Хіх ғасыр – орыс отаршылдығының жаңа, батыл бетбұрыстар кезеңі. Ішкі Бөкей ордасының құрылуы(1801). 1822,1868 жылдардағы реформалар туралы айтыңыз


-сұрақ Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді атаңыз



бет9/15
Дата26.12.2022
өлшемі93.08 Kb.
#467952
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
отаршылдық жауаптары

11-сұрақ
Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді атаңыз
Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны.

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған.


Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.


Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды.


Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған.


Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған.


Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген.[1] Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан.


Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет