Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет354/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
Көне түркi жазба ескеркiштерi мен 
орта ғасырлық әдеби мұра үлгiлерi 
төл тiлiмiзге аударылып, ру хани қа-
зы наға қосылды. Ұлттық әде биет тiң 
арғы бастаулары ретiнде тұтастай 
қарастырудан гөрi ендi жалқыдан 
жалпыға қарай зерттеу заңдылығына 
сай жекелеген үлгiлерi арнайы 
тексерiле бастады. Алғашқыда тiлшi-
ғалымдар Ғ. Айдаров, Ә. Құрыш-
жанов, М. Томановтардың «Көне 
түркi жазба ескерткiштерiнiң тiлi» 
(1971), А. Ибатовтың «Хұсрау-Шы-
рын» поэмасының сөздiгi» (1974) 
секiлдi еңбектерiнде тiл бiлiмi ғы-
лымы тұрғысынан сөз болған едi. Ал 
әдеби мұра ретiнде зерттеу нысана-
сына алына бастаған «Махаббатна-
ме» (1985,1986), «Оғызнаме» (1986), 
«Қорқыт ата кiтабы» (1986), «Құтты 
бiлiктiң (1986) қазақша жеке кiтап 
болып басылып шығуы, Қ. Өмiр -
әлиевтiң «VIII-XII ғасырдағы көне 
түркi әдеби ескерткiштерi» (1985) мен 
«Cөз атасы» (1987) атты жинақтың 
жарық көруi ежелгi дәуiр әдебиетiн 
зерттеудегi соны қадамдарды таныт-
қаны анық.
Ғылыми-зерттеушiлiк 
ой-пiкiр 
Алаш арыстарының әдеби мұрасын 
жа риялау мен зерттеуге тайсақтай 
бергенiмен, XIX ғасырдағы және 
XX ғасыр басындағы «ескiшiл, кері-
тартпа» атанған ақындар туралы қате 
көзқарастан айыға бастады. Оған 
алғаш Б. Кенжебаев өзiнiң «XX ға-
сыр басындағы қазақ әдебиетi» 
(1976) еңбегiнде жол ашты. Ақмолла, 
Ә.Кердерi, М. Қалтаев, Н. Наушаба-
ев, Ш. Жәңгiров, М. Ж. Көпеевтерге 
орынсыз тағылып келген «ескiшiл, 
дiншiл, кiтаби» ақындар деген 
атақтан арашалап алып, ағартушы 
дарындар екенiн ғылыми бiлгiрлiкте 
дәлелдеп бердi. Ол келдi де қате 
бағаланып келген басқа да ақын-
жыраулар шығармашылығына оң 
көзбен қарай бастауға әсер еттi. 
Бұл жолдағы алғашқы қадам деп 
«Бес ғасыр жырлайдының» 1989 
жыл ғы екiншi басылымын атар 
едiк. Жинақта арада отыз жылдай 
уақыттан соң Дулат, Шортанбай, 
Мұрат, Шәкәрiм, М. Ж. Көпеевтердiң 
және бұрын қалыс қалған тағы да 
жетi ақынның енгiзiлуi, өмiрбаяндық 
мәлiмет пен кеңестiк идеологияға 
нұсқан келтiре қоймайтын туын-
дыларының берiлуi құптарлық құбы-
лыс едi. Ол бiрiншiден, осы дарын-
дар шығармашылығының моногра-
фиялық тұрғыда зерттеле бастауына 
кең жол ашты, екiншiден, төңкерiске 
дейiнгi әдебиет тарихының ақтаңдақ 
беттерiнiң түзетiле бастауын жүзеге 
асырды.
Қайта құру, қоғамды демокра-
тияландыру, ұлттық сана-сезiмнiң 
өсуi жағдайында қазақ әдебиеттану 
ғылымы соны iзденiстер жасады. Ол 
қазақ фольклоры мен әдебиетiнiң 
сан ғасырлық даму жолын ақиқат 
тұрғысынан қарауға кесiрiн тигi-
зумен келген, маркстiк-лениндiк 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


376


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет