Шор-
танбай туралы мақалаларды алсақ, 
авторлардың бір-біріне қарама-қай-
шы келгені байқалады. Ғ. Мұса-
баев «Шортанбай діншіл ақын емес, 
оның шығармасындағы дін сөздері 
кітап шығару барысындағы Қазан 
молдаларының жамап-жасқауы бо-
лар» деп ақынды қорғаштайды, 
ал Т. Нұртазин «Сөз жоқ, бұл 
мистик-ақырет ақыны» десе, С. Нұ-
рышевтың «Шортанбайдың «Бала 
зары» туралы» («Қ.Ә.», 19.07.1957) 
мақаласында «тұрпайы социоло-
гизм» теориясының салқыны басым 
түскен. Өткендегі әдеби мұраны 
зерттеудегі осындай қаламдар өз 
нәтижесін бермей қалған да жоқ емес. 
Б. Кенжебаевтың «Қазақ баспасөз та-
рихынан мәліметтер» (1956), «Жур-
налист М. Сералин» (1957) атты 
кітапшалары, С. Қирабаев пен бірге 
жазған «ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиеті» (1957) аталатын көмекші 
оқу құралы, «С. Торайғыров» (1957) 
зерттеуі, С. Қирабаевтың «С. Көбеев» 
(1958) деген еңбегі ғасыр басындағы 
әдебиет өкілдері туралы ой-пікірдің 
біршама жүйеленіп қалғанына дәлел. 
Әсіресе С. Торайғыров шығар машы-
лығы туралы зерттеулер артық-кем 
айтылған пікірден арылып, ғылыми 
тұрғыда нақтыланды. 
Міне, ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің төңкерістен бұрынғы әдебиет 
тарихын тексеру жолындағы әр түрлі 
деңгейдегі осындай ұмтылыстарды 
әдеби мұраны зерттеу мәселесіндегі 
әр қилы көзқарастарды бір арнаға 
салудың қажеттігін көрсетіп берді. 
Бұл 1959 жылы қазақ әдебиетінің 
негізгі проблемаларына арналған 
ғылыми-теориялық конференцияны 
ұйымдастырып өткізуге басты се-
беп болды. Сонымен қатар, «Біз әлі 
күнге қырық жыл ішінде Бұқар кім, 
Шортанбай кім – соны бір байламға 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


342


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет