3.Радиоактивті химиялық элементтерді атаңыз?
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі—радиациялық ластану болып отыр.Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын –алу сипатында ғана болады.Себебі,табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері және басқа механизмдері жоқ.Қоректік тізбе бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп,қатерлі мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Табиғатта радиоактивті элементтердің екі түрі кездеседі.Олар :табиғи радиоактивті элементтер және жасанды радиоактивті изотоптар.Табиғи радиоактивті элементтерге уран,торий,плутоний және басқалар жатады,ал жасанды радиоактивті изотоптар -күрделі физикалық қондырғыларда (ядролық реакторлар тездеткіштерінде) ядролық реакциялар жасау нәтижесінде пайда болады.
Радиоактивті элементтердің ыдырау мерзімі мыңдаған және миллиондаған жылдар бойына созылады.Радиоактивті ыдыраудың ең басты түрлері: альфа, бета ыдырау,электронды қармау және ядроның өздігінен бөлінуі.
Альфа ыдырау өздігінен болатын радиоактивті ыдырау.Ол кейде атом ядросының альфа бөлшектерінен бөлініп шығады.
Бета ыдырау радиоактивті ыдырау кезінде атом ядросынан немесе позитроннан бөлініп шығады.Альфа және бета ыдыраудын нәтижесінде иондалатын сәулелер пайда болады.Альфа ,бета және гамма сәулелер өте күшті болады..Олар тереңдігі 27 см судан,қалындығы 17,4 см темірбетоннан ,қалындығы 76 см қорғасыннан өтіп кетеді.Олардың иісі мен дәмі болмайды,көзге көрінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |