Химия кафедрасы орта білім беру ұйымдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын басқару



бет3/11
Дата10.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#126462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бақылау сұрақтары:

  1. Басқару,әлеуметтік басқару,педагогикалық жүйелерді басқару дегендер не?

  2. Әлеуметтік басқарудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіздер.

  3. Педагогикалық жүйелерді басқару-әлеуметтік басқарудың түр ерекшелігі екендігін дәлелдеп шығыңыздар.

  4. Басқару функциясына анықтама беріп, педагогикалық басқарудың негізгі функциялары қандай екеніндігін атап көрсетіңіздер?

  5. Педагогикалық анализ(талдау)-басқару қызметінің бөлінбес бөлшегі екендігін дәлелдеңіздер.

  6. Неліктен басқару қызметін жоспарлауды жүзеге асыру қажет?

  7. Басқаруды ұйымдастырудың негізгі мазмұны қандай?

  8. Басқарудың басқа функцияларын реттеу мен бақылау өзара қалай байланысқан?

  9. Педагогикалық жүйені басқарудың негізгі принциптерін атап шығыңыздар.

  10. Білім беру жүйесін басқаруда педагогикалық менеджменттің қажеттілігін дәлелде.


3- дәріс

ҚР білім беру жүйесі

Жоспар:

  1. Білім беру жүйесінің мәні мен ұғымы. Оның құрылымы.

  2. Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты.

  3. Білім беру жүйесін басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара қарым-қатынасы.

Ұғымдар: білім беру жүйесі,мемлекеттік түрлі білім беру мекемелері, білім беруді басқару ұйымдары, мемлекеттік білім беру стандарттары,білім беру саясатының принциптері.

1 Білім беру жүйесі өзара әрекеттестіктегі жиынтықтардан тұрады:

  • Бір ізбен келе жатқан білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік білім беру стандарттарының түрлі деңгейі мен бағыттары;

  • Оларды мекемелерінде желілік(тораптық) жүзеге асыруда,олардың ұйымдасу-құқықтық формасы,типі мен түрлеріне қарамау;

  • Білім беруді басқару ұйымдары және оған бағынышты мекемелердің ҚР «Білім туралы заңында» нақты ашып айтылуы.

Білім беру жүйесінің орталық құрылымдық элементі болып-білім беру мекемесі табылады. Білім беру мекемесі деп сол мекеме аталады,егер ол ҚР «Білім туралы заңында» аталған,білім беру стандартында белгіленген белгілі бір білім беру бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын болса.

Білім беру мекемесі өзінің ұйымдасу-құқықтық формасы бойынша: мемлекеттік,әкімшілік, мемлекеттік емес(жеке меншік,жексенбілік мектеп,қоғамдық мекеме, діни ұйым оқулары) болып келуі мүмкін.

Білім беру жүйесінде төмендегідей білім беру мекемелерінің типтерін бөліп көрсетуге болады:


  1. Мектепке дейінгі:бөбектер мен балалар бақшасы;

  2. Жалпы білім беретін(бастауыш,шағын қамтылған,орта білім беретін) мектеп, гимназия,лицей т.т.

  3. Бастауыш кәсіби білім беретін,орта кәсіби білім беретін мекемелер(колледж),жоғарғы кәсіби білім беретін(иниститут,академия, университет ), жоғарғы білімнен кейінгі(магистратура, аспирантура,докторантура,курстар,қайта дайындықтан өту,біліктілікті арттыру) білім алу;

  4. Арнайы(коррекциондық) ақыл-есі кемістерді т.т. оқыту:мылқау,зағип т.т. арналған мектептер.

  5. Балаларға қосымша білім беру мекемелері: музыкалық,көркемөнер,айтыс,спорт,балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы,жас техниктер үйірмесі т.т.

  6. Ата-ананың қамқорлығынан айырылған балаларға, балаларды түзету мекемесіне түскендерге,тұл жетімдерге арналған мекемелер:интернаттар,балалар үйі т.т.

  7. Білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың басқа да мекемелері.

Тұлғаның мүмкіндігі мен қажет етушілігін есепке ала отыра,білім алудың түрлі формалары қолданылады:білім беру мекемесіндегі (күндізгі, күндізгі-сыртай/кешкі/,сыртай формалар),жанұялық білім беру формасы,экстерн,өз бетімен білім алу сияқты формалары да бар.

2 Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің қабілетінің бір ерекшелігі-мемлекеттіктен білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық түріне өту болып табылады. Мемлекеттік-қоғамдық басқарудың мәні мемлекет пен қоғамның білім беру проблемасын шешуде бірлесе әрекет етуінен тұрады. Білім берудің мемлекеттік сипаты елімізде 1992 жылғы «Білім беру заңымен» бекітілген біртұтас мемлекеттік саясаттан танылып,кейінгі қабылданған заңдарда (2007 жылғы) көрініс тапты. Онда қоғамдағы өзгерістерге сай білім берудің жалпы принциптері мен мазмұны белгіленген.

ҚР «Білім туралы» 2007 қабылданған заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері төмендегісінше түзілген:



  • Білім берудің гуманистік сипаты,жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті,адам денсаулығы мен өмірі,тұлғаның еркін дамуы. Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтыққа тәрбие.

  • Мемлекеттік,мәдени және білім беру бағдарламасының бірлігі. Көп ұлтты мемлекет (титулды ұлттан басқа аралас, орыс, өзбек,тәжік және ұйғыр мектептері) жағдайында ұлттық мәдениет пен аймақтық мәдени дәстүрлерді қорғау(дұңған,түрік,украин т.б.жексенбілік мектептері).

  • Білім берудің қол жеткізілімдігі;білім беру жүйесінің бейімделушілігі мен шәкірттер мен тәрбиеленушілердің дайындығы.

  • Мемлекеттік,қоғамдық білім беру мекемелеріндегі білім берудің зайырлық сипаты.

  • Білім берудегі еркіндік пен өзара сын.

  • Білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік және әлеуметтік-қоғамдық сипаты. Білім беру мекемесінің дербестігі.

Қазақ мемлекеті азаматтардың нәсіліне, ұлтына,тіліне,жынысына,жасына, денсаулығына, әлеуметтік шығу тегіне, діни сеніміне қарамай білім алуына құқық береді.

Білім алу сипатын жүзеге асыру үшін мемлекет білім берудің төмендегідей салаларын құрады:республикалық,облыстық,аудандық және қалалық.

Білім беруді басқаратын мемлекеттік ұйымдарының құзарына мыналар кіреді:


  • білім беру бағдарламасы мен стандартын жасап шығу;

  • мекемелер мен мұғалімдерге аккредитация мен аттестация жасау;

  • білім беру мекемелері желілерін қалыптастыру мен жобалауды дамыту;

  • білім беру жүйесінің бюджеттік және қаржылық салалары бойынша ҚР заңдарының орындалуына бақылау жасау.

Қазіргі білім беру жүйесінің ахуалына тән сипат- орталықсыздану үрдісі. Ал,ол мынадан тұрады,мемлекет ұйымдары дамудың стратегиялық бағытын жасап шығады, облыстық, аудандық нақты ұйымдастырушылық, қаржылық, кадрлық, материалдық проблемаларды шешеді.

Мемлекеттік ұйымдармен қатар білім беру жүйесін басқарудың қоғамдық ұйымдары да құрылады. Олар мынадан тұрады: мұғалімдер мен оқушылар ұйымдары, ата-аналар мен қоғамдық өкілдерден.

Белгілі бір ұжымдық ұйымдардың бірі-заңда аталынған мектеп кеңесі.

