«ххі ғасырдың жас математигі» атты


жай сан ба, әлде құрама сан ба?(жай) 2



бет3/4
Дата01.09.2022
өлшемі82.44 Kb.
#460125
түріСабақ
1   2   3   4
ХХІ гасыржарыс

1.11 жай сан ба, әлде құрама сан ба?(жай)
2.Ең кіші натурал сан?(1)
3.Геометриядағы негізгі фигуралар? (нүкте, түзу)
4.Барлық бұрыштары тең төртбұрыш (тік төртбұрыш)
5.Үш пар ат 30км-ге шапса, әр ат қанша км-ге шапқан? (30 км)
6.Кесіндіні өлшейтін құрал қалай аталады?(сызғыш)
7.Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады?(түзу)
8.Қабырғасы 6см және 4см тік төртбұрыш ауданы неге тең (24см2)
9.50-ді 0,5-ке бөл ( 100 )
10. Екі жай сан ба, әлде құрама сан ба ? (жай сан )

І - бастаушы: Ұлылардың ұрпағымыз кешегі


Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
«Тіл өнері» сайысына қатысып,
Жұмбақтарды кім үш тілде шешеді?
«Полиглот» - тіл өнері сайысында жұмбақтың шешуін дәл тауып, үш тілде жазу керек(қазақ 10, орыс 20, ағылшын 30 ұпай). Осы турдан соң ұпай саны аз бір оқушы шығарылады.

ІІ - тур: «Полиглот»


1. Алды - артымыз шексіз де,
Жете алмайсыз біздерге.
Сәуле менен кесінді,
шыққан тегін білсін де.
(түзу – прямая – straight)

2. Біз – санбыз, сызықпен бөлінген.


Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық болып көрінген
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген.
(бөлшек – дробь – fraction)

3. Бойы бір қарыс,


Сиып тұр 25 арыс.
(сызғыш – линейка – ruler)

4. Алтын терек, он екі бұтақ,


Үш жүз алпыс бес жапырақ.
(жыл – год – year)

5. Сырт - сырт соғады, уақыт озады. (cағат – часы – clock)

6. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем.
(кітап – книга – book)

І - бастаушы: Ал шәкірттер алды артын оңдасын,


Шешілмеген сұрақтарың қалмасын.
«Ғажайып үштік» сайысында,
Сұрақтарды алда тұрған таңдасын
Бұл сайыста 3 х10, 3 х20, 3 х30 ұпай бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар өз таңдаулары бойынша сұрақтарға жауап береді. Аз ұпайы бар бір оқушы ойыннан шығарылады.

ІІІ - тур «Ғажайып үштік»

10. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
10. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
10. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, сан неше есе өседі? (11 есе)

20. Қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең екі сан. (5; 3)


20. Ешқандай амал қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр. (999)
20. Қар жауғанда жауатын ақшақардың формасы қандай фигураға негізделген? (алтыбұрыш)

30. Бұл зат біреуінің қалтасында, біреуінің сөмкесінде. Бетіңде сандар бар. Ол сан заттар ауысып кетпеу үшін жазылған. Бұл не? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет