7 сұрақ
Махамбет Өтемісұлының өмірі туралы мәліметтер келтіріңіз
Махамбет – езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескер ақын, Исатай Тайманов бастаған шаруалар қозғалысына бастан-аяқ қатынасқан, сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері. Еліне, халқына шын беріліп, сол үшін шыбын жанын пида еткен асыл ер, қалың бұқара мақсатын жоғары ұстай білген азамат ақын.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Гурьев пен Орал облыстарына қарасты Нарын құмында туған. Махамбеттің шыққан ортасы – шағын шаруа. Бірақ бір ағасы – Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Ол хан жағында болып көтеріліске қарсы күрескен. Ал Махамбеттің басқа ағайындары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан. Ер жетіп, ат жалын тартып мінгеннен бастап, Махамбет өмірдің жай-жапсарына ой жіберіп, сын көзімен болжай білген озық ойлы албырт жас ретінде көзге түседі. Қалың еңбекші қауымның ортасында өскен ол бұқара халықтың зары мен мұңын жақсы білді, жігіт шағында хан ордасы маңында болып, өзгеше өктем ортаға кездесіп, ондағы сән-салтанат, байлықтың сырын терең түсінді. Байлық пен салтанатқа, сарайдың жылтырауық сыртқы сәніне қызыққан жоқ.
Махамбет ұл болып туған жастың мақсаты: «Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу, алты малтаны ас қылып, ат үстінде күн көріп, ашаршылық шөл көріп» жүріп, жаудан кек алу, халықтың арын, жерін қорғай білу деп түсінеді. Міне, Махамбет жарқын ойлы, жалынды ақын ретінде тарихқа осылай келген-ді.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихында Махамбет пен Абай творчествосы өзінше бөлек үлкен бір бел. Абай ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің шындығын поэтикалық өрнекке бөле білген кемеңгер ақын болса, Махамбет ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жаршысы, насихатшысы болды. Абай әлеуметтік қайшылықтарды негізінен оқу, тәлім-тәрбие жолымен шешуді қолдаған ағартушы-демократ болса, Махамбет – бұл мәселеде шаруалар қозғалысына сүйенген жауынгер, күрескер ақын. Бұлар өмір сүрген тарихи кезеңнің талаптары олардың ақындық шабыттарына дем беріп, әрқайсысының өзіне лайықты жөн сілтеді, қоғамды ілгері бастырып, халықты азат етудің түрлі жолдарын ұсынды. Махамбет ел тарыққан заманда одан шығар жолды батыл күрестен тауып ,жауына қарсы қол бастаған қолбасшы, әрі батыр, әрі ақын болды.
Ақынның бүкіл өмірі мен ақындық қуаты түгелдей дерлік халық қамына жасалды. Махамбеттің алып жүрегі халыққа атой салған қоңыраудай күмбірлеп, тау құлатар тасқын толқынындай тулап,дамыл таппады. Кеудесін кернеп, халқының мұңы мен зарын толғады.
Махамбеттің көтеріліске дейінгі өмірі мен ақындық қызметі әлі жете зерттелмей келеді. Көпшілікке мәлім тек оның өзі қатынасқан шаруалар көтерілісі кезінде, өмірінің соңғы жылдарында айтқан өлеңдері мен толғаулары ғана. Бұған қарап, ақын таланты тек көтеріліс кезінде немесе содан кейін туа қалды деген тұжырым жасауға болмайды. Махамбеттің де басқа ақындар сияқта қалыптасу, өсу кезеңдерін басынан кешкені даусыз Ақынның ілгері кезінде айтқан, жас жүректің сырын шерткен терең сезімді өлеңдерінің болғаны талассыз.Тек олар жинаусыз, ұмыт қалып келеді.
Махамбет өз кезінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық, білімді адамы болған. Хан сарайы айналасында жүрген Махамбет жас кезінен оқуға мүмкіндік алған. Ал осы сарай жанында бай, төре балаларын оқытатын арнаулы медіреселер болғаны да белгілі.
«... Біз ауылда сергелдеңмен жүргенде өз халқының арасында тамаша кісі болып саналатын қазақпен кездестік. Ол жолы үйге екі серігімен бірге кіріп, кәдуілгі: Сіздер кімсіздер? – деген сауалға: Мені әбден білгенше сұрамаңыздар, - деп өтінді. Оның бұлай сыр шашқысы келмегені бізге ұнамады, бірақ қу қазақ әңгіме бағытын қолма-қол үйреншікті жайттан басқа бір арнаға елеусіз бұра салды. Сөйтіп аз уақыт ішінде өзінің тапқыр ақылы мен шешендігін танытты, тағдырдың мұндай сыйы көбінесе Азия халқы мен тілінің бір артықшылығы. Ол өз сөзін дәлелдеу үшін нағыз құран сөздерін келтірді және оны түсіндіргенде Бұхар мен Самарқанд медреселерінде айта-айта жауыр болған сопылық ереже сөздермен емес, өзінің ойы мен түсінігінен алып айтты. Соған қарағанда, құранды терең оқып, зерттеген тәрізді. Ол Орынбор мен Петербургтегі (ары қарай белгісіз)»
Махамбет – қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қарғысын батыл да ашық айтқан екен. Оларды халыққа жармасқан албасты, аяусыз талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде суреттеді.
Хан-сұлтандар тобына қарсы күрескен халық ерлерінің айбынды күшін суреттеуде де ақынның шеберлігі барынша айқын.
Махамбет Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, сол арқылы күреске аттанған барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді. «Мінген ер», «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Біз неткен ер», «Ұл туса», «Туған ұлдан не пайда», «Исатай деген ағам бар», «Еңселігі екі елі», «Арғымақтың баласы», т.б. өлеңдерінде ақын халықтың ерлік тұлғасын толық таныта алады. Бұл аталған өлеңдер өзінің адамгершілік, ерлік идеяларымен де құнды. Еңбекші халықты хан-сұлтандарға қарсы өшпенділікке тәрбиелейтін өткір тілді шығармалар. Халқы үшін, оның аяулы мекен-жері үшін аттанған ерлердің айбындары айға шабар арыстаннан бір кем емес. Олар – Жайықтың қаңтарда қатқан мұзын тізелерімен бұзып өтер қаһарман ерлер; халық мақсаты үшін қан төккен адал азамат, жауға кеткен ел кегін алудан басқа жеке бас арманы болмаған нағыз қоғамшыл асыл ардагерлер.
Махамбет өлеңдері жігерлі де асқақ романтикаға толы. Ақын қиялы алыс қияға самғап, өмір өрін кезеді. Рас, ақын өзінің «Жалған дүние», «Шашылу», «Қайда бар», «Қаршыға деген бір құс бар», «Тілек», «Жалғыздық», «Тар қамау», «Адыра қалған Нарында», «Шегініс» деген өлеңдерінде мұң-шерге көбірек беріледі. Бұл өлеңдеріндегі ақын өксігі оның творчествосындағы кейбір күйректікті бейнелейді. Бірақ бұл ақын шығармаларының реалистік негізгі сипатын әлсірете алмайды.
Махамбет поэзиясы ХІХ ғасыр әдебиеті қорына өзіндік жаңа леп пен тың идея қосқан жаңашылдығымен құнды. Әрбір сөздерінің образдылығы, қиып түсер өткірлігі, қызу қанды жігерлілігі, нөсердей екпінді, дауылдай долылығы оның поэзиясын өзгеше пафосқа көтерді. Еркіндікті аңсап, атқа мінген арыстан жүректі азаматтар ерлігін аспанға көтере жыр төккен асыл азамат ақынның әрбір сөзі от жалынмен суарылған, көк жүзінде жалт-жұлт етіп ойнаған найзағайдай айбарлы, сұсты.
Махамбет, сонымен бірге қазақ поэзиясында қоғамдық күресшілдік сананы нығайтып, сын-сықақ сарынын қалыптастырды. Қазақ сатирасының қоғамдық, әлеуметтік мәнін күшейтті. Сатира жанрының өткір үлгілерін көрсетіп, кейінгі көп ақындарға ұстаздық етті. Поэзияның көркемдік, идеялық жағынан жетіле түсуіне сүбелі үлес қосты.
Махамбет поэзиясына тән өжеттік, өрлік, өткір сын, әр кезде де кейінгі жастарға үлгі. Ақынның бітім тұлға-тұрпаты, ісі, сөзі – бәрі ерліктің мәңгі символы деуге боларлық.

Достарыңызбен бөлісу: |