(Киім тапсырғанда берілетін белгіше)
30. Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі ешқашан қолынан тастаған емес. Ол өзі ерекше бір зат: өлшеп-өлшеп алып, түр –түрге бөліп тастайды. (транспортир)
30. Бұл заттың пішіні тік төртбұрыш тәрізді. Әсіресе қалалық жерде кездеседі. Ол мектептен қашық тұратын оқушылардың көбінде бар. Мектепке жақын тұратын оқушылардың кей біреуінде де жоқ. Бұл не? (жол билеті)
І - бастаушы: Тағы келді сыналар шақ айналып
Тереңіне білім - теңіз бойланып.
Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр
Алдарыңда «Көкпар»туры күтіп тұр
Бұл сайыста үш пән бойынша таңдаған сұраққа жауап беріледі. Аз ұпайы бар бір оқушы ойыннан шығарылады.
ІІІ - тур «Көкпар»
Математикалық мақал мәтелдер
10. Досыңды ... күн сынама, ... жыл сына. (3)
20. Болар бала .....-інде баспын дейді,
Болмас бала .....- інде жаспын дейді. (15, 25)
30. Ұлыңа ….. жасқа дейін патшаңдай қара,
….. жасқа дейін қосшыңдай сана,
……-тен асқан соң досыңа бала. (5, 15)
Математикалық ребустар
10.
ТРАНСПОРТИР
20.
РОМБ
30.
АКСИОМА
Математикалық жұмбақтар
10. Бір үйде тұрады екен елу батыр
Үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр. (Сіріңке)
20. Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз.(цифрлар)
30. Баланың сегізінде тісі түседі,
Сексенінде ердің ерге ісі түседі.
Еменнің иілгені – сынғаны.
Сексен сегіз тілі бар
Құйқылжыған үні бар. (Фортепиано)
І - бастаушы: ІV - тур «Формулалар сайысы» Бұл сайыста оқушылардың математикалық формулаларының көп жазылуы ескеріледі (әр оқушыға қағаз бен қалам беріледі). Аз ұпайы бар бір оқушы ойыннан шығарылады
І - бастаушы: Жақсы сөзге жүрегі жай табатын
Өз ойын дәлелдеп, нақты айта алатын.
Сөз мәнерін мәйегіне келтіріп,
Шешендер бар ортаға шыға алатын,- деп келесі «Шешендік өнер» сайысын бастаймыз. Тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, шешендігін көрсетеді.
Әділ қазылар алқасы барлық тур бойынша оқушыларды бағалап, «ХХІ - ғасырдың жас математигі» марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |