«Химия» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып


С «Азот және күкірт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет20/34
Дата02.04.2024
өлшемі1.08 Mb.
#497357
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
11 тжб

11.3С «Азот және күкірт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты 11.2.1.7 Азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру
11.2.1.9 газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
11.2.1.12 Азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;
11.2.2.2 Тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
11.2.1.18 Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы

  • Азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін сипаттайды

  • Газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция

теңдеулерін жазады

  • Азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерінің

артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді

  • Тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығарады

  • Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін сипаттайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындалу уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1.(а) «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасының көмегімен азот молекуласындағы химиялық байланысты көрсетіңіз:

(b) Азот монооксиді атмосферада найзағай жарқылы кезінде түзіледі. Неліктен, азот қалыпты жағдайда атмосферадағы оттекпен әрекеттеспейді, химиялық қасиеттері бойынша азот молекуласының салыстырмалы түрде инертті екенін түсіндіріңіз.
2. (a) Студент төменде суретте көрсетілген қондырғыны құрастырды.

Газ тәрізді хлорсутек молекуласы мен газ тәрізді аммиак молекуласы түтіктің ішінде толығымен қозғала отырып бір-бірімен әрекеттесіп, ақ түсті қатты зат түзеді.
(і) Молекуланың кездейсоқ қозғалысын қалай атауға болады?
(іі) Ақ түсті түзілген тұздың атауы (ііі) Сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз.
(b) Аммиактың судағы ерітіндісі немесе аммоний гидроксиді басқа негіздер сияқты қышқылдармен, қышқылдық оксидтермен, тұздармен әрекеттеседі. Көпнүктенің орнына қажетті заттарды жаза отырып, реакция теңдеулерін аяқтаңыз:
NH4OH + H3PO4 = ……. + ……….
NH4OH + P2O5 = ……. + ……….
NH4OH + NH4HSO4 = ……. + ……….
3.(a) (і) Табиғатта азот оксидінің қышқыл жаңбырды туғызатын реакция теңдеуін жазыңыз:
(іі) Заманауи автокөліктердің қозғалтқыштарының газ шығару жүйесіне NO сияқты ауаны ластайтын газдардан тазартатын каталитикалық конвертерлар орнатылған. NO газын түтін құрамынан жоятын теңестірілген реакция теңдеуін жазыңыз.
(b) Тыңайтқыштар — құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өзен-көлдерге «биогенді элементтердің», көбінесе азот және фосфор қосылыстарының артық мөлшерінің түсуі әсерінен ластанып, судың сапасы нашарлайды.
(і) Бұл процесс қалай аталады?
(іі) Азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды артық мөлшерде қолданудың кемшіліктерін түсіндіріңіз. Толық негізделген жауап беріңіз.

  1. Массасы 100 г пиритті өртеген кезде газ бөлінді. Бөлінген газды бөгде заттар қоспасынан тазалап, ол газды қарай 128 г натрий гидроксиді ерітіндісін бейтараптау үшін пайдаланды. Бастапқы пириттің құрамындағы бөгде заттардың және таза заттың массалық үлесін есептеңіз.


  1. (a) Қазіргі кезеңде күкірт қышқылын өндірудің негізгі әдісі жанасу әдісі болып табылады. Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесінде өндірісте пайдаланылатын құрылғылар атауларын рет-ретімен дұрыс (көрсетілген реттік нөмірлері бойынша) тізіп көрсетіңіз.


    1. қайнаған қабатта күйдіруге арналған пеш;

    2. кептіргіш мұнара;

    3. циклон;

    4. сіңіру мұнарасы;

    5. жылуалмастырғаш; 6) электрофильтр; 7) байланыс аппараты.

(b) Күкірт қышқылын жанасу әдісімен өндірудің негізгі үш сатысын сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңыз және осы реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіңіз:

    1. саты:………………………………………………………………………………………

    2. саты:……………………………………………………………………………………… 3 саты:………………………… ……………………………………………………...........

(с) SO3 шығымын арттыру үшін қандай жағдайлар тиімді болады? Өз пікіріңізді түсіндіріңіз:
(d) Олеум дегеніміз не? 30 % олеум алу үшін массасы 100 г 91% күкірт қышқылының ерітіндісіне қанша грамм күкірттің триоксидін қосу екенін есептеңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет