дағдыларын дамытады.
Әзірлеу және жобалау (ақпараттық кеңістікте мәселені зерттеу, сыни ойлау дағдылары дамиды) Әр күні сабақ жүргізуде бұл дағдыларды білім беру жұмыстарымен қоса тиімді жоспарлай білсек, оқушыны жеке жан-жақты жетілген, құзіреттілігі жоғары тұлға ретінде қалыптастыруға болады. Сіздермен өз тәжірибемде оқушы бойында дағдыларды қалыптастыру жұмыстарын қалай жүргізетінім туралы ой бөліскелі отырмын.
Ойлау дағдыларының деңгейі: білу, түсіну, қолдану, талдау «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді.Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қызығы мен қиындығы қатар жүретін педагогикалық қызмет жолдарыңызда сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін деп мен өз сөзімді аяқтаймын!
http://emirsaba.org