Кеңес қатаң белгіленген күні, кешкісін әр айдың төртінші сейсенбісінде бас қосады. Отырыс ашық сипатқа ие. Онда көтерілген мәселелерді тыңдауға және талқылауға әр кім ерікті. Қыркүйек айында ай сайынғы қарастырылатын сауалдар тізімі бекітіледі: оқу жылының қорытындысы, балалардың денсаулығын жақсарту,мектеп асханасының жұмысы, мектеп кіре берісіндегі күзет бекеті, мектеп мұғалімдері арасындағы «Ең сүйікті жетекші», оқушылардың өзін-өзі басқаруының жағдайы, үйірмелер мен шығармашылық бірлестіктер қызметі, қиын оқушылармен жұмыс т.т. «Ата-ана – оқушы – мұғалім» үштағанын дұрыс жолға қою.

Әр тоқсан сайын Кеңес кеңейтілген жағдайда өткізіліп, оған барлық сыныптардың ата-аналар комитеті шақырылып, күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелер талқыланады. Жылына бір рет жалпымектептік ашық конфереция өткізіліп, оған дауыс беруғе құқықты Мектеп Кеңесі мүшелері мен ата-аналар жиналысы ұйғарған өкілетті өкілдермен бірге барша қатысамын деушілерге есік ашық болады.

Әлеуметтік қажеттілік











Кіру «балдырған»




Шығу «түлек»

Осылайша, басқарылған Мектеп Кеңесі шынайы басқару институтына айнала алады.

3) Білім беру жүйесі-қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігінің жиынтығы деп қарастыруымыз керек.

Л. Фишманның («Білім беру менеджменттін модельдеу») зерттеуінде айтылатыны, білім беру жүйесін басқару дегеніміз – басшылық пен білім алушыларды өзара әрекеттестігі болып табылып, ол қоғамның білім алуға деген қажеттілігін жүзеге асырады және қамтамасыз етеді, оған білім алушы мен мемлекеттің нақты қажеттілігі енеді.

Білім беру жүйесі тұлғаның ашық түрдегі әлеуметтену институты болып табылады, бірақ та, ол сонымен бір мезетте білім алушыны бір жағдайдан екіншісіне өткізетін жалғыз фактор еместігін де ескергеніміз орынды. Білім беру жүйесінің функциясын қоғамның әлеуметтік қажеттілігі тудырып отырады.

Басқарушылық көқарас тұрғысынан ең басты жүйе құрушы факторлардың бірі-педагогикалық процеске қатысушы барша субъектілердің өзара әрекеттестігіндегі ақпараттық сипат болып табылады. Мектеп білім беру жүйесі- күрделі де, көп деңгейлі құрылымы бар болып келетін, жартылай функцияланған әлеуметтік педагогикалық жүйе деп қарастырылады. Осы жүйенің бөліктері болып: шәкірт, педагог, басшы, оқу-тәрбие мен техникалық қызметкерлер, ата-аналар мен қоғам мүшелері танылады. Атап айтатыны, білім беру жүйесін басқарудың басты заңдылығы-оқушының тұлғалық қалыптасуы процесіндегі әкімшілік, педагогикалық, жанұялық, қоғамдық өзара әрекеттестігіндегі, мақсат пен міндеттің жүзеге асырылуы жолындағы, бірлік болып табылады. Сондай-ақ, ерекше маңызға ие нәрсе-оқудан тыс әлеуметтік институттар (біліктілікті арттыру мекемелері, курстар, кәсіби бағдар орталығы, музыка мен көркемөнер мектептері, өнер мектептері, балалар шығармашылығы үйі, жас техниктер станциясы т.т.) мен мектептің өзара әрекеттестігі.

Егер мектепті жалпы білім беру жүйесі аясында қарастырар болсақ,онда атап айтарымыз, ол басқарылатын және басқаратын ашық жүйе болып табылады. Сол себепті,оған үнемі ақпараттар алмасуының жүзеге асуы жатады. Осындай циклділік жеке мектептерге ғана тән емес, бүкіл қазақ білім беру жүйесіне тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет