Хіх ғасыр – орыс отаршылдығының жаңа, батыл бетбұрыстар кезеңі. Ішкі Бөкей ордасының құрылуы(1801). 1822,1868 жылдардағы реформалар туралы айтыңыз


-сұрақ ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері, көрнекті өкілдері. Айтыстың жанрлық дамуы, әлеуметтік сипаты туралы баяндаңыз



бет2/15
Дата26.12.2022
өлшемі93.08 Kb.
#467952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
отаршылдық жауаптары

3-сұрақ
ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері, көрнекті өкілдері. Айтыстың жанрлық дамуы, әлеуметтік сипаты туралы баяндаңыз

Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап көрсету - әлемдік әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді. Қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр. Мұның мәні қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында. Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр. Сол өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес. Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны, мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің бәрінің көзқарасы бірдей емес. Әрине, олай болуы мүмкін де емес.


Осы орайда А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары XIX ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі. А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы айтыс күйінен «Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады» деп хабар береді. Бұл түйін - айтыстың, дара ақындар айтысының аса жанданған әдеби үлгі, жаңа көркемдік арна екендігін айғақтай түсетін түйін. Мысалыға Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті үлгілерін қарастырудың негізін салды. Әдебиеті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген үлкен екі салаға бөліп, ауызша әдебиеттің жазбаша әдебиеттен айырмашылығын атап көрсетіп берді. Оның арғы-бергі әдебиет үлгілеріне қатысын көрсетеді. Ә.Қоңыратбаев XІX ғасырда туған айтыс поэзиясын беске бөледі. Ілгеріде айтысты зерттеушілер әдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар немесе бәдік жар-жар, мал мен адам, өлі мен тірі, салт, қыз бен жігіт, ру, совет дәуіріндегі деп жіктегенін, М.Жармұхамедов еңбегінде айтыстың он төрт түрі бар деп көрсетілгенін ескертіп айтады. М.Жармұхамедов айтыстағы ақындық тәсілге, айтыстың дәстүрлі сипаттарына кең тоқталады. Қазақ айтыстарының жанрлық табиғатын белгілейтін басты ерекшелігінің бірі деп, белгілі бір айтыстың қайта жырлануда өсіп, түсіндірме қосыла отыратындығын айта отырып, оған «Бақтыбай мен Мәйкө қыздың айтысын» мысалыға келтіреді. Сондай-ақ ғалым айтыстың мұндай түрлері «Мансұр мен Дәме», «Түбек пен Қарқабат», «Біржан мен Сара», «Ыбырай мен Доскей», «Әсет пен Ырысжан» айтыстарында көп кездесетіндігін айтады. Ал, Сыдиқов болса, XIX ғасырдағы ақындардың дәстүрлі айтыс өнеріндегі өзіндік өрнегіне тоқтала отырып, айтыстың жанрлық, даралық сипаттарын айқындай түсер толғамдар жасады. Оған сөз жүйріктері Абыл, Нұрым, Қашаған сынды ақындардың айтыстарын мысал етті.
Темірхан Тебегенов әдеби шығармашылық жөнінен зерттеуде ақындар айтысын үш түрге бөліп қарастырады:
1) Мұсылмандық ағартушылық айтыстар;
2) Еларалық-ұлтаралық айтыстар;
3) Жазбаша айтыстар.
Жалпы, айтысты зерттеушілер XIX ғасырдағы айтыс үлгілерін, сипаттау қисындарын әлі де жан-жақты ойластыра, тереңдете қарастыру керектігін айтады. Қазақтың төл мұрасы – айтыс жанры бойынша үлкенді-кішілі зерттеулер жасағап, еңбектер жазған С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Исмайылов сынды зерттеушілеріміздің айтуынша, айтыс – екі адамның өзара сөз қағыстыруы, сөзбен тартысуы, жарысуы, дауласуы, сынасып-мінесуі, өнер салыстыруы сияқты ұғымдардың жиынтығын қамтиды. Айтыс екі түрде, яғни сөз түрінде және өлең түрінде кездеседі. Қазақ әдебиетінде, жалпы әдебиет көлемінде өсіп-өрбуге, әдебиет жанры ретінде қарастырылатыны да – өлең түрі болып табылады.
Айтыс өлеңдерін, әдебиеттік жағынан қарастырғанда, мазмұны мен тақырыбына қарай екі түрге бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына қарай бөлінеді. Ал, екіншісі – ақындардың шын мәніндегі өзара айтысы. Қазақ айтысының күрделі де қомақты бөлігін осы айтыс түрі құрайды. Алғашқы үлгідегі айтыс өлеңдері халқымыздың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына сай туындаған.Ол міндетті түрде халықтың жиналған жерінде, яғни той-тамаша, ойын-сауық үстінде шығарылатын болған және оны шығарушы ақындар болған. Бұл айтыстардың өзіндік ерекшелігі болған, себебі, ол жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы, бастапқы үлгісі болып табылады. Бастапқыда ол ойын-сауық ретінде жиналған халықтың көңілін көтеру, күлдірту мақсатынан туындаған. Өлең құрылысы жұрттың жаттап алып айта беруіне ыңғайлы болған. Айтыстың мұндай түрінде, нағыз ақындар айтысының үлгісіндегідей, тың тақырып, күрделі де көкейкесті әңгімелер, көкіректі жарып шыққан ой түйіндері мүлдем кездеспейді, керісінше, жеңіл-желпі сөз, әзіл-оспақ, ойын түрінде болып келеді. Тағы бір ерекшелігі – бұл айтыста халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпына байланысты туған әртүрлі ұғымдар мен түсініктері біте қайнасқан.
Әрине, бұны сол кездегі халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты туған айтыстың кемшілігі деп қарастырмау керек. Керісінше, ол – айтыс өлеңдерінің дүниеге қалай келіп, өзінің алғашқы қалыптасу барысында нендей тақырыпқа тоқталып, нені сөз еткендігі жайында аңғартып, мағлұмат беретін басты ерекшелігі деп қарастыру керек. Айтыстың дәп осы түрін - жалпы айтыс өнерінің әдебиеттен алар орнын көрсетіп, ақындар айтысының өніп, өрбіп шығуына себеп болған, үлкен жанр ретінде танылудың негізін қалаушысы, бастамасы болған түйткі ретінде бағалау қажет!
Айтыстың бұл түрін мазмұнына қарай бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Олар: «жар-жар», «бәдік айтысы», «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы» деген бастапқы тақырыптарға бөлінеді. Мұндағы «жар-жар»мен «бәдік айтысы» айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең көне, ескі үлгілері қатарында болып саналады. Қалған «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы» болып саналатын айтыс түрлері халықтың жиналған жерінде жұртты көңілдендіру, сергіту, ән мен жыр қызығына толтыру мақсатында көбірек қолданылған айтыс түрлері болса керек.
«Қыз бен жігіт айтысы» ақын жігіт пен ақын қыздың арасындағы сөз жарысы болып, оны шығарушы да, айтушы да сол қыздар мен жігіттер болғандықтан, халық оны осылай атап кеткен. Бұл айтыс әдеттегідей амандасудан басталып, әдемі қалжың, жарасымды әзіл-оспақ, елді күлдіруге тұрарлықтай күлдіргі жайттарға ұласып отырған. Айтыс барысында қыз бен жігіттің бір-біріне айтылған міні неғұрлым көңілді, құлаққа қонымды болғандықтан, қарсыласының намысына тиіп, ашу-ызасын шақырмаған. Қарсыласын жеңу үшін оның мінін көбірек тауып, сынауға тырысқанмен, ол мін мұқату, әшкере ету, бетін қайырып тастау мақсатымен айтылмаған. Ол керемет әзіл өрнегімен көмкерілген «мін айту» болған. Мысалы, қыз қарсыласының өсіп кеткен сақалына мін тағу арқылы оны ұялтуды емес, дәйім жұртты қыран күлкіге кенеп, жігіттің осы әзілге жөнді жауап қайтара алмай, тосылып қалар-ау деген мақсатпен: Қызға барған ел білсін атағыңды,
Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды.
Қыздан көңілі қалмаған қу көкірек,
Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды...
Сақалыңды айнаға көрші қарап,
Ту құйрықтан маңызды төрт-бес қадақ.
Ауылыңдағы бақалға күзеп сатсаң,
Алты сабын береді, жеті тарақ, -
деп келтірсе, жігіт оған лайықты жауап ретінде халықтың «Сөздің көркі – мақал, адамның көркі - сақал» деген мақалын қолданады және өз тарапынан қыз бойындағы титтей де мінін іздеп табуға тырысады.
Айтыс - кейде осындай сөз сайысына түскен қыз бен жігіттің бір-біріне деген ықыластары болса, сол лебіздерін, іштегі көңіл сырларын айтып қалуға да үлкен мүмкіндік берген (түсінбегендері әзіл түрінде қарап, түсіне білгендері астарлап болса да жауап қайыра білген). Ерте заман айтысына үңіле қарасақ, ондағы ақындар тек өз ойларынан шығарған шумақтарды ғана емес, сол тұстағы халық өлеңдерін де пайдаланып, әнге қосып отырған. Кейде ол қайырма түрінде келсе, кейде тіпті екі ақын да (қыз бен жігіт) өлең шумақтарының алдынғы екі жолын қайталап, ал өздерінің негізгі ойларын кейінгі екі шумаққа сидырып отырған. Олар көбінесе жатталуға жеңіл, тілге орамды, құрылысы он бір буынды өлең түрінде кездеседі.
Жинақтай айтсақ, «қыз бен жігіт айтысы» халықтың ойын-сауық, салтанатына байланысты туындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі «айтыс» жанрының бастапқы үлгілерінің бірін құрап, кейінгі үлкен «айтыстың» негізін салуға себепші болған қомақты жанрдың бірі. Қазақ даласына ислам діні таралғаннан бастап, (тарихтағы келтірілген деректер бойынша XVII ғ. бері) қожа – молдалар, басқа да дін иелері ислам дінін уағыздап, үгіт-насихат жасау үшін поэзияның қосар үлесі мол екендігін біліп, оны тікелей пайдалануға кіріскен. Осы мақсатпен әсіресе айтысты көбірек пайдаланған. Міне осылай «дін айтысы» пайда болған. Әрине ол қайсы бір ақынға келіп «дін» туралы айтысасыңдар деп қолқа салу емес, ол үшін алдын-ала өздері жалдамалы ақындарға уағыз айтып, көпшілікке ақын тілі арқылы діни үгіт – насихат жүргізіп отырған. Олар жұрттың жиналған жеріне үгіт-насихатты тереңірек жүргізу үшін екі ақынға да алдын-ала дін жайында не айтуды, кімдер туралы және қалай айтудың үлгілерін тапсырып қойған. Міне, осындай «саясаттың» негізінде діни тақырыптық айтыс түрі туған. Айтыстың бұл түрі екі ақынның сөз жарысынан гөрі бір-біріне берген сұрау-жауабына көбірек келеді. Айтыстың аты айтып тұрғандай, оның негізгі тақырыбы - дін жайындағы әңгімелер, үгіттер болады. Жиналған барша халықты дін жолына түсіру, діни ұғымдарға иландыру, діни наным –сенімдерді ұстануға жетелеу, үйрету сияқты мақсаттарды көздеген. Бәріне тек бір ғана жаратушы ие «Алла тағаланың» күшіне сену, намаз оқу, ораза ұстау, құран жолымен жүру, пітір-садақа беріп тұру керектігі және тек осыны ұстанған адамдар ғана «жұмақ төрінен» орын алатынын, ал бұған қарсылық білдіріп, сенімсіздік артқан «дінбезерлерді» «тозақ» оты күтіп тұратындығын сөз ететін болған. Қарапайым халыққа жай сөзбен үгіт жүргізгеннен гөрі, олардың сүйікті поэзиясын қолдану қожа-молдалар үшін дін насихатының құралы ретіндегі бірден-бір таптырмас жол екендігі байқалады. Қазақтың айтыс өлеңдеріне дін айтысы елеулі үлес қосып, оның қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізе қоймаған. Бұл тек айтыс жанрының алғашқы үлгілерінің қатарындағы бірі болып табылады. Өлеңдік құрылысына келер болсақ, дін айтысы айтыстардың үздік шыққан тобына жатпайтын, тіпті айтыскерлердің аса қызығушылығын тудырып, жандандырар тақырып болып табылмайтын, тек дін тақырыбының аясында ғана сөз қозғалатын бірыңғай, қара дүрсінді өлең түрінде кездеседі. Халқымыздың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына сай туындаған айтыс өлеңдерінің тағы бір түрі – жұмбақ айтысы.
Ақынның тапқырлығы мен білгірлігіне тікелей байланысты айтыстың бұл түрі айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең күрделі, қиындау түрі десе болады. Осы себепке байланысты ақынның тек суырып салма болуы ғана емес, оның үстіне ол өте тапқыр, көп нәрселерден хабардар, білімді, тез ойлап, табан асты жауап беруге дайын болуы шарт. «Жұмбақ айтысының» қатысушылары жұмбақ қылып жасыратын нәрселерін адамзатқа таныс, деректі заттардан алып, сондай-ақ екі затты бір-бірімен салыстыра білу арқылы жұмбақ шығарған. Дәлірек айтқанда, жұмбақ қылып жасыру аясына кіретін тақырыптар көлемі – жаратылыс дүниесі, аспан әлемі, жан-жануарлар, хайуанаттар, адам және адамның еңбегі мен кәсіп құралы, өнер, табиғат, ілім-білім болған.
Жоғарыда айтып өткен айтыстың қиындығының салдарынан ба, айтыстың басқа түрінен гөрі «жұмбақ айтысына» қатысушы ақындар аз болса керек. Мұның өзі «жұмбақ айтысындағы» айтыскердің аса тапқыр, білімді болуын талап ететіндігінің тағы бір айғағы. Қалай болғанда да қазақ халқы мұндай айтыскерлерден де кенде емес. Олардың қатарында Нұржан, Рысжан, Әсет, Шөкей, Сапарғали, Күңбала т.б. сынды айтыскерлеріміздің аттарын атауға болады. Бұлар айтыстың талабына сай – білгір ұшқыр ойлы, суырып салма, тапқыр айтыскерлер. «Жұмбақ айтысы» өз дәуіріндегі айтыстардың ішінде мәні зор, салмақты айтыс болған. Оның басқа айтыстан ерекшелігі, ол өз айтыскерін көп білуге, ізденуге, жан-жақтылыққа талпындырған. Ал бұл жастардың (тек айтыскерлер емес) білімге деген құштарлығын оятуға, білімді болуға жетелеген. Қорыта айтқанда, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына байланысты туған айтыс өлеңдерінің қай-қайсы болмасын, олар кейінгі туған үлкен айтыстардың, нақтырек, ақындар айтысының бастамасы, негізгі тірегі, ұйытқысы болып табылатыны хақ.
Шөже Қаржаубайұлы - Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш.Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды. Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. «Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады.
Атым Шөже, баласы Қаржаубайдың
Үйде жарлы болсам да,түзде баймын.
Асығымнан алтынға бөлесеңде,
Дүние жүзін көрмеген сормаңдаймын,-деуіне қарағанда, ақын өзінің дүниені өз көзімен көрмеген соқырлығына назалы. Ол барынша батыл сөйлеп, ешкімнің бет-ажарына, бақ-дәулетіне қарамай, тайсалмай, әркімнің мінін бетіне баса ашық айтқан. Шөже айтыстары өзінің өткірлігімен де, шынайылығымен де, сыншылдығымен де көзге түседі. Бізге оның Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тазбала және Қыз ақындармен айтысқан. Шөже Балта ақынмен айтысқанда оны ұрысың, соларға қосылған арам, жемқорсыңдар деп айыптайды. Бұл айыпты Балта теріске шығара алмайды. Балта арқа сүйеген парақор би-болыстар қатты сыналады. Олардың ішінде Шөженің Жолшора қазы мен Алшынбай шонжарға айтқан сындары өте өткір.
Жолшора өзің қазы, әкең Анай,
Бұрып сөйлеп, параны жедің жалай.
Алдында жеті тамұқ, сегіз жұмақ,
Қайсысына кіруің екі талай.
Қажылықпен дүниеде жедің пара,
Бұл сөзді сен айтасың қалай-қалай! - дейді. Балтаның «Ит соқыр» деп айыптаған дөрекі сөздеріне де ақын бұлтарыссыз батыл жауап береді. Балта елінің аға сұлтаны Құнанбайдың да соқыр екенін айтып, мықты болсаң содан құтыл дейді.
Жалғыз соқыр халқына тиышсыз болса,
Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан.
Шөже Балтаны жеңгенде оның парақорларлығын, ұры-қарыларға жақтастығын айтып бет қаратпайды. Сен ұрысың, олар парақор-бәрінің пиылғың бір деп оларды қоса айыптайды.

Сүйінбай Аронұлы-жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701-1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. «Өтеген батыр» жырын шығарып, «Мың бір түн», «Шаһнама», «Көроғлы», «Тотының тоқсан тарауы» дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835] жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: «Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің»- дейді екен.


Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840-1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. «Өтеген батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Қарасай батыр» сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ «Датқаларға», «Үмбетәліге», «Төрт биге», «Момын малын зұлымға алып беріп», т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері («Мақсұтқ»”, «Қасымға», «Болыстарға баға», т.б.) сaқталған.
Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды «айтыс өнерінің алтын діңгегі» атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі ХХ ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.
1929 жылы алғаш рет «Жаңа әдебиет» журналында ақынның «Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?» деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты жинаққа (1931) «Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны» деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы «Сүйінбай ақын» деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген («Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны», «Кәрілік туралы»).
Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Диваев, С.Бегалин, Б.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. «Ақын жырлары», «ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары», «Үш ғасыр жырлайды» атты жинақтарда Сүйінбай шығармаларына кеңінен орын берілген, «Айтыс» жинағының 1-томында «Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы» жарияланған.
Сүйінбай ақынның «Ақиық» атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде «Әлем әдебиетінің кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың «Кәрілік» атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.
Бақтыбай Жолбарысұлы - айтыс ақыны. Жеті жасында жетім қалып, бірнеше жыл Балқаш, Сексеуіл, Шұрық жақтағы нағашыларының қолында болады. Кейін еліне қайтып келіп, бай ағайындарының малын бағады. Жиын-тойларда өлең құрастырып, ақындығын танытады. Ақыры өнері жалшылықтан құтқарып, өлеңнің соңына біржола түседі. Әсіресе, атақты Тезек төремен айтысы (1861) Бақтыбайдың ақындық даңқын бүкіл Жетісу өңіріне әйгілі етеді. Төренің айбынынан ықпай, оның әлсізге жасаған зорлық-зомбылығын бетіне басады. Ақынның өзге де әділетсіз бай, болыс, т.б. мықтыларды әшкерелеген өлең, айтыстары көп.
Бақтыбайдың жекелеген толғау, сықақ, жоқтау өлеңдері көп болғанымен, айтыс өнері оны биікке көтерді. Мәйке қызбен, Арыстан, Жүсіпбек, Әсет, Бәйімбет, Қыпшақбай, т.б. ақындармен айтысы суырып-салма шеберліктің, тапқырлық пен батылдықтың айқын үлгісі. Ақынның «Едіге — Нұран» көлемді дастаны да сақталған. Бақтыбайдың шығармалары 1987 жылы «Жел қобыз» деген атпен жеке кітап болып шықты.
Түбек Байқошқарұлы (1780-1870)- ақын, айтыс өнерінің аса көрнекті өкілі. Абай аулына көршілес Сыбан елінде өскен. Жастайынан суырып салма өлең шығарып, ақындығымен елге танылған.15 жасынан өлеңді серік еткен ақын алқалы жиындарда көптеген ақындармен сөз сайысына түскен. Түбектің Тезек тере, Сабыр бай, Құлмамбет, Қарқабат, Қосан, Бақтыбай, Орынбай сияқты танымал жыр жүйріктерімен айтысына М. О. Әуезов өз еңбектерінде ерекше тоқталып, Түбектің айтыс өнеріне үлкен баға берген. Поляк саяхатшысы А. Янушкевич 1848 жылы Семей облысында болған кезінде Түбек ақынмен кездесіп, бұл туралы өзінің «Қазақ даласына саяхаттан күнделік және хаттар» деген кітабында тебірене жазып, ақын талантына сүйсінген. 1863 жылы атақты Құлмамбет ақынмен Тезек төренің үйінде айтысып жеңуі Түбектің даңқын бүкіл Жетісу өлкесіне мәшһүр еткен.1830 жылы ол Керекуге ақындығымен белгілі болған апалы-сіңлілі Жәкежан, Айымжандарды жеңген. Түбек өзінің суырып салма ақындық өнерімен жас Абайға да үлкен әсер еткен. Ұлы айтыскер ақынды ұстаз тұтып, талантын жоғары бағалаған. Бұл туралы М.О.Әуезов «Абай жолы» эпопеясында шынайы суреттеген. Түбектің талантына орыстың түрколог ғалымы В.В.Радлов, ұлы ағартушы-педагог . Алтынсарин жоғары баға беріп, оның Жанақпен айтысын өздері құрастырып шығарып, жинақтарға енгізген.
Қашаған Күржіманұлы-1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туған. Ол жалшы отбасында дүниеге келіп, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқыметін ерте тартқан. Қашағанның шығармалары тұңғыш рет 1935 жылы «Әдебиет майданы» журналында (№5) жарияланды. Қашаған өз өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға»), адамгершілік, ізгелік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны») дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. «Атамекен» дастанының сюжеті тарихи оқиғаға негізделген. Дастандағы қазақтардың басқыншылыққа ұшырап, батысқа көшуіне, Адайлардың Маңғыстауға бет алуына, сондай-ақ жырда аталатын хандардың өмір сүрген дәуіріне қарағанда, шығарма, негізінен XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы жоңғар басқыншылығын, «Ақтабан шұбырынды» кезеңіндегі елдің ауыр тұрмысын суреттеуге арналған. Сол дәуірдегі батырлар бейнесін ашқан. Жоңғар басқыншылығы көрініс тапқан. Халықтың басынан кешкен тағдыры баяндалады. Дастандағы жер-су аттары қазір де бар. Қашаған Күржіманұлының «Топан» дастаны төрт бөлімнен тұрады. Бұл шығармасында табиғат сұрапылына ұшыраған Атырау елінің қыруар малы мен жаны, мекен-жайы суға кетіп, баспана, азық-түліксіз калған қайғылы ел көп қиындық көргені баяндалады. Ақын ел басына түскен сол ауыр күндердің куәсі болып, халық мұңына ортақтасып, осы дастанын жырлаған. «Адай тегі» шығармасы аңыз хикаяға құрылған. Толығырақ мына сілтемеден жүктеп ала аласыздар! Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Бұл кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады. Өмірі мен шығармашылығы А.Жұбановтың «Қазақ композитарларының өмірі мен творчествосы» (1942), Қ.Сыдиықұлының «Ақын-жыраулар» (1974), Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиеті. XIII-XIX ғ.ғ.» (1981) деген еңбектерінде және «XIXғ. қазақ ақындары» (1988) деген зерттеулер жинағында қарастырылған. Қашаған І.Жасүгіровтың «Көбік шашқан» поэмасының басты кейіпкерлерінің бірі. Қашаған шығармаларын өз айтуынан естіп, хатқа түсірген-ақынның немере інілері Көшен Өсербаев пен Шәдіман Үсембаев сияқты жыршылар мен Темірғали Күнтуғанов секілді жинаушылар. Әсіресе ақынның мол мұраларын жинақтауда, қағаз бетіне түсіртуде әрі ҚР ҰҒА-ның қолжазбалар қорына өткізуде ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы көп еңбек сіңірді. Қашаған Күржіманұлы - өз кезеңінің белді, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақыны.Ол 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған. Қашаған Күржіманұлы айтқан екен... *** Дауылұлы Шаубай деген байдан Қашаған соғымдық мал сұраса, ол арық лақты ешкі беріпті. Ақын оны саудагерге әкеліп, Шаубай сараңдығын жиналған көпке айтып береді: Саудагер жігіт, кұлақ сал, Мынау Шаубай бай берген қара ешкі, Әр жері шұбар ала ешкі. Аузын ашып қарасам, Дауыл түгіл, оның әкесі Ержанның тұсында да бар ешкі. Соңында бар лағы, "Шек"дей келіп ақырсам, Тіпті есітпейді құлағы. Сатайын деп екеуін, Өзіңізге келіп отырмын. Екеуі төрт кез матадан Артыққа міне өтпейді, Бес кез матаға жетпейді. Шаубайдың берген жәбірі Тіріде естен кетпейді. Сояйын десем, жануар, Борбайында дымы жоқ, Сорпаға шығар шыры жоқ. Қабыртқалары қасықтай. Омыртқалары асықтай, Жей алмай тұрмын жасықты-ай. Талай топқа салармын, Тұра тұр, Шаубай, асықпай. *** Қашаған бірде Мұрынқұл байдың ауылына келеді. Ауыл-аймақ жиналып, жыр айтқызады. Түн бойы жырлаған ақынға сараң бай шай-су да бермейді. Сонда Қашаған байды былай деп састырыпты: Көбентайдың Мұрынқұл, Бүгін емес, бұрынғың. Мырза емесіңді білемін, Таң атқанша жыр айттым, Аз да болса, ырым қыл. *** Жаяулық тауқыметін тартқан Қашаған тапқанын беріп, бір ат сатып алады. Саудагердің мақтап сатқан аты аяғын баспайтын шабан боп шығады. Сонда айтқаны: Қуаңдаған қу Бисен, Өтірікші су Бисен, Маған сатты бір атты, Шәртік қарын сұр атты. Қазанаттай қампитып, Түріменен тоқ қылды. Он бес күннің ішінде Үш қамшымды жоқ қылды. *** Өкшесі ойылып, табаны сойылып, қой артында азап шегіп, қарыны ашып, қойшы бала Қашаған таяғын жерге шаншып, шапанын күрке етіп жата қалса көзі ілініп кетеді. Баланы бір шал түсінде қолынан тартып тұрғызып: - Дорбалап аласың ба, қапшықтап аласың ба? - деп сұрайды. -Бергеніңді аламын дейді Қашаған. Қара кісі қолын жайып бата береді. - Өнер бердім, елге шаш дейді. Қашаған осыдан кейін суырып салма ақын болады. Қашаған ұйқыдан атып тұрса, жүрегі кеудесіне сыймай бір нәрсе керіп бара жатады, ал қой болса ұзап кеткен екен. Алқына жүгіріп мал шетіне жете бергенде, жел айдаған бір түйеқарын қойды дүрліктіре үркітіп, ұзатып әкетеді. Ызаланған Қашаған осы жерде іле шала түйеқарынға өлең шығарады: -Ассалаумағалейкум, түйеқарын! Адасқан ақылынан сен бір жарым. Келдің де қия шеттен қойды үркіттің, Алдыңда білмейсің бе қойдың барын? Және түйеқарын болып іле жауап береді: -Уағалейкумассалам, түйеқарын! Адасқан ақылынан дейсің жарым Жол жүріп алыс жерден келе жатсаң Алдыңда білер ме едің ненің барын?!
Марабай Қүлжабайұлы (1841-1898) - ақын, жырау. Жасынан өлең-жырға құмар болып ақындық, жырау өнеріне машықтанған, атақты Шернияз ақыннан үлгі алған. Жұмырбай, Көкейқыз, Базар, Қашаған, Сүгір ақындармен айтысқан. Марабай эпостық шығармаларды кең насихаттаушылардың бірі. Н.И. Ильминский Марабайдан «Ер-Тарғын» жырын жазылалып (1862), жеке кітап етіп шығарған.Ы. Аптынсарин «Қобыланды батыр» жырын жазып алып, «Тайбурылдың шабысы» деген тарауын «Қазақ хрестоматиясына» енгізген (1879).Марабай жырлаған «Қобыланды батыр» дастанын Ә. Диваев Ташкентте бастырған. Абай Марабайдың жыр, дастандарымен жақсы таныс болған.«Осы қазақ халқында сіз білетін ірі ақын кім?» деп сүраған Көкбайға Абай:- «Қазақта Марабайдан артық ақыңды мен білген емеспін»,-деген екен. Ұлы ақын Марабай шығармаларын біліп қана қоймай, оған осылайша жоғары баға берген.
Сара Тастанбекқызы 1853 жылы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Матай-Қатағай елінде туып өскен. Әкесі Тастанбек ерте өліп, оның інісі Жайсаңбектің қамқорлығында қалады. Сара жетімдік зардабын шегіп, жоқ-жітік көріп, тұрмыс тауқыметін тартып өскен. Шешесі Уәзипа, інісі Сахари сол ауыртпалықтың салмағына шыдамай ерте тізе бүгіп, қаза тапқан. Ал, Жайсаңбек болса, бойына біткен қайратын жұмсап, өнімді еңбек ете алмай, бұзықтар құрған тұзаққа өзін де, жасөспірім Сараны да іліндіріп алып азап шеккен. Таяуда жарияланған Өтепберген Ақылбекұлының мәліметі Қалихановты толыстырып, нақтылай түскен. Сараның өмірін, айтысын бұрмалаудан арашалап, ғылымға керек деректер берген. Біз осы соңғы табысқа жүгінеміз. Ол Сараның 1853 жылы туып, 1907 жылы өлгенін, 1871 жылы Біржанмен айтысқанын, Қарашоқыдағы зиратқа жерленгенін (Қапал ауданы), Біржанның көмегімен азат болып, Бекболға қосылып, бес бала сүйіп өмір кешкенін, әкесі Тастанбек пен шешесі Уәзипаның шағын шаруасының болғанын анықтады. Сараның ақындық өнерінің шыңы – Біржанмен айтысы. Бұл – ақындар айтысы өнерінің үздік үлгісі дерлік тұтас туындысы. Өзінің әлеуметтік мәнімен де, көркемдік суреттілігімен де, поэтикалық тапқыр тілімен де құнды, шынайы шығарма.
Сара Тастанбекқызы – XIX ғасыр қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан көркем сөздің белгілі шешені. Халық поэзиясы үлгісінде өмір бойы жыр төккен ақпа ақын. Халық поэзиясының суреттілік сапасын көтеріп, көркемдігін зорайтқан, өзіндік өнерпаз. Еш шалдырмас топтан озған жүйрік. Асыл сөздің сарқылмас кені. Поэзиямыздың қыздан шыққан кемеңгері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